Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл

11 қараша 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жаңа жылдық сценарий
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен тәрбиеші кіреді.
Тәрбиеші: Келді, міне, сағындырып далама, Келді, міне, Жаңа жыл қалама
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер
Би билеп ән салып беріңіздер! Мерекені Жаңа жылды қарсы алып.
Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе ата - аналар бүгінгі жаңа жыл ертеңгілігін
бастауға рұқсат етіңіздер.

Жаңа жыл мерекесін тойлауға келген түрлі кейіпкерлерді қарсы алайық.

Ән: «Аппақ аппақ жапалақтап»

1. Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
2. Кең пейілді, мол мейірімді,
Сағынышпен табысқан,
О, алақай аяз ата.
Келе жатыр алыстан.

3. Кел билейік үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыл.
Құтты болсын² жаңа жыл.

Музыка әуенімен кіреді.
Қолдарында шырша ойыншықтары бар.

Аққала: Балалар шетінен әдемі. Ой, неткен әсем шырша! Сәлеметсіңдер ме балалар, сәлеметсіздер ме қонақтар! Жаңа жыл мерекесі өтетінін біліп, шыршаны безендіруге келіп едім, сендер шыршаны әдемі етіп безендіріп қойыпсыңдар, мен үлгере алмай қалдым. Бірақ шырша керемет болып тұр.
(басын бүгіп мұңаяды)
Тәрбиеші: Шыршаны безендіруге алып келген ойыншықтарың қандай әдемі! Аққала сен бұған бола мұңайма, сенің мұнда достарың көп, солармен бірге билеп, жаңа жылдық мерекені тойла.

Би: «Аққала»

Осы кезде келеді. (Музыкамен)

Қарға: - Құтқарыңдар, құтқарыңдар. Балалар сендерге сыйлықтарын алып келе жатқан Аяз – ата мен Ақшақарды Мыстан кемпір сиқырлап тастады.

Тәрбиеші: Балалар, біз Аяз - атаны құтқаруымыз керек. Егер Аяз - ата болмаса Жаңа жыл мерекесі өтпейді.

Аққала: Енде не істейміз? Қалай құтқарамыз.
Қарға: жүріңдер, Аяз - атаны мыстанның сиқырынан құтқарайық. Жаңа жыл мерекесі өтпесе балалар бізге ренжиді.

Музыка әуенімен Аяз - атаны құтқаруға Аққала мен Қарға жолға шығып кетеді.
(Музыка ойнайды шығып бара жатқанда)

Тәрбиеші: Аққала мен Қарға Аяз атаны құтқарып келеді.

Залға кіріп келеді. (музыкамен)

Мыстан: Неге әдемі болып, күшті киімдеріңді кидіңдер. Жаңа жыл мерекесі болмайды. Себебі мен сендер асыға күтіп отырған Аяз ата мен Ақшақарды сиқырлап тастадым. Ха - ха - ха.
Тәрбиеші: Мыстан кемпір, балалардың көптен күткен Аяз - атасын жібер. Мерекемізді бұзба.
Мыстан: Менің бір шартым бар. Сол шартымды балалар орындап, жеңсе Аяз - атаны жіберемін, жеңілсе онда жібермеймін.
Тәрбиеші: Ол қандай шарт?
Мыстан: Менімен ойын ойнайсыңдар. Сол ойында мені жеңсеңдер тілектерің орындалады.
Тәрбиеші: Балалар, қане, Аяз - атаны құтқару үшін, мыстанмен бірге ойын ойнап, жеңіске жетейік.

Ойын: «Пиманы кім тез киеді?»

Мыстан: Жарайсыңдар балалар! Сендер менің сиқырымды жеңдіңдер, Аяз - атаны құтқардыңдар. Ендеше мен барып, Аяз - атаны сиқырымнан босатайын.

Мыстан кемпір залдан шығып кетеді. (Музыкамен)

Тәрбиеші: Мыстан кемпір Аяз ата мен Ақшақарды сиқырынан босатқан болар.

Аққала қуанып жүгіріп келеді. (Музыкамен)

Осы кезде қар жауады
Аққала: Бұл не қылған ақ ұлпа?

Тәрбиеші: Бұл Аяз атаның аязы, қырауы. Өзінің келе жатқандығын
ескертіп тұрғаны. Қане балалар Аяз ата келе жатқан сияқты, бәріміз Аяз атаны қарсы алайық.
Хормен: Аяз ата, Аяз ата.

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым, Амансың ба, қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан, Асау желмен жарысқан,
Аталарың сіздерге, Шаршап келді - ау алыстан.
Ақшақар: Алыс - алыс, алыстан, Көз жетпейтін ғарыштан
Жұлдыздардан самғаған, Армандардан аңсаған,
Мұхиттардан шулаған, Дауылдардан тынбаған,
Қырдан дара - қиырдан, Ақшақар келді асығып.
Амансыңдар ма, балалар?!

Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл. жүктеу
2 248
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік
Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік
Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен бірлікпен достықпен өткізуге баулу.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
"Қош келдің Жаңа жыл!"
"Қош келдің Жаңа жыл!"
Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық, баршамыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық
Келді міне, Жаңа Жыл
Келді міне, Жаңа Жыл
Ау, жарандар, ал қараңдар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Тым алыстан, Марстан Келіп Аяз атамыз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×