Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз - ұлы тұлға

06 тамыз 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұстаз - ұлы тұлға
(сахна сыртында Ұстаз туралы өлең оқылады)
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ - даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз»деген аяулы асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең.

1 - ші жүргізуші: Армысыздар құрметті де аяулы ұстаздар!
Құтты болсын мереке баршамызға,
Жүріңіздер үнемі алдымызда.
Ұстаздар тыншымайтын еңбекқорлар
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,
Зердесін болашақтың зерлетпеңдер.
Қадірлі ұстаздарға арналған: «Ұстаз - ұлы тұлға» атты кешімізді бастаймыз.

2 - ші жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан - салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне
Әуелеген ән жолданады.
Ән: «Достар»

1 - ші жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа арналған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналған тілегіңіз.
Толғау: Ұстаздарға арнау

2 - ші жүргізуші:
Ұлбосын, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі! Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге сондай жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын!

1 - ші жүргізуші
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, шәкірттеріңіз көп болсын!
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!

2 - ші жүргізуші:
- Сен қалай ойлайсың, Ұлбосын? Менің ойымша, кез - келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбек керек.«Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген бекер айтылмаса керек.

1 - ші жүргізуші:
Дина, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтуғын адамның алтындығы - деп ақын Ғафу Қайырбеков атамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан ұстаздардың бар болғанына мақтаныш етем. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік.

2 - ші жүргізуші:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алда әлі
Ән - шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
Алдарыңызда «Ұстазым менің»әнімен оқушылар

1 - ші жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерінің өзінен өзғанын.

2 - ші жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей болып күлімдеген жарықсыздар.

1 - ші жүргізуші:
Дина, екеуіміз енді сыныптастарымыздан ұстаз туралы қандай нақыл сөз білетіндерін сұрайық
Азамат: Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Балауса: Ұстазға қарап шәкірт өсер.
Дінмухамет: Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр.
Аяжан: Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Айбек: Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.

2 - ші жүргізуші
Ұлбосын, екеуіміз ұстаздар жайлы қанша мақтау сөз айтсақ та таусылмас сөз кезегін оқушыларға берелік

Аружан: Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз ана, дана бола алады.
Ең бастысы ұстаз мына өмірде
Ұлағат боп ұлылық боп қалады.
Айбар: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар.

1 - ші жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл мен қыз
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,- дей келе сыныбымыздың бишілерін ортаға шақырамыз.
Би: орындайтын қыздар

2 - ші жүргізуші:
- Ұлбосын түсіндірме сөздікпен жұмыс жасасақ қалай қарайсың?
- Қане баста.
Каникул - жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік - үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика - мен түгіл әкемнің тісі бата бермейтін «жаңғақ»
Дос - бақылау жұмысында дәптеріне жаздырғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
Сабақ - үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы - әжеме айтатын басты сылтауым.
«Апайға айтам»- қыздардың негізгі қаруы.

1 - ші жүргізуші:
Дина, ұстаздарымыз бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздардан сынақ алып көрсек қайтеді?
2 - ші жүргізуші:
- Сен сонда ұстаздарымызбен орын ауыстырсақ дейсің бе?
1 - ші жүргізуші:
- Ия, ия.
2 - ші жүргізуші:
- Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханды бастаймыз.

Сұрақтар:
1. Домбырада жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не?(әріп)
2. Бұл санда қанша әріп болса, сонша сан бар. Ол қай сан?(жүз)
3. Жел соққанда тау ық бола ма?(ық болады)
4. Теңізде қандай тас болмайды?(құрғақ)
5. Ертістің ортасында не бар?(т әрпі)
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не?(тұз)

1 - ші жүргізуші:
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
Ән орындайтын қыздар

Мұғалім: Г. О. Жылкыбаева
Ұстаз - ұлы тұлға. жүктеу
1 710
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздар мерекесі
Ұстаздар мерекесі
Балаларға ұстаздар, олардың тәрбиесін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатының балалардың санасына жеткізуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлаған.
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Ұстаз – ұлы тұлға
Ұстаз – ұлы тұлға
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің мұғалімі Изтлеуова Замзагүл
Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу
Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ешепетова Айгүл
Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!
Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінің мұғалімі Шепенова Ләззат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×