Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны

18 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
Жоспары:
1. Сапқа тұрғызу
2. Қонақтармен таныстыру
3. ҚР мемлекеттік туын көтеру
ҚР әнұраны
5. Мектеп директорының құттықтауы
6. 1 - сынып оқушыларының тақпақтары
7. Ата - аналар атынан құттықтау сөз
9. Алғашқы қоңырау салтанаты
10. Қорытынды сөз
11. Оқушыларды мектепке кіргізу
Сыныптар: 1 - 11 сыныптар
8. 30 – Музыка жіберу
8. 50 – Сапқа тұрғызу
09. 00 – фанфары жіберу
Жүргізуші:
Мектеп деген білім күні, жыр күні,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені

- Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және жас ұрпақ, жасөспірімдер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, сағынышқа, шаттыққа толы алғашқы қоңырау мерекелеріңіз құтты болсын! «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиынымызға қош келіпсіздер! Тәуелсіздік алған мемлектеттердің ең алғаш жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сайлап алу. Бүгінде өркендеп өсіп келе жатқан жас мемлекетіміздің рәміздеріне 20 жыл толып отыр. Алғашқы әнұранымыз 1992 жылы 4 маусымда қабылданған болатын. Ал жаңа өңделген нұсқасы 2006 жылы қабылданды. Авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.
Сіздерді Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздерінің 20 – жылдығымен құттықтаймыз!
Әнұраным, әнұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім, сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Бақыт, бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні.
Мәңгі - бақи шырқалады,
Қазақстан әнұраны!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру Қарабұлақ орта мектебінің 11 классының озат оқушысы Зейнекен Сағынышқа тапсырылады!
Назар аударыңыздар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін!
ҚР әнұраны орындалсын!
Айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ. Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымыз ашық деп жарияланады!
Бүгінгі жаңа оқу жылы мерекелеріңізбен құттықтау үшін сөз кезегін Қарабұлақ орта мектебінің директоры Жақас Тоғызбай ағайға береміз!
Білім күні мерекесіне құрметті қонақтарымыз қатысып отыр:
1) Аудандық білім бөлімінің бас маманы Адай Шәріп ағайға:
2)
3)
4) Сонымен қатар мектебіміз биылғы оқу жылында жас мамандармен толығуда. Солардың бірі мектебіміздің түлегі Неталина Шамшырақ. Ендігі сөз кезегін жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатуға дайын келген жас мамандарға береміз!
Жүргізуші:
Қазақстанның Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күні, оның аясында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Матаның сол жолағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Күн шұғыла, өрнек және қыран бейнесі – алтын түстес. Тудың авторы - Шәкен Ниязбеков. Еліміздің Мемлекеттік Туы мемлекеттік мекемелерде қолданылады.
Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құстың үні бар.
Ою басқан мөп – мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген Туы бар.
«Атамекен» хор: Мектебіміздің 7 кл оқушылары
Жүргізуші:
Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шашылған. Оны аңыз әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан. Ал төменгі жағында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Шот - Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны. жүктеу​​​
272
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі
Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар. Міне, бүгінгі қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп және бірінші сыныпты аттағалы отырған мектепті асыға күткен мектептің мерекесі
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенова Айнұр Меңдігерейқызы
Алғашқы қоңырау!
Алғашқы қоңырау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапаққөл орта мектебінің тәлімгері: Нуржанова Жанат Құмарқызы
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
2017-2018 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР мемлекеттік туын енгізу 4. ҚР әнұраны 5. Қала әкімінің құттықтауы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.