Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адалдық – ардың ісі

25 қыркүйек 2023, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Адалдық – ардың ісі
Мақсаты: Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету;
Күтілетін нәтиже: Оқушы ізденіске ұмтылады, оқығанын талдап, мәнін аша біледі, ой қорытады, аз сөзбен түйіндеуге дағдыланады. Адами қасиеттерді, адалдық, шыншылдық, әділдікті бойына сіңіреді. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуға дағдыланады.
Құндылықтарды дарыту: Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.
Сабақтың басы 10 минут
Тыныштық сәті. Релаксациялық әуенді қосу, «Теңіз жағалауында» жаттығуын өткізу.
- Ыңғайланып отырыңдар. Асықпай «өмір тынысын» алыңдар.(2 - 3 рет). Мүмкіндігінше бұлшықеттеріңді босатып, денелеріңді жұмсартуға тырысыңдар... Енді көздеріңді жұмып, елестетіңдер. Бар зейіндерің менің дауысым мен әуенде болсын...
Сен үлкен көк теңіздің құмды жағалауында демалып жатырсың. Денеңді кеудеңе дейін теңіздің жылы суына малып, бетіңді күннің ыстық шуағына тосып, рахаттанып жатырсың. Көздерің жұмулы. Теңіз толқындары ырғақпен келіп, жағалауға соғылған сәтте, сен де толқынмен бірге тербелесің. Күн ыстық. Мұрныңа әлсін - әлсін теңіз балдырларының иісі келіп жетеді. Теңіздің біркелкі шуылы мен шағалалардың дауысы үйлесімді естіледі... Толқындар келеді де кетеді. Енді бүкіл сана - сезіміңмен түйсініп, сезінуге тырыс: әр жолы келіп - кеткен толқын сенің денеңе соғылғанда, бойыңдағы шаршап - шалдығуды,... мазасыздық пен күйзелісті,... өзіңе деген сенімсіздігіңді,... өмірде кездесетін әділетсіздікке деген күйініш сезіміңді, қысқасы, барлық жағымсыз сезімдерді өзіне тартып алып, алысқа әкетіп жатыр... Толқын сенен алыстаған сайын, денең сергіп, жеңілдеп қалғаныңды байқайсың. Келіп - кетіп жатқан толқындардың ырғағымен тыныста: демал - дем шығар, демал - дем шығар, демал - дем шығар... Бірер сәттен соң сабаққа оралуға дайындалыңдар...
Ой қозғау: Арабтарда «Әділ сұлтан дер кезінде шөлде жауған жауыннан да жақсы» деген мақал бар. Мақалдың мағынасы қалай деп ойлайсыңдар:
Бүгінгі пікірсайыс тақырыбы: Адалдық - ардың ісі
Халқымызда «ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП», «Адамның әдемілігі шыншылдығында», «Ақихат сөзде алалық жоқ», т. с. с керемет ұлылық сөздер бар.

Адалдық – ардың ісі. жүктеу​​​
51 201
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Адалдық пен адамдық
Адалдық пен адамдық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, адалдық сезімдерін ұғындыру. 1. Білімділік: адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
Адалдық пен адамдық
Адалдық пен адамдық
Адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
Тәртіп пен парыз
Тәртіп пен парыз
Дұрыс әрекет Қасиеттер: әдептілік, ұқыптылық, адалдық. Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Адалдық. Дәулет Қасенов
Адалдық. Дәулет Қасенов
Астана қаласы, № 8 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Сексенбаева Серіккүл Аббасқызы
Дәулет Қасенов «Адалдық»
Дәулет Қасенов «Адалдық»
Ақтөбе қаласындағы № 51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі Бердеева Айнагуль
Адалдық пен әділдік
Адалдық пен әділдік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру. 1. Білімділік: адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×