Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл тағдыры – ел тағдыры

03 қыркүйек 2023, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тіл тағдыры – ел тағдыры
Мақсаты: Оқушыларға ана тілдің маңызды екендігін айту, ана тілін құрметтеуге үйрету. Ана тілі туралы тақпақтар, өлеңдер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздерді оқыту арқылы, оқушының сөздік қорларын молайту, тіл байлығын дамыту. Ана тілін сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.
Мұғалім: Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді. Ана тілімізсіз іс өрге баспақ емес. Болашағымызды баянды етер қаруымыз – тіліміз. Ана тілімізді құрметтейік.

І. Ұйымдастыру.
Интеллектуалддық ойын 7 кезеңнен тұрады.
1. «Мақал - сөздің мәйегі» мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
2. «Білгенге маржан» ұяшықтағы сөздерден синоним, омоним қатарларын табу.
3. «Тіл байлығы» ұяшықта жасырылған тіркестердің мағынасын ашу.
4. «Сөз мерген» тіл туралы шағын ой толғау жазу.
5. «Болмасаң да ұқсап бақ» әр ұяшықтан өлеңді жазу.
6. «Сұрақ – жауап»
7. «Ұшқыр ой» 3 минутта сөздер құрап шығу.
Ана тілі
Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,
Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғалымды.
Өзге ананың мазмұнына, мерейіне тор құрар,
Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.
Нарық ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?
Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,
Ана тілін сыйламаған, сыйламайды халқында.
Туған тілім бабан тілі өз тілім,
Туған тілім анам тілі өз тілім.
Туған тілім далам тілі өз тілім,
Туған тілім адам тілі өз тілім.
Туған тілде сұра терең жаным бар,
Туған тілде намысымен қаным бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

1 - оқушы: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер күні» ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі.
Мұғалім: Ұлттық тіл – әр халықтың өзіндік ой - санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім - түйсігін, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық аты бар да жоқ тобыр.
2 - оқушы:
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құраным.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
3 - оқушы:
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
4 - оқушы:
Ақыл – ойдың данасын,
Ана тілден алатын.
Ана тілін ардақтап
Ақ сүтіндей анамның. Өсірген ой білімді,
Сүйем туғам тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнің терең білуді.
5 - оқушы:
Ана тілін біздің туған анамыз,
Анамызды сыйлап бағып қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұл деп қараңыз.

Тіл тағдыры – ел тағдыры. жүктеу​​​
2 405
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру. Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
Туған тілім - тірлігімнің  айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз.
22 қыркүйек – тілдер мерекесі
22 қыркүйек – тілдер мерекесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп-лицей орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сисенбаева Алтынгүл Талғатқызы 9 сынып Сабақтың тақырыбы: 22 қыркүйек – тілдер мерекесі Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Ең бірінші бақытым – тілім менің
Ең бірінші бақытым – тілім менің
Ең бірінші бақытым – тілім менің» тақырыбында өткізілетін танымдық сағатымызға қош келдіңіздер! Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×