Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарттар күні мерекелік бағдарламасы!

20 қыркүйек 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Қарттар күні» мерекелік бағдарламасы!
Жүгізуші: Булякбаева Гулнур: Қайырлы күн, қымбатты да аяулы әкелер, ақ жаулықты аналар!
Ведущая: Иссакова А: Здравствуйте, дорогие гости!
Жүгізуші: Булякбаева Гулнур:
Ұрпағына жол ашқан, мұқалмаған қаншама қиындықтан,
Жасымаған қарттарым, өмірінің сан - сала сырын ұққан.
Табиғаты керемет, таудай мүсін байсалды қариялар,
Шежірелі жүрегі, баталы ауыз жаралған жылылықтан.
Асқарындай таулардың, күмістей боп ақ кірсе де басыңа,
Заңғар ойлы қарттарым, мұқалмағын, қартайсаң да жасыма.
Ұлы көштің сынығысың із тастаған, қарттығыңды ұмытып,
Бір жасарып қалғандай бір шөбереңіз келген кезде қасыңа.
Ақылыңа ақ саусақпен жас кекілді сипап қана айтатын,
Арға балар, алтынменен сатып алмас байлығымдай байқадым.
Болашағың өскен сайын қуанасың, шүкірлікпен жас алып,
Көкірегіңде қуаныш бар көздеріңнен көрсем дағы қанша мұң.
Шынымен де, жылдан жылға бұл күн «Қарттар күні» дәстүрлі мерекеге айналып келеді. Жыл сайын сіздерді көрген кезде, жүректеріңіздің қуанғанын, кәріліктің сыр алғанын жылы жүздеріңізден байқаймыз.
Ведущая: Иссакова А: Летят года, за ними не угнаться —
Спешат часы, сменяя день за днём…
Но знаю, не устану удивляться
Тем временем, что осенью зовём.
Всё в нём высоко, мудро и прекрасно:
И золото листвы, и снега чистота.
В нём мудрость зрелых лет окликнет вдруг внезапно,
В лукавых зеркалах светлеет седина…
Октябрь — дождливый месяц в ожиданье снега
Итог труда, любви, веселых летних дней
В знак преклоненья перед жизнью человека
Нам дарит праздник пожилых людей.
Хорошо, что стало доброй традицией отмечать День пожилых людей. — Этот день – день благодарения за тепло ваших сердец, за отданные работе силы, за опыт, которым вы делитесь с молодым поколением, с вашими детьми и внуками – то есть с нами.
Жүгізуші: Булякбаева Гулнур: Ортамызда қадірменді қарттар бар,
Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар.
Арқасында нардың жүгін артқандар.
Омырауға қос - қос орден таққандар.
Дей келе кешімізге келген қонақтармен таныс болайық.
М. ғ. к. Торгаева Карылгаш Галиевна, Каптильный Митрофан Афонасивич - инжинер, м. ғ. к. Щурина Н. И
Құрметті әкелер, әжелер, қасиетті қариялар, сіздердің бүгінгі мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде ән - шашу таралғы еткелі отыр, қабыл алыңыздар.
Cарманбетова Н. Ән: «Асыл әжем»
Ведущая: Иссакова А: Возрасту нужно сопротивляться. Надо поддерживать не только тело, но в гораздо большей степени дух, ведь и они, если в них, как в светильник, не подливать масла, гаснут от старости. Старость не должна быть праздной, ленивой и сонливой! Мы одобряем молодого человека, в котором есть что - то стариковское, а также одобряем старика, в котором есть что - то молодое; тот, кто следует этому правилу, может состариться телом, но духом не состарится никогда.
Матембаева М. Стихи “Ана”
Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.
Шат жүріп - ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.
Бұл дүниеге онсыз - дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?
Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
II
Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге,
Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе?
Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен,
Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен.
Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап,
Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста - ақ..
Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп,
Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп…
Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға.
Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға.
Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің,
Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім.
Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері,
Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді.
Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені,
Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері.
Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен,
Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем.
Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін,
Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін!
Ведущая: Иссакова А: Всё – таки немного неправильно сегодняшний праздник называть Днём пожилого человека, это зачем – то лишний раз подчеркивает гнёт лет и проблем, с которыми вы сталкиваетесь в своей жизни. Было бы более правильно называть этот праздник Днём Мудрого человека. И, как нельзя, кстати, на ум приходят поэтические строки:
Этот день наполнен пеньем птиц,
Детвора гербарий собирает,
Ну а мне сиянье детских лиц
Сердце тёплым светом наполняет.
Не дано сейчас предугадать,
Кто какой по жизни путь проложит,
Только мудрость может подсказать
И ошибки впредь подправить может.
Жүгізуші: Булякбаева Гулнур:
Құзы терең, кең құлашты шалқардай,
Ғасырлардан сырлар шертіп, айтардай,
Отырады үй төрінде қомданып,
Бұрынғының аңқылдаған қарттары - ай!
Кең даланың қоңыр лебі - үнінде,
Дархан елдің даналығы - тілінде.
Тамылжыған табиғаттай табиғи,
Тозбай келген кешегі мен бүгінде
Жүгізуші: Булякбаева Гулнур: Әкелер!
Мәңгі өшпейтін атақ - даңқың,
Жүрегімнің лаулатып отын жақты.
Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,
Сендер ғой маған берген осы бақты.
Аналар!
Қарыздармын өзіңе мен,
Қайыспай қиындыққа төзе білген.
Жүздеріңді әжімдер басқанымен
Баяғы бәз жүзіңдерің өзгермеген.
Ортаға Сержанова Гулзираны «Аман болшы, қарттарым» баяндамасымен шақырамыз.
Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік - тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір - түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс - шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады. Алайда, қарттар үйіндегі жанары жәутеңдеп, есік пен терезеге телміріп отырған апаларымыз бен аталарымызды бұл жұбата алады ма? Замандастарымыздың тоғыз ай құрсағында көтеріп, дүниеге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп асыраған анасы мен қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай ер жеткізген әкесін қарттар үйіне әкеліп қамауларына не себеп болғандығын кім білсін?
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата - анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел - бақытты ел.
Сондықтан ел басына күн туған, қиын - қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!
Қарттар күні мерекелік бағдарламасы! жүктеу​​​
1 726
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 қазан қарттар күніне мерекелік бағдарлама. Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария
1 қазан қарттар күніне мерекелік бағдарлама. Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария
Дүниеге келер бір рет Дария кеуде тау мүсін Құрыштан құйған құдірет Қарттарым аман саумысың?
Қарттарым аман – сау жүрші
Қарттарым аман – сау жүрші
Жұмақ жолы ата - ананың қасында, Қаяу түспей, бала көңіл жандарға. Аялайық, әлпештейік құрметтеп, Тірісінде бағалайық бағамдап.
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар, Ақыл кенін арқалаған аталар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған, Зейнет емес бейнеттен арылмаған. Тәңірімдей табынып өтем мәңгі, Қариялар өзіңді ел
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі. Жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, кішіге қамқор болуға, ата - бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қарияларды
Қарттарым –асыл қазынам
Қарттарым –асыл қазынам
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×