Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

20 қыркүйек 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сайыс
Тақырыбы: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
(Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы)
Тақырыбы: «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан» (мәнерлеп оқу сайысы).
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен нақыл сөздерімен таныстырып өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру;
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, талапты болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу..
Типі: сайыс.
Көркемдігі: слайдтар, Абай туралы жазылған нақыл сөздер, суреттер.

Өтілу барысы:
Армысыздар, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және білім алушылар!
Ақыл - ой ақындықтың киесі - Абай!
Түгел сөздің түбі бір жүйесі - Абай!
Адалдық, ар ұяттың данышпаны
«Өлең - сөздің патшасы» иесі Абай!, демекші бүгінгі өткізгелі отырған «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан» атты мәнерлеп оқу сайысымызға Қош келдіңіздер!
Абай - қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы. Сондықтан Абай сөзімен айтқанда, адам болам десеңіз, абай жолымен жүріп, ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін бойға сіңіре беріңіздер деп айтқым келеді.
Сайысымыз үш кезеңнен тұрады.
1 - кезең «Абай әлемі»
Яғни, бұл кезеңде ақын өмірінен берілген сұрақтарға жауап бересіңдер
2 - кезең «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» бұл кезеңде сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа орындауы тиіс.
3 - кезең «Абай айтқан асылдар» бұл кезеңде сайыскерлер берілген нақыл сөздердің жалғасын табады.
Олай болса мәнерлеп оқу сайысын бастайық
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып кейінге қалдырған кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнімен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
Абай дана,
Ғұламасы ғасырдың
Жырларында жабырқау жоқ, жасым мұң,
Өлең болып бізге жетті өнегең,
Сәулесі боп
Өлең деген асылдың
Жырларында тұнып тұрған ұлылық,
Жабырқасам жаңға құяр жылылық.
Абай деген - жұмбақ әлем, биік шың,
Болғаным жоқ әлі өзіңді ұғынып.
Олай болса, мәнерлеп оқу сайысының қатысушыларын ортаға шақырайық! Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі бәйгеге қазылық ететін алқа мүшесімен таныс болайық:
. Барлық қатысушыларымызға сәт сапар тілеп, сайысымызды бастаймыз!
Ақынның ата - қоныс жері қандай?
Ата - баба, әулиеті, тегі қандай?
Ақынды тебіренткен, күңіренткен
Ұшқын ұя, ортасы, елі қандай?- дей келе, сайысымыздың бірінші «Абай әлемі» атты кезеңі бойынша сұрақтарға жауап береміз.
1. Абай қай жерде дүниеге келген?
(Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыс тауының бөктерінде)
2. Абай қай күні, қай жылы туылған?
(1845 жылы 10 тамызда)
3. Абайдың руы, қандай ортадан шыққан?
(Тобықты)
4. Абайдың шын аты? (Ибраһим)
5. Абайдың әкесінің аты кім?
(Құнанбай)
6. Әжесінің аты кім? (Зере)
7. Абайдың анасының аты кім? (Ұлжан)
8. Абай неше жасқа дейін оқыған? 13
9. Абай кім? (Ақын, сазгер, аудармашы)
10. Қандай өлеңдерін білесіңдер?
(Жаз, қыс, күз, көктем жыл мезгілдері туралы)
11. Абай туралы кім зерттеп жазған? (М. Әуезов)
12. Абайдың қандай аудармаларын оқыдыңыздар? ()
Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты
Үлгі тұтып бәйтеректей алыпты,
Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ қайдасың,
Өлеңдер оқып өзіңді бір танытшы - дей отырып, сайысымыздың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» деп аталатын келесі кезеңге бастайық.
Бұл кезеңде сайыскерлеріміз өздерінің жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтады.
(слайд таныстыру)
Асыл сөзді іздесең,
Абай оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге,- деп С. Торайғыров жырлағандай, сайысымыздың ең соңғы кезеңі «Абай айтқан асылдар» деп аталатын 3 - ші кезеңімізді бастаймыз. Яғни, бұл кезеңімізде сайыскерлеріміз нақыл сөздердің жалғасын табады.
1. Сенде бір кірпіш дүниеге «Кетігін тап та, бар қалан)
2. Білімдіден шыққан сөз (Талаптыға болсын кез)
3. Атаның баласы болма, (Адамның баласы бол)
4. Бес дұшпан:
5. Талап, еңбек, терең ой (Қанағат рахым, ойлап қой)
6. Досы жоқпен сырлас (Досы көппен сыйлас)
7. Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті(ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
8. Өткірдің жүзі, кестенің бізі (Өрнегін сендей сала алмас)
9. Толғауы тоқсан қызыл тіл (Сөйлеймін десең өзің біл)
10. Еңбек қылсаң ерінбей (Тояды қарның тіленбей)
11. Әсемпаз болма әрнеге (Өнерпаз болсаң арқалан
Әннің де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар
Ақылдының сөзіндей ойлы, күйлі,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар - деп айта отырып Абай атамыз сазгер ретінде де бізге мәлім.
Сол Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» деп аталатын әнін тыңдап алайық.
Сайысты қорытындылау:
Абай барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар - ұятты, ұлттық намысы. Абай шыққан биік, Абай байлаған тұңғиық қазақ халқының шыққан шыңы, ой түбіне сүңгіген тереңі. Сондықтан Абайды оқымаған, сөзін көңіліне тоқымаған, тым құрыса бір өлеңін жатқа білмейтін оқушылар болмауға тиіс. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер жазушы Мұхтар Ауезов «Мен Абайды тереңінен шөміштеп қана ішем» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен демін ғана таттық ғой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық. Сабағымызды қорытындылай келе, Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтаймын. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» дей келе, біз де Елбасымыздың атқан сөзіне қосыла отырып,
Асыл сөзді іздесең Абайды оқы, ерінбе – дей келе «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан» атты мәнерлеп оқу сайысын аяқтаймыз.

Есболова Нұржанат
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан. жүктеу
3 795
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз» Абай Құнанбаев
«Күз» Абай Құнанбаев
Күз өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады. Ақын Абай Құнанбаев жайлы мағұламаттары кеңейеді.
Күз өлеңі Абай Құнанбаев
Күз өлеңі Абай Құнанбаев
Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
Абай Құнанбаевтың табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
Абайдың өмірі
Абайдың өмірі
Абайдың ұлылығын, оның поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып, нығайту. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
«Білгір – ана» интелектуалдық сайыс
«Білгір – ана» интелектуалдық сайыс
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы ұйымдастырушы педагогы Қоханова Алия Елеубергеновна
Күз Абай Құнанбаев
Күз Абай Құнанбаев
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×