Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Бауырсақ» ертегісі қуыршақ театры

27 қаңтар 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі қуыршақ театры.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызығушылықтарын арттыру. Бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
 Балалар: Қыс мезгілі
Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
 Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
(Қыс айларын атау)
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Ойын «Аққала құрастыру»
Сонымен балалар, мына суретке назар аударыңдар.
- Бұл суретте қандай ертегі бейнеленді?
- Шалқан
- Дұрыс айтасыңдар. Шалқанды орысша қалай дейді?
- Репка
- Жарайсыңдар балалар, ал Шалқанды кім екті?
- Ата
- Шалқан қандай болып өсті?
- Үлкен
- Ал мына суретте қандай ертегі бейнеленген?
- Бауырсақ орысша қалай дейді?
- Колобок
- Олай болса, балалар, бүгін қандай ертегіні тамашалайтыңдарыңды білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер мұқият тыңдап жұмбақтың шешуін табуға тырысыңдар.
1. Далада жүр шапқылап, керемет тым саққұлақ
Тек есіктен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ.
Балалар: - Қоян
Мұғалім: - өте тамаша!
2. Өзі қу, жүрген жері айқай шу
Балалар: - Түлкі
3. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні
Балалар: - Қасқыр
4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады.
Балалар: - Аю
Мұғалім: - Жарайсыңдар, балалар!
5. Өзі қып - қызыл болып піседі
Күнге ұқсас келеді
Балалар: - Бауырсақ
Мұғалім: - Өте, керемет!
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
 – Ұн неден алынады? (Бидайдан)
 Мұғалім: Бауырсақтың түсі қандай?
  Бауырсақ: Сары.
Мұғалім: Бауырсақтың пішіні қандай?
Бауырсақ: Домалақ, шеңбер.
  Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.
Ал ендеше біз бүгін Бауырсақ ертегісін қуыршақ театры арқылы тамашалаймыз.
Автор сөзі: Ерте заманда бір ата мен әже өмір сүріпті. Бір күні ата әжеге:
Мұхамбет: Маған бауырсақ пісіріп берші,- дейді.
Адам: Неден пісіремін? Көп болды үйде ұн жоқ.
Мұхамбет: Әй әже – ай! Сен қамбаны сыпырып, қуыс – мүйісін қырна осылайша қалған – құтқан ұнды жина.
Автор сөзі: Бауырсақ тегіс, домалақ, сырты қызарыңқырап әдемі болып піседі. Әже бауырсақты суытуға терезе алдын қояды. Бір өзі жатып - жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп әрі қарай домалай жөнеледі. Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келіп оған қоян кездеседі. Қоян айтады:
Әбілмансұр: Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеймін!
Автор сөзі: Бауырсақ оған былай деп жауап береді:
Сабира:
Мен саған өлең айтып беремін:
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
  Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Автор сөзі: Осылайша бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Қоян оны дұрыс қарап та үлгермей қалады.
Автор сөзі: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келеді.
Бағлан: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.
Сабира: Қасқыр, сен мені жеме. Оданда мені тыңда. Мені атам мен әжем қаймаққа былғаған, майға пісірген бауырсақпын. Мен атадан қаштым, мен әжеден қаштым, мен қояннан кеткен бауырсақпын, мен, қасқыр, сенен де кетемін.
Автор сөзі: Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Алихан: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!
Сабира: Жоқ, аю, сен мені жеме
Оданда, мені тыңда
Мен атамнан, әжемнен
Қоянан, Қасқырдан
Кеткен бауырсақпын,
Аю сенен де кетемін.
Автор сөзі: Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ домалап келе жатса, алдынан түлкі шығып:
Шамиль: Бауырсақ, бауырсақ, Мен сені жеймін.
Сабира: Жоқ, Түлкі, сен мені жеме
Оданда мені тыңда
Мен атамнан, әжемнен
Қоянан, Қасқырдан, Аюдан,
Кеткен бауырсақпын,
Түлкі, сенен де кетемін.
Автор созі: Оған қу түлкі былай дейді:
Шамиль: Мен сенің айтқаныңды тыңдар едім, бірақ қазір қартайып құлағымның естуі нашарлап жүр, тұмсығыма отыр да, айта ғой!
Сабира: Түлкі, сен мені жеп қайтесің! Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.
Түлкі келіседі.
Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі
 Қоянға сәбіз, Қасқыр мен Түлкіге ет, Аюға бал береді. Ал Бауырсақ терезенің алдында
  өзінің әнін айтып отырады.
Балалар ертегі сендерге ұнады ма? Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.) - Өте жақсы! - Ал, түлкі ше? - Түлкі қу, айлакер. Бірақ, бауырсақ өзінің ақылының арқасында қу түлкіден аман - есен қалып, аңдармен дос болып қалады.
Осымен ертегі аяқталады да, рольдерде ойнаған балалар ортаға шығып бастарын изейді.

351
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Мектепке дейінгі жас балалардың қабілеттілігін, бейімділігін және сондай - ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең.
Бауырсақ ертегісін сахналау
Бауырсақ ертегісін сахналау
Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын арттыру.
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау. Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеті мен жүріс тұрыстарын қызығушылықтарын қалыптастыру
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
«Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой - қиялын дамыту. «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
- Балалар, қараңдаршы қарлығаш өзімен бірге көптеген суреттер әкеліпті. Қанекей көрейік, қандай суреттер бар екен? - Пияз, орамжапырақ, шалқан, сарымсақ. - Балалар мұның бәрін бір сөзбен «көкөністер» деп айтамыз.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші Досанова А. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.