Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ас – адамның арқауы

09 желтоқсан 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты: Ас – адамның арқауы.
Мақсаты: 1. Адамның өміріндегі астың маңызды рөлін түсіндіру, дұрыс тамақтану
Тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын түсіндіру.
2. Оқушылардың білімін, ой – өрістерін, тілдерін, ойлау, таным -
дық қабілеттерін дамыту.
3. Денсаулық сақтауға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кітапшалар, брошюралар, журналдар, мақал – мәтел -
дер, оқушылардың салған суреттері.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, ойындар, түсіндіру, топпен жұмыс, топтардың презентациясы.
Барысы:
І Ұйымдастыру
Тренинг. Жақсы тілек айту.
Оқушыларға денсаулық тілеу. Оқушылар да бір – біріне жақсы тілектер айтады.
ІІ Негізгі бөлім
1. Қызығушылығын ояту.
Сұрақ қойылады:
«Ас – адамның арқауы» дегені калай түсінесіңдер?
Әр бала өз пікірін айтып, ортаға салады.
2. Мағынаны тану.
1. Топтық жұмыс.
1 - топ. Адам ағзасы, дұрыс тамақтанудың жолдары туралы айтып, әңгімелейді.
2 - топ. ХХІ ғасырдағы неше түрлі аурулардың шығу себебін іздестіреді, өз ойларын айтып, түсіндіреді.
3 - топ. «Тісі ауырған бегемот» ертегісін ойдан құрастырып, тісті күту жолдарын айтады.
Топта жазуға, сурет салуға немесе ауызша айтуға дайындалады.
3. Ой толғаныс.
Топтардың презентациясы.
Әр топ дайындаған жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.
4. Ойын «Ұлттық тағамдар»
Ойынның шарты:
Балалар тағамдардың атын айтып, оның денсаулық үшін қандай пайдасы және зияны бар екенін айтып беруі керек.
Мысалы: ет, қазы, жал, жая, шұжық, қатық, ірімшік, сүт, айран, шұбат, қымыз, сүзбе т. б.
ІІІ Қорыту.
Әр бала бір мақал – мәтел айтып қорытады.
Ет етке, сорпа бетке.
Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама!
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Өзі тоймастың көзі тоймас.
Өле жегенше бөле же.
Ауру астан,
Дау қарындастан.
Тәні саудың жаны сау.
Көзің ауырса, қолыңды тый.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Ауру азығымен.
Әрдайым, балалар, дұрыс тамақтануды естен шығармайық. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі екенін ұмытпайық!
4 193
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құпиялары
Оқушылардың өз денсаулығына жаңаша көзқараспен қарап, оны сақтауға үйрету, балалардың өз денсаулықтарын сақтауға, тазалыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық - адам өміріндегі ең үлкен байлық. Денсаулықтың арқасында адам еңбек етеді, жетістікке жетеді және бақытты өмір сүреді.
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық - адам өміріндегі ең үлкен байлық. Денсаулықтың арқасында адам еңбек етеді, жетістікке жетеді және бақытты өмір сүреді.
Қос сөздер. Денсаулық
Қос сөздер. Денсаулық
Денсаулық тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу. Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×