Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең үлкен байлық - денсаулық

22 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты:
Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік - денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, карточкалар, тірек - сызба, мақал - мәтелдер.
Барысы

Кіріспе: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ең үлкен байлық - денсаулық»деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық - ел дамуының басты арқауы.
Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.

Ой ашар сұрақтары:
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
Ә) Тіс тазартатын құралдар(тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)
В) Адам өміріне ең қажетті заттар(ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
Г) Жалқаудың досы(еріншектік пен ұйқы)

Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?
Жалпы сұрақ:
1. Жеке бас гигиенасын сақтау - таза жүру, таңертеңгі жаттығуларды жасау, жүгіру, жуыну. Тырнақты өсірмей уақтылы алып жүру. Күн тәртібін сақтау.

2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуу, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау.

3. Жеміс – жидектерді жуып жеу. тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. Спортпен айналысу, таза жүру.

4. Әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып таза жүрсе ауру жоламайды.
Ал байлық дегеніміз не?
Байлық
Табиғат мал білім машина
Саябақ денсаулық ақша

Біз ана тілінен М. Дулатовтың «Байлық»әңгімесін еске түсірейікші. Әңгіме бойынша қойылым көрсетіледі.
Міне, балалар ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырсыңдар. Денің сау болса, білім аласың, еңбек етесің.

Тапсырмалар: Әр топқа жеке тапсырма беріледі.
1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?
3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?(3 мин)
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

(Есікті қағып Жалқаубек келеді)
- Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.
Міне сендерге әкелдім деп сөмкесінен шығара бастайды.

Мұғалім: Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы дәрігерден сұрайық. Құрметті дәрігер, газды сусын, сағыз, чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма?

Дәрігер: Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
Мұғалім: Ал, көп балалар жақсы көретін сағыз туралы не айтасыз?
Сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті.
Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.

Мұғалім: Сізге рахмет, дәрігер.
Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдар ма?
Ал қандай тамақ пайдалы?

Керекті нұсқаулар: «Өмір сүру ережелері»
Мұғалім. Су - денеңді шынықтырады. Күш - қуат береді.

Таза ауада серуендеу.
Аптасына бір тәулік ас судан бас тарт, асқазаның демалады.
Шаңғы теуіп, оппа қарда ойнау.
Қоршаған табиғатты сүй аяла! Жерге түкірме, қақырма, қоқыс тастама! Бұл - сенің денсаулығың.
Үлкен кісілермен амандасып жүру. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.
Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.

Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол.
Ауыра қалсаң көп уайымдама.
Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.

Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Е - Емнің алды - еңбек.
Н - Негізгі байлық - денсаулық.
С - Саулық - байлық негізі.
А - Ас - адамның арқауы.
У - У ішсең өлерсің.
Л - Ластың досы - шыбын.
Ы - Ыдысы тазаның ырысы таза.
Қ - Қотыр қолдан жұғады.

Салауат маманына сөз беріледі Ақжайық Ботаевна

Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»атты жолдауында
Денсаулыққа, спорт пен туризмге көп көңіл бөлінген,
Қазақстандықтардың 30% бұқаралық спортқа тартылсын және де спорттық кешендер салынсын. Дәрі - дәрмектердің 50% өзімізден шығарылуы тиіс делінген. Бұл - үкіметіміздің ұрпақ денсаулығына қатты көңіл бөліп отыр.

Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар. Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.

Денсаулықтың достарына нелер жатады?
Ұқыпты да, әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?
Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
Салауатты өмір салты дегеніміз не?
17 967
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсінеді.
Денсаулық әліппесі
Денсаулық әліппесі
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байқадамова Ақмарал Асанқызы
Денсаулықтың достары мен қастары
Денсаулықтың достары мен қастары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жайтакова Ботагөз Түлепкерейқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы «Амангелді орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ошаева Айгуль Тлектесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×