Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз –думан мерекелік қойылымы

24 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Семей қаласы,
«№23 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
Мұғалімдер: Әбдыханова Ш. С Торайғырова Ш. О.

Тақырыбы: «Наурыз – думан» мерекелік қойылымы.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық салт – дәстүрді таныстыру. Қазақтың ұлттық өнерінен, мәдениетінен тәлім – тәрбие беру. Ұлтжандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сахнада, көпшілікте өзін – өзі ұстауға дағдыландыру.
Көрнекіліктері: көрпе, жастық, қамшы, ұршық, бесік, үйшік, қамыс, кілемше, шырақтар т. б.
Барысы: Сахна әсем шаңырақпен безендірілген, Р. Рымбаеваның «Наурыз – думан» әні әуелеп тұрады.
1 - Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! «Наурыз – думан» мерекесін бастауға рұхсат етіңіздер!
2 - Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алу, барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Әр халықтың өзінше мерекесі болады. Мұсылман халқының жаңа жылы «Наурыз» айының 22-сі. Ұлы қазақ халқы жаңа жылын «Наурыз» дейді.
1 - Жүргізуші: Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек шаттық жыл басы,
Наурыздан бастап саналған.
2 - Жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені халайық,
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
Олай болса,
Зейнеткер ұстазды қарсы алайық
( Көрермендерге шашу шашылады )
1 - Жүргізуші: Ұлы халқымыздың, әлімсақтан тұрмыстық мерекесі болып келген, жаңа жыл мейрамы – Наурыз мейрамы құтты болсын халайық.
2 - Жүргізуші: Досым - ау, жаңа жыл әлі келе қойған жоқ, осы әредікте, ескі жылды есте қаларлықтай етіп, жақсылығын марапаттап, табыстарын құрттай санап, асылдарын жүктей қаптап, моншақтай тізіп алайық та, бір мақтап, мадақтап.
1 - Жүргізуші: Құрбым – ай! Сіздің өткен жылды қимайтындай сыршыл екеніңізді білсемші. Өткен жылда еліміздің іргесі аман, қазанымыз бүтін болды. Біреуміз екеу болып, басымызға бас қосылды, жаңа шаңырақтар көтерілді. Өмірге жас нәрестелер келіп, ұрпақ өсті.
2 - Жүргізуші: Иә, еліміздің егемендігі нығайып, халқымыздың тәуелсіздігі артты. Газет, журналдар, теледидар қазақ тіліне көшіп болды. Басқа ұлттың өкілдері қазақ тілінде сөйлейтін болды. Тіліміздің мәртебесі артты деген осы емес пе құрбым.
1 - Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, құрбым! Жақсылық тек жақсылыққа жалғаса берсін. (Бұрылып қарап) Оу, бізге қонақ келе жатқан сияқты.
(Сахнаға Қыдыр баба шығады. Ұл балалар тізерлеп бата тілеп отырады.)
Қыдыр бабаның батасы:
Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын,
Қыруар малың өріске толсын,
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын,
Төрт - түлік төлді болсын,
Баққандарың шөлді болсын,
Ақ көп болсын,
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Сапарларың оң болсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаныңды басырсын.
Әумин!

( Сахнаға Жер ана шығады. Қыз балалар тізерлеп отырады.)
Жер ананың аластау рәсімі:
Алас, алас пәледен алас,
Алас, алас баладан алас,
Алас, алас жаманнан алас,
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас,
Елімнен алас, жерімнен алас,
Алас, алас! Алас, алас!

2 - Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып басып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Музыкалық нөмір: Қыздар тобы «Қазақ биі» 1 - «а», 1 «ә» сыныптары

Сахналық көрініс. Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе. 5 «г»- сынып
Шығайбай: - Алла-ау, сақтай гөр! Неменеге қаптап кеткен мына жұрт? Шығайбайға ас беріп жатыр дей ме екен? Шығайбайдың малын шашпақ қой, ойлары. Тағы да демеуші бол, көмектес деуден тайынбас. Кетейін, көрінбей көздеріне.
Алдар көсе: Оу, Шәке қайда бара жатырсыз, қайдан келе жатырсыз?(- деп төс қағыстырмақ болады.) Оу, оу Шәке қайда бара жатырсыз жылыстап. Бүгін той, көктем мерекесі, ел мерекесі. Көппен бірге болмайсыз ба?
Шығайбай: Бұл, Алдар пәле, қайдан тап болды екен - а. Алдаржан, шеттен әкелген тауарларым бар еді, өтпей жатқаны. Шай-пай, бұл-пұл дегендей. Сонда бармасам болмас. Он табын жылқының құны еді.
Алдар көсе: Бүгінгі мерекенің құрметіне тауар 50 % - ға арзанға, сатылсын деген жарлық болғанын естіп пе едіңіз?
Шығайбай: Тек, оның бетін аулақ қылсын, құдайым – ай! Бір пәлеге кіріп кетпей тұрғанда жөніме кетейін.(деп ақырын жылыстап шығып кетеді)
Алдар көсе: Оу, Шәке елмен бірге болыңыз Шәке!(жүгіріп кетеді)
1 - Жүргізуші: Наурыз тойым!
Құтты болсын халайық!
Қане достар
Шырқап әнге салайық
2 - Жүргізуші: 2010 жылғы «Ерке айым» қалалық өнер сайысына қатысып, «Бұрымды қыз» номинациясын жеңіп алған 1 -«а» сынып оқушысы Тұрсынтаева Айымды «Біз бақытты ұланбыз» әнімен ортаға шақырамыз.
1 - Жүргізуші: 2010 жылғы «Ерке айым» қалалық өнер сайысына қатысып, «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алған 1 - «а» сынып оқушысы Мұқатаева Жанелді мың бұралған «Шығыс» биімен ортаға шақырамыз.
2 Жүргізуші: Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Көнермей салт – дәстүріміз
Көп елдерге таралған.
Өтірік өлең айтысы. 1 «ә»- сынып оқушылары
1 - Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен жақсы күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.

2009 жылы өткен «Баласымын қазақ деген киелі елдің» атты ән байқауында жақсы өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған 2 - «ә» сынып оқушысы Ниязбекова Балаусаны «Наурыз» әнімен ортаға шақырамыз.
2 - Жүргізуші: 2010 жылғы «Ерке айым» қалалық өнер сайысына қатысып, «Ертекші қыз» номинациясын жеңіп алған 1 - «ә» сынып оқушысы Есімхан Нұрайды «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.
Сахналық көрініс. ( Сахнаға қарт әже мен немересі шығады. Немересі екпетінен еркелеп жатады.)
Немересі: Әже, әже, маған ертегі айтып беріңізші.
Әжесі: Е, балам қазақтың ертегі айт десең ертегі айтайын, жыр айт десең жыр айтайын, мысал айт десең мысал айтайын. Әлди, әлди. Ұйықтай ғой, ұйықтай ғой.(деп бесікті тербетеді.) Е, қазақтың ертегілерінде көптеген тәрбие мен білім жатыр ғой. Мұқият тыңдасаң көптеген білім мен тәрбие алуға болады, балам. Мен саған қазыр тамаша бір ертегі айтып берейін. Ол ертегі «Жақсылыққа жақсылық» деп аталады. Ерте, ерте, ертеде бір кербез жолбарыс шүйгін шөптің үстінде дем алып жатады.

Ертегі қойылымы: «Жақсылыққа жақсылық» Әжесі: Сөйтіп кішкентай тышқан мен жолбарыс дос болыпты. Міне балам біреуге жақсылық жасасаң өзіңе қайтады деген осы.
Әжесі: Құдайға тәубә! Қазыр ел іргесі тыныш, аман есен өмір сүріп жатырмыз. Еліміз жылдан жылға гүлденіп, дамып келеді. Көпұлтты мемлекетіміз жасай берсін!
Немересі: Әже, сонда көпұлтты мемлекет деген немене?
Әжесі: Осындай сұрақ қойған түріңнен айналайын. Көпұлтты мемлекет деп мысалы біздің мемлекетімізді айтады. Бірнеше ұлт өкілдері тұрып, өмір сүретін мемлекетті көпұлтты мемлекет деп атайды. О, жаратқан ием, қытайы да, қырғызы да, қазағы да орысы да қоян қолтық өмір сүріп жатыр ғой. Ал, орыс халқымен сонау ертеден достық қарым қатынастамыз, ұлым.
Немересі: Әже, онда маған орыс халқының ертегісін айтып беріңізші.
Әжесі: Айтайын, айтайын. Орыс халқының «Түлкі мен тырна»деген ертегісін білуші едім. Ұмытпасам осылай болатын. Ерте, ерте ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырыпты........
Ертегі қойылымы: «Түлкі мен тырна» Әжесі: Сөйтіп түлкі мен тырнаның достығы біржола үзіліпті деседі.

Немересі: Әже осы ертегілерді кімдер жазады - а? Әлде өзімен-өзі шыға ма?
Әжесі: Жоқ балам, ертегі өзімен-өзі қалай шығады. Ертегілерді ақын жазушылар жазады. Ақындар ертегіні жыр, өлең түрінде жазса, жазушылар әңгіме түрінде жазады. Әр елдің өз ақын, жазушылары болады. Ал, мен қазір ақындардың ақыны, жазушылардың жазушысы Абай Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» деген мысалын айтып берейін.
Немересі: Әже, мысал деген не? Сол туралы айтып беріңізші?
Әжесі: Балам, оны сен өз көзіңмен көр. Жарай ма?

Абай Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы
1 - Жүргізуші: 2 - «а» сынып оқушысы Асылханов Нұрлатты «Бала тілегі» әнімен ортаға шақырамыз.
2010 жылғы «Ерке айым» қалалық өнер сайысына қатысып, «Ертекші қыз» номинациясын жеңіп алған 1 - «ә» сынып оқушысы Есімхан Нұрайды «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.
1 - Жүргізуші: Ертегі аңыздарды айтар атаң,
Келіндер сырмақ сырып жүгіреді.
Түскиіз оң қапталға ілінеді.
Есікті суағарға дейін түріп,
Жылқышы бал қымызын сіміреді.

2 - Жүргізуші: Іргеден маңдай төсеп екпе желге
Қымыз іш қарыс қылмас еш денеңе,
Кесе қап, аяқ қап, әбдіре сандық.
Болмаған артық мүлік көшпелі елде

1 - Жүргізуші: Наурыз жырын жырлаймыз
Онымен де тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнге,
Ел дәстүрін сыйлаймыз.
Қазақтың салт-дәстүрі: «Балаға ат қою»
Қазақтың салт-дәстүрі: «Бесікке бөлеу» Сахнада әже, келіншек, бала – шаға және сәби (қуыршақ)
Ән «Қазақтың дастарханы» Орындайтындар 1 «а» - сынып оқушылары.
Ән айтылып болған соң, жақсы тілектер шашылады (айтылады): Жаңа жыл құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын. Ұлыс бақты болсын! Төрт-түлік ақты болсын! Бәле-жала жерге енсін! Ұлыс береке берсін! Жұрт аман-есен болсын!
74 156
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз - думан Менің атым – Наурыз Наурыз көже, сары уыз Алып келдім татыңыз Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық.
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Наурыз – думан
Наурыз – думан
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақшатау негізгі мектебінің математика және информатика пән мұғалімі Махатова Айдана Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×