Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көш басында –Кемеңгер

30 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Көш басында – Кемеңгер
Мақсаты: Оқушыларға елбасы туралы түсіндіріп, Отанды сүю, халқымыздың болашақ елбасындай биік шыңнан көрінентін, ел басқара алатындай азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үнтаспа, көрме, слайдтар, нақыл сөздер.

Барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны ойналады.

Мұғалім сөзі:
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік Әнұраны, Туы, Елтаңбасы, Елбасы болады. ҚР -ның азаматтары, сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген адам мемлекеттік Туды, Елтаңбаны, Әнұранды, Елбасын құрмет тұтуға міндетті.
Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні, барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні. Ал елімізде алғаш рет атап өтілгелі отырған осы Тұңғыш Президент күні қарсаңында Көш басында – Кемеңгер атты тәрбие сағаты өтпекші.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (98, 7%) сайланды.
1995 жыл 29 сәуір — Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.
1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. Назарбаев(79, 78%) Қазақстан Президенті болып қайтадан сай - ланды.
2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев (91, 5%) Президент болып сайланды.

1991 жылғы 1 желтоқсандағы президенттік сайлау барлық қазақстандықтар үшін тағдыр шешті оқиға болды және бүкіл әлемдік қоғамдастықтың назарын өзіне аударды. Қазақстан тарихының жаңа бір жарқын беті ашылды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел азаматтарының тұңғыш рет жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Сайлау шын мәнінде бүкілхалықтық болды. Оның айғағы – сайлаушылардың сайлауға қатысудағы жоғары белсенділігі.
Мектебіміздің кітіпханашысы Жидеханова Ж. Елбасымыз туралы толық мағлұмат айтып өтпекші.

Кітіпханашы: Жидеханова Ж.
Н. Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
• «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
• «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
• «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
• «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
• «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
• «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
• «Нарық және әлеуметтік - экономикалық даму» (А., 1994),
• «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
• «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
• «Тарих толқынында» (А., 1997),
• «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
• «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
• «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
• «Сындарлы он жыл» (А., 2002),
• «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

Мұғалім:
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,.......
- деп, елім, жерім, Отаным деп жырлайтын азаматтарымыз өз өлең жолдарын оқып берсін.

Зияғаділ Жігер:
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін - өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенің! (Мұқағали Мақатаев)

Мырзабергенов Ислам:
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным! (Ұлықбек Есдәулетов)

Зарипова Назгүл:
Елу жаста елім бар деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.
Елім бар деп айтатын бір туды күн,
Елім бар деп шырқатамын мен бүгін,
Еркелеймін кең даламда баладай.
Қазақстан дейтін менің бар елім. (Қасым Аманжолов)

БалғабаеваАқмерей:
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым - ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым - ай!... (Мұқағали Мақатаев)

Данағұлова Қанағат:
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.
Туған жұртқа тірек болу ерге - сын,
Құлдықты енді құдай басқа бермесін.
Атаң өлсе, өзің ата боларсың,
Ешқашанда Отан өле көрмесін! (Несіпбек Айтұлы)

Жайбергенова Динара:
Алтын күн шуағын, Көк Байрақ шашатын,
Жатсынбай әлемге құшағын ашатын,
Қазақтың терінен нәр алған даласы -
Тәуелсіз бейбіт ел!.. Мәңгіге жасасын! (Сайын Назарбекұлы)

«Балалық шақтың аспаны» фильмі.
Фильмде кім ойнайтындығын, арманы қандай екендігін т. б. сұрақтар қою.

Мұғалім:
Оқушылар елбасымыздың балалық шағындағы арманындай сіздерде дер арман бар. «Менің арманым» деп армандарыңызды қағазға жазып, қабырға газетіне жабыстырыңыздар.
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Қазақстан - жыр елім!
- деп «Көк тудың желбірегені» әнің жырлайтын Данағұлова Қанағат пен Қуанышова Балнұрды қарсы алыңыздар.

Мұғалім:
Ендеше оқушылар сіздерге үлгі болар мектебіміздің мақтанышы, қарашаның 26 жұлдызында өткен «Жыр жазамын жүрегіммен» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасына қатысып, 1 орынды жеңіп алған 8 «Г» класс оқушысы Әбуов Асланның елбасымен елге деген шын ықыласымен шығарған өлеңін қабыл алыңыздар.

Қазымбетов Диас:
Елбасы тірегіміз,.
Астана жүрегіміз.
Тәуелсіз азат елміз,
Болашаққа сенеміз.

Шамаран Дана:
Елбасы еліміздің кемеңгері,
Қазақтың арда тұтар асыл ері.
Жаһанға танытып қазақ елін,
Көшбасшы, Қазақстан жүрегі.

Алдасүгіров Ақмырза:
Білім, ғылым іздеген жастарға,
Болашақ бағдарламасын қосқан да.
100 мектеп бағдарламасы,
Үлгі болар бастама.

Сақтағанов Шерхан:
Астанадай алып қала тұрғызған,
Нұр Отанын халыққа қамқор қылғызған.
Азияда алауын желбіретіп,
ЕХРО – 2017 көрмесін еліне бет бұрғызған.
Басшылық жасап қауіпсіздік ұйымға,
Бірлікті ту еткен бар әлемге.
Нұрсұлтан Назарбаев жасасын!

Қорытындылау:
Я, балалар, сіздер жырлаған өлеңнің жаны бар 1 ғана өлеңге мысал келтірсек Елбасы Н. Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша білім шаңырағының бірі – Шалқар қаласындағы №8 орта мектеп. 3 қабатты, 1200 орындық мектеп ғимаратының жалпы аумағы 21056 шаршы метр. Кітапханада 10 мың кітап қоры бар. Ауданда жаңа емхана мен аурухана
бой көтерді.
Ал, балалар сіздер Елбасы болсаңыздар не етер едіңіздер? (Оқушылар өз ойын білдіреді.) Ендеше, сіздердің «Менің арманым» қабырға газетіне жазған армандарыңыз орындалып, тек қана Елбасымыз сияқты биік шыңнан көрінгейсіңдер!

Қазақтың Сен – Сұлтанысың,
Ұлтанды ел –
Ұлы атаның ұрпағысың!
Шапағын абат күннің шашып елге,
Арайлап атқан арай – нұр таңысың!
Арқаның қақ төрінен қала орнаттың,
Бұл – мәңгі үлгі - өнеге ұрпақ үшін!
Талмайтын жарыс десе – тұлпарысың,
Самғайтын ғарыш десе – сұңқарысың!
Алатау – Алматының асқар шыңы,
Ал өзің байтақ елдің бір тауысың!
Тіл - көз бен көлденеңнен
Аман - сау жүр,–
Бұдан да биіктерге шырқау үшін!
Елбасымызға осылайша шын ниеттен тілегімізді білдіріп, еліміз аман, әліде әлемге танытып, самғасың биікке қазақ, - дей отыра тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
10 404
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті.
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Егемен Елдің Кемеңгер Басшысы
Егемен Елдің Кемеңгер Басшысы
Әр сөздің астарында осы арада, Ағайын ой жіберіп жете қара. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Тұлғасы елбасының жеке дара.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×