Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім сайысы

12 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: "Білім сайысы"

Білім бәйгесінің мақсаты:
Пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау, білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.

Жүргізуші:
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі
түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
- Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Құрметті Ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер «Білімпаздар бәйгесі» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа барлығы 5 топ қатысады. Әр топ құрамында 4 оқушыдан.
1 - топ. «Білгірлер»
2 - топ. «Тапқырлар
3 - топ. «Алғырлар»
4 - топ. «Талаптылар»
5 - топ. «Білімділер»
«Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі - ойын екендігі белгілі.
Ендігі кезек әділқазылар алқасы.
Сарапшылар:
1.________________________
2.________________________
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік.
І. «Кім білгір?»
ІІ. «Сиқырлы сандық»
ІІІ. «Ғажайып алаң».
ІV. «Кім жүйрік?»

І. Кім білгір?.
Әр топқа 4 сұрақтан кезекпен беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Жауап бере алмаса, жауап беру келесі топ ойыншыларына ауысады.
І
1. Тасымал дегеніміз не?
2. Қосу амалының құрамды бөліктерін ата
3. Өсімдіктерді неше топқа бөлеміз? Қандай?
4. Ағаштың сабағын қалай атайды?
ІІ.
1. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
2. Азайту амалының құрамды бөліктері
3. Айнала жасыл желекке оранып, күн нұрын молынан төгеді. Бұл қай кезде болады?

4. Қар еріп болысымен қар астынан шығатын алғашқы гүл.
ІІІ.
1. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болғанда сөз қалай айтылады?
2. Қосудың қасиеті
3. Жануарлардың дауысын қай сезім мүшесі арқылы ажыратамыз?
4. Күн жылы болғанда сынап бағанасы қандай деңгейде болады?
ІҮ.
1. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болғанда сөз қалай айтылады?
2. Азайтқыш артқан сайын айырманың мәні қалай өзгереді?
3. Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
4. Жай көзбен қарағанда көз жеткенге дейінгі кеңістік қалай аталады?
Ү.
1. Жуан дауысты дыбыстарды ата
2. Қосылғыш артқан сайын қосындының мәні қалай өзгереді?
3. Балаларға білім беретін маман иесі.
4. Жануарлардың дауысын қай сезім мүшесі арқылы ажыратамыз?

ІІ тур «Сиқырлы сандық» Тақтада 3 сандық бейнеленген. Әр сандықтың ішінде тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды мына жауап парақшаларына жазбаша орындау керек. Дұрыс орындаған топ 20 ұпайға ие болады.

1 - сандық.
Сөздің тасымалдану жолын көрсет.
1. Оқытушы -
2. Дәрігер -
3. Жұмысшы -
4. Сәулетші -
5. Суретші -
2 - сандық.
Шартты белгілерді сал.
1. Аспан ашық
2. Аспан ала бұлтты
3. Аспан тұтас бұлтты
4. Жаңбыр
5. Қар
3 - сандық.
Өрнектердің мәнін тап.
1. 20+30= 50 - 10=
40+60= 70 - 30=
2. 10+30= 50 - 20=
40+50= 60 - 30=
3. 40+30= 50 - 40=
70+10= 60 - 50=
4. 10+70= 90 - 50=
80+20= 80 - 30=
5. 40+10= 80 - 40=
20+20= 40 - 20=
ІІІ. тур«Ғажайып алаң»
Қарап тұрмай алаңға кел, еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Ғажайып бір мына алаңды көріңіз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір күн болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын

Бұл кезеңде 10 - 40 аралығында ұяшықтар берілген. Бұлар ұпай сандары. Ұпай сандары артқан сайын тапсырма да күрделене түседі. Дұрыс жауап берген топ сол ұпайға ие болады.
«Тұлға» 10 20 30 40
«Құбылыстармен қасиеттер» 10 20 30 40
«Математика» 10 20 30 40
“Тұлға”
10. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан кім?
20. Үш биді ата.
30. Тұлғаны таны (Абай Құнанбаев)
40. Тұлғаны таны (Бауыржан Момышұлы)

«Құбылыстар мен қасиеттер»
10. Жаңбырдан соң кемпірқосақтың шығуы қандай құбылысқа жатады?
20. « Ұзынсары» дегеніміз не?
30. Өседі, қоректенеді, тыныс алады… Бұлар қандай табиғат иелері?
40. Ауа райын өлшейтін құрал

«Математика»
10. Суретте неше үшбұрыш бейнеленген?
20. Геометриялық фигураларды ата.
30. Анасы базардан 2 кг алма және 4 кг алмұрт әкелді. Анасы базардан барлығы неше кг жеміс әкелді?
40. 1 дециметрде неше сантиметр бар? Бір метрде ше?

ІҮ. тур «Кім жүйрік?»
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деге нарталас
Жеңілемін деп ойлама
Бұл кезеңде «Бейнелі сөз» беріледі. Бейнелі сөз барлық топқа да ортақ. Қай топ бейнелі сөзді бұрын шешсе сол топ жеңімпаз болып танылады.
Жауабы: Азайту; метр
Қорытынды: Қадірменді ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды. Баршыңызға сәттілік тілеймін!
18 330
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Информатика пән мұғалімі: Домаева Гаухар
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бегасилова Р. А.
Ақпараттық калейдоскоп
Ақпараттық калейдоскоп
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы, Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Дуйсенбинова Жанна Орынғалиқызы
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде
Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Байдосова Айнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×