Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел айбыны - рәміздер

17 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты - класс оқушыларына рәміздер туралы білетін бұрынғы білімдерін еске түсіруге, тереңдетуге мүмкіндік беріп, бағыттау. Рәміздердің белгісін, тарихын, ел үшін маңыздылығын жете түсінуге талаптану. Елжандылыққа, отан сүйгіштікке, ел рәміздерін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелену.
Көрнекілігі ел рәміздерінің суреттері, рәміздер туралы бейнефильм.
Түрі жаңа сабақ
Әдісі сөйлеу, баяндау, бейнефильм демонстрациялау, интерактивті.
Кіріспе бөлімі
1. Әнұран орындау
2. Рәміздер туралы бейнефильм қарау
3. Бейнефильм туралы оқушылар пікірін тыңдау.
4. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты,- десек бүгінгі биылғы оқу
жылындағы алғашқы сабағымыздың тақырыбы - Ел айбыны - рәміздер.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егеменді ел болғанына 20 жыл. Бүкіл еліміз тойлады. Өзіміздің мектебімізде, сыныбымызда осы айлық кезеңінде көптеген тәрбиелік мәні бар шаралар өткізілгені есімізде, бүгінгі сабағымызда сол тақырыптардың жалғасы іспетті. Баршамызға аян, 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Олар Қазақстан Республикасының Әнұраны, Елтаңбасы, Туы.

Негізгі бөлімі
Сабақтың мазмұнын дамыту үшін оқушылар туымыз, елтаңба, әнұран туралы мәліметтер береді.
1 - оқушы
Туымыз туралы.
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл бейбіт аспанды елестетеді, қазақ халқының бірлік, ынтымақ жолындағы адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн байлықты, тыныштықты мегзейді. Қанатын жайған қыран құс қазақ халқының кеңдігін, еркіндігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Мемлекеттік ту авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.
2 - оқушы
Елтаңбамыз туралы.
Елтаңба негізі - шаңырақ. Ол отбасын бейнелейді, күн шеңбері. Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне, ол уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Бесбұрышты жұлдыз «Бағың ашылып, жұлдызың жарқырай берсін»деген мағына береді. Елтаңба авторлары – Ж. Мәлібеков, Ш. Уалиханов.
3 - оқушы
Әнұранымыз туралы
2006жылдың қаңтар айының 6 - сында еліміз үшін тарихи кезең болды. Жаңа Гимнді Парламент қабылдады. Мемлекетімізге жаңа екпін, жаңаша мазмұн мен серпін беретін әнұран бекітілді. Жаңа мемлекеттің Гимнін ресми түрде 2006 жылы 11қаңтарда ұлықтау рәсімінде тұңғыш шырқалды. Авторлары - сөзін жазған Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әні Ш. Қалдаяқовтікі.

Тарихқа құлақ түрсек...
4 - оқушы
12 ғасырда геральдика ілімінің негізі қаланған. Геральдика латын тілінен алынған. Ол «елтаңба» дегенді білдіреді. Бұл ғылымның негізін салушы француз ғалымы Менестере болған.

5 - оқушы
Алғаш рет ту осыдан бес мың жыл бұрын Таяу Шығыста пайда болған. Бұл құстардың, құдайлардың бейнелері салынған ту болатын. Еңкөне ту Иран елінің аумағында табылған. Ол Гиннестің рекорд кітабына енгізілген, ол төртбұрышты металдан жасалған. Қазіргі қолданылып жүрген тулардың алғашқысы болып Чжод деген Қытай императорының туы болып саналады. Оның түсі ақ болған, бұл түс көштің, биліктің белгісі.
6 - оқушы
Әнұран дыбыстық рәміз. Ал,»гимн»термині гректің сөзі, «салтанатты ән» деген мағынаны береді.
7 окушы Тәуелсіз ел жырлары
Мен қазақпын ұланымын қазақтың,
Тәуелсізбін егеменмін озатпын.
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп,
Алатаудай көкке өрлеген азатпен.
8 - оқушы
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті,
Елі қалап сайлап алған,
Елімнің Президенті.

9 - оқушы
Бақтың құсы әр адамға қонып тұр,
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр,
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі болып соғып тұр!
10 - оқушы
Көк жүзінде қалықтаған қыраным,
Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім.
Самғап жүрсек бостандықта биікте,
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім!

Қорытынды бөлімі
Мұғалім сөзі.
Ұлттық рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті. Себебі ол елдіктің киелі белгісі.
Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елмен елшілік қарым – қатынас орнатты. Елдің абыройын, ұлан байтақ жеріміздің тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды.
Ең бастысы – еркіндік. Сондықтан ел тәуелсіздігін күнделікті қорғау, қолдау қажет. Оған жауап біздің жақсы оқуымыз, үлгілі тәртібіміз болмақ. Алдағы тұрған сынағымыз ұлттық бірыңғай тестке дайындалып, оңды нәтиже берсек, нұр үстіне нұр! Ол біздің еліміздің дамуына тамшыдай қосқан үлесіміз болар еді...
Сабақ соңында «Қазақтай ел қайда» әні орындалады.
11 201
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным. Қазақстан Республикасының Әнұраны туралы. Бұрын да ел ішінде танымал болған «Менің Қазақстаным» әні 2006 - жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік әнұран ретінде бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз"
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз"
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Атамекен, туған жер, ел рәміздерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тіл. Мемлекеттік рәміздер
Тіл. Мемлекеттік рәміздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ.Пірімов ауылы, Күлетов атындағы № 92 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Избастова Алия Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×