Білімділер поралы
загрузка...

Әдептілік әдемілік

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
Мақсаты:1. Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрену.
2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.
3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, жақсы қасиетке үйрету, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиетін дамыту.
Көрнекілігі: Сөз жұмбақ, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, ассоц. карта.
Барысы: I. Кіріспе сөз.
II. Сөз жұмбақ.
III. Тақпақтар, нақыл сөздер.
IV. Көрініс.
V. Мақал-мәтелдер. (Әдептілік туралы)
VI. Ситуациялық жағдаяттар.
VII. Ассоц. карта.
«Жалғастыр» ойыны.
VIII. «Зеңгір көктем» ән.
I. Кіріспе сөз.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң әрқалан!
Сенде бір кірпіш дүниеге
Тетігін тап та, бар қалан!, - деп Абай атамыз айтпақшы бүгінгі заманда яғни сендер «Сегіз қырлы , бір сырлы» болып өсулерің керек. Оның ең бастысы адамгершілік екен. Бір адам болып қалыптасу үшін әр бір бала жеке бас гигиенасын сақтау керек. Мысалы: шашы өспей, тырнақтары алынған, киімін дұрыс ұқыптап киюі керек.

Балалар, болашақ сендердікі сондықтан білім алған жолдарыңнан бастап, мектеп өңірінде болып жатқан тәрбие жұмыстарына назар аударып, ұстаздардың берген тәлімдерін өз бойларыңа жинап, өнегелі болып өсулерің керек.

Яғни адам болып өсу үшін тек өз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап өсуіміз керек. «Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен» деген сөз.

Ата-анаңның тілегі - сенің жақсы адам болып, азамат болуың.
Сенің Отан сүйгіштігің, оқу мен еңбектегі табыстарың ата-ана үшін шексіз бақыт. Ата-анаңның алдында шыншыл бол! Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол!
Бойында осындай қасиеттер бар баланы біз қандай бала дейміз?
- тәртіпті, әдепті, үлгілі т.б.
Ақын:Ермек Өтетілеуов шумақтарында былай дейді.
«Жабырқауды білмейміз.
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз таланты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан», деген екен.
II. Сөзжұмбақ.
«Әдептілік» тобы
1. Анаңның анасы саған кім?(әже)
2 .Оң аяқ, сол аяқ
Кезек оны тебеді.(доп)
3.Бала тәрбиесі (бесіктен)
4. Жеті күн. ( апта)
5. Мектептегі екінші анаң.(ұстаз)
6.Бірлік болмай (тірлік)болмас.
7. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар өзінде.(қалам)
8. Сүттен жасалатын тағам.(ірімшік)
9. Қабат, қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
«Әдемілік» тобы
1. Үйреткен ілімді қырық екі білімді. (әліппе)
2. Жұмыс бізді үш жамандықтан құтқарады.
ауырудан, жоқшылықтан,( зерігуден)
3. Жақсыдан үйрен - жаманнан (жирен)
4. Білім ордасы не? (мектеп)
5. Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін не? (білім)
6. Бала тілі - (бал)
7. Үлкенге құрмет - кішіге (ізет)
8. Күн күледі,
Түн түледі. (көктем)
III. Тақпақтар, нақыл сөздер.
«Әдептілік» тобы.

Мектепке біз барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ақниетпен пейілмен,
Қайырлы таң!- дейміз біз
Күндіз де елді елейміз
Қайырлы күн!- тілейміз.
«Әдемілік» тобы
Тағам дәмді тұзбенен
Үйдің сәні қызбенен
Деген сөзді естігем
Қыз боламын есті мен
Тазалықты қалаймын
Үйдің ішін жинаймын.
IV. Көрініс.
V. Мақал-мәтелдер. (Әдептілік туралы)
1.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3.Әдепсіз бала
Ауыздықтан атпен тең
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.
4.Әдептің не екенін
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
5.Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.

VI. Ситуациялық жағдаяттар.
« Әдептілік » тобы
1. Автор. сіз отырсыз. Үлкен қарт адам кірді.Бос орын жоқ.
Не істер едіңіз?
2. Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Не істер едіңіз?
3. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз.Не істер едіңіз?
«Әдемілік» тобы
1 Сіз дүкенде кезекте тұрсыз.Сіздің артыңызда әжей тұр.
2 Көшеде, мектепте, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?
3 Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр оған не деу керек?

VII. Ассоц. карта.
« Әдептілік » тобы
Адамның бойында қандай жақсы қасиеттер болады?
«Әдемілік» тобы
Адамдың бойында қандай жаман қасиеттер болады?
«Жалғастыр» ойыны.

«Әдептілік» тобына. Не істеуге болмайды?
- үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды;
- кішкене баланы жылатуға болмайды;
- құстарды атуға болмайды;
- сабақтан кешігуге болмайды;
- сыныпта айғайлауға, жүгіруге, шашуға, секіруге болмайды;

«Әдемілік» тобына. Не істеу керек?
- үлкенді сыйлау керек;
- үлкендердің тілін алу керек;
- кішілерге қамқор болу керек;
- оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек;
- сабақты жақсы оқу керек;

VIII. «Зеңгір көктем» әні орындалады. Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
Материал рейтингісі:
  • 80
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Ойын-сауық отауы
  • Бөбекке тілек

    Сеніменен атаң - әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді. Әдемі ән еді, бәрі бірге тыңдады, Қуанысты, жүрек шат боп жырлады. Сенің ...
  • Ұстазы үшін - ұлы үміт, Ата - ана үшін - мақтаны

    Естіліп қоңырау боп құстар әні, Сол әнмен шәкірт арман ұшқан әрі. Үш ұстын - Ұстаз, Шәкірт, Ата - ана - Үйлескен әз - ұяның үш тағаны.
  • Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай

    Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай Қыстың басы, бірі ерте, біреуі жәй. Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп, Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
  • Күз

    Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
  • Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,

    Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Қаза көрген жүрегі жаралы – ол, Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол?
  • Назарға

    Назарға Мынау келген Назар ма? Ақсақал ауыл азар ма? Сұрағаның бір - ақ тай, Бермейді деп сазарма!
  • Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

    Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы.
  • Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт

    Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт, Жанымызға жуытпаймыз бір күдік. Сен алыстан оралғанда үйіңе, Шаңыраққа бірге енеді күн күліп. Осы күнді шын бақыт күн екен де, Мүлкіміз де ортақ біздің екеуге. ...

Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 462
Қолданушылар: 4
Қонақтар: 458
Роботтар: 4
Маржан Абишева Nicky Kalamkacbt Ардақ Токановна
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика