Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әлемді тербеткен мейірім

10 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Әлемді тербеткен мейірім»
Мақсаты: а) Ана жайлы ұлағатты сөздер, өлеңдер, мақал - мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарауға, ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру.
ә) Ананы сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
б) оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдыққа, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Ұлағатты сөздер:
Ана - біздің гүліміз,
Ананың біз - гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ана деген - теңдесі жоқ жақсы адам.

3. Ана! Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, тербелмейтін сезім болуы мүмкін емес!
Жүру барысы
І. Мұғалім сөзі:
Армысыздар, ана - аналар, ұстаздар!
Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Өмірдің ащы - тұщысын көріп, ысыла білген, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғының қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген.
Міне жыл аралатып, көктемнің аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін «8 наурыз мейрамы құтты болсын!» демекпін. Осы жерде отырған барлық аналарға, ұстаздарға, қыздарға отбастарына береке, бірлік тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!.

Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Өмірге келгеннен бастап жанымыздан табылатын мейірімді жан - ана. Дүниеде анадан жақын кім бар балаға? Өзінің жағдайына қарамаса да, баласына бәйек болады. Өз аузынан жырып бар тәтті - дәмдісін, жылы жұмсағын баласына қояды. Сәл нәрсеге қабағың түссе, ең әуелі көріп қоятын, не болды деп, үрейі ұшып, тыным таппай жаныңнан табылатын - да сол ғазиз жан. Анаға теңеу жетпейтіні де сондықтан. Абай атамыз: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол»- деп ескерткенін ұқтыратын ана бізді бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болсын деп бейнеттенеді. Үлгі көрсетіп өнерге, жақсыға баулиды. Әр ана өз баласын тісімен тістеп жүріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, арлы, намысты болып өсуге қолынан келгенін аямайды. Бар ана баласымен мақтанып, баласымен мың жасауды армандайды. Ана - біздің сарқылмайтын бұлағымыз. Ол біздерге мөп - мөлдір, тұнық күйінде үлгі өнегесімен сусындатуға жаралған ерекше жаратылыс иесі. Ендеше бүгінгі сынып сағатымызды осы аналарға арнаймыз.

ІІ. Мейірім мен ана сөзінің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар? (балалар өз ойларын айтады)
Мұғалім:
Ана – бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дана, Ана – дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық адам, анадан қымбат жан жоқ.
Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,
әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Қазір әр топ ана туралы жыр шумақтарын арнайды.
1 топ:
Үш әріп, екі буын ана деген
Қысқа сөз, мағынасы терең
Адамды, жан - жануарды, мақұлықты
Бәрін дүниеге ана әкелген
Өсіріп ұрпақтарын тәрбиелеуді,
Табиғат өздеріне міндеттеген.
2 топ:
Ана - жүрек, жүректі құдіретте,
Ана - тірек, тіректі құрметте.
Ана - шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана - күнің, күніңе табынып өт.
3 топ:
Баласын қорғау үшін тайсалмайды,
Қаһарлы жауынан да қарсы келген
Солар ғой бұл фәниге өмір берген
Осылай аналарға баға бергем,
Не құрмет көрсетсе де ұрпақтары

борышы ана алдында өтелмейді.
Мұғалім:
Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.

Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. «Ат биден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
ІІ. Даналар айтқан екен. Топ мүшелері нақыл сөздер айтып шығады.
Ғұламалардың айтқан сөздері:
1) Дулат Бабатайұлы: «Ата - ананың ақылы - қарулы қара жолмен тең».
2) О. Бальзак: «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».
3) М. Горький: « Адамдар - әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды».
4) Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
5) В. А. Сухомлинский: «Ана затының ерлігі мен қажырлығы ер азаматқа бекзаттық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін беретіндігіне мен мың мәрте көз жеткіздім».

ІІІ. Бейнетаспадан өлеңді тыңдап, оны талдау. «Перзент сыры», «Ана сағынышы».
Мақал - мәтел жарысы.
1) Анасын сүйгеннің баласын сүй.
2) Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
3) Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
4) Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың.
5) Атадан өсиет
Анадан қасиет.
6) Атасыз үй батасыз,
Анасыз үй панасыз.
6) Ағайын алтау,
Ана біреу.
7) Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім жақтамайды.
8) Ата - асқар тау,
Ана - бауырындағы бұлақ.
Бала - жағасындағы құрақ
4. Оқушы:
8 Наурыз 2013 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға...
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы!
Бақыт берсін әр көктемнің айлары
5. Мұғалім: Рахмет. Біздің де шарамыз аяқталуға жақын. Қазір соңғы бөлім «Автор үстелі» деп аталады. Кез келген оқушы мына орындыққа отырып, анасына деген сезімін жеткізуге болады, немесе мерекесімен құттықтауға болады, тіпті кешірім де сұрауға болады, егер ренжіткен болсаңдар. Ал, кезек сендерде.
6. Рахмет. Әлемді тербетеді ана алақаны, ана мейірімі жер бетін жылытады, ана махаббаты барлығымызды аялайды. Ендеше, аналарыңды құрметтеңдер, аялаңдар, ренжітпеңдер демекпін. Қазір аналарыңды мерекесімен құттықтап сыйлықтарыңды табыс етіңіздер.
37 478
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құдіретті төрт Ана
Құдіретті төрт Ана
Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – Ана. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан – жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат ананы мәңгі ардақтап, аялай
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Менің анашым
Менің анашым
Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой - өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Ана жайлы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекесімен құттықтау. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, еңбектерін ақтауға, аналарға балалық сүйіспеншілікпен жауап беруге баулу. Ана еңбегін кадірлеуге,
Рахмет саған, Анашым
Рахмет саған, Анашым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлсім Әжібаева
Ардақты менің анашым
Ардақты менің анашым
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар станциясы, Анар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын артыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән - би
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×