Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа Жыл - Жаңа Жыр

11 қараша 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар.
2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.

1 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып аудан әкімінің балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.

2 - жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

1 - жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз балалар.

2 - жүргізуші: Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер балалар.
1 - жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.

2 - жүргізуші:
Жаңа жыл - туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл - шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау - мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.
оқушының орындауындағы «Қош келдің Жаңа жыл» әні.

1 - жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

2 - жүргізуші:
Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық - дей отырып, 1 - кл оқушыларын «Балалық шақ» биін қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
2 - жүргізуші:
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

1 - жүргізуші:
Аппақ тоңға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

2 - жүргізуші:
Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.

1 - жүргізуші: ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ ата мен Ақшақарды шақырайық. Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет)
2 - жүргізуші: Қош келдіңіз АЯЗ АТА.
1 - жүргізуші: Амаңсың ба АҚШАҚАР.
АЯЗ АТА:
Амансыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.
АҚШАҚАР:
Армысыздар, оқушылар, ата - ана,
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

2 - жүргізуші: Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.
1 - жүргізуші:
Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарықпасын.
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,- дей отырып бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашу үшін мектеп басшысының жылы лебізін тыңдасақ.

2 - жүргізуші: Ән «Катюша». Орындайтын 5 сынып оқушысы
1 - жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын - жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
ТАҚПАҚТАР.

2 - жүргізуші:
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын. Әмір Аягөздің орындауында «Испан биін» қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші: Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей әлеуметтік топтағы балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақаның тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол игі іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі – істердің бірі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Олай болса осы балалардың жаңа жылдық шыршасына демеушілік жасаған ауыл әкімшілігіне, аудан депутаты Қасқырбай Әлімбаевқа және мектеп әкімшілік құрамынан құрылған Сейсенов Ғалымбек ағайға, Абдрасулиев Серік ағайға, Ержанова Сарқыт апайға, Баспаев Алып ағайға, Рысқұлов Айдын ағайға, Ағыбай Асылбек ағайға, Кемалова Роза апайға, Қаниева Гүлзат апайға, Жеке кәсіпкер Аязбаева Забира апайға алғысымыз шексіз.

2 - жүргізуші:
Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Оспан Эланораның орындауындағы «Аппақ гүлдер» әнін қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:
Асыға күткен жаңа жыл,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа заман, жаңа айлар
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл
2 - жүргізуші:
Шырша қандай керемет,
Ойыншықтар ілінген.
Жымың қағып шамдары,
Бүкіл қызық тірілген - дей келе Байсалбай Мағжанның орындауындағы «Ел қорғауға әзірміз» әнің қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Жарқырайды жан - жағым,
Жаңа жылдық киіммен,
Жаңа жылдың сыйлығын,
Жеңіп алғың өнермен - 1 - кл оқушыларның «Сұлтан» биін қабыл алыңыздар.
АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет, өркендерің өссің. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.
АҚШАҚАР: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.

2 - жүргізуші:
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың

1 - жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.

2 - жүргізуші: Міне, жаңа 2020 жыл да келді. Ал 2020 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс - құтымыз арылмасын.
1 - жүргізуші: Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Басықара ауылы, № 182 мектептің аға тәлімгері
Жаппасбаева Гаухар Нурмухамедовна
22 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңа Жыл - Жаңа жыр
Жаңа Жыл - Жаңа жыр
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, "Алға мектеп - бақшасы"ММ Бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Армысың, Жаңа жыл!
Армысың, Жаңа жыл!
Кел Жаңа жыл, төрле, төрле жеріме, Құт, береке боп келгейсің еліме. Үміт артып армандарға аяулы, Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
Жаңа Жыл 2019, қош келдің!
Жаңа Жыл 2019, қош келдің!
Айнала қоршап шыршаны, Шашылар шашу – жыр әні. Мынау әсем шыршаға, Қош келдіңіз, балалар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×