Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Н.Ә.Назарбаев

17 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаев

Мақсаты.
Отанымызды сүюге, туған еліне, оның тіліне, салт - дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін оятуға, бірінші Президентіміздің өмір жолына үлгі тұлға ретінде қарауға тәрбиелеу.

• 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
• 1967 жылы - Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы
Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің профессоры
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры
• 1960 – 1973 жылдары – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істейді.
• 1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
• 1973 – 1977 жылдары – Қарметкомбинаттың партком хатшысы
• 1977 – 1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы.
• 1979 – 1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
• 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
• 1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1990 жылғы ақпан - сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
• 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті
• 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев басым дауыспен 98, 7 жеңіске жетті.
• 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә: Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
• 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 79, 78 дауыс алып, ҚР Президенті болып сайланды.
• 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91, 5 дауысын алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева, Халықаралық “Бөбек” балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара
Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Әлия – бизнеспен айналысады, “Элитстрой” компаниясын басқарады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады

1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.
1993 жылы қарашаның 15 – і күні ұлттық валюта - теңге айналымға енді.
Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы деп жарияланды.
1998 жылдың 6 мамырында оған Астана деген ат берілген

1992 жылғы маусым айының 4 - жұлдызы – Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл еліміздің мемлекеттік рәміздері, Елтаңбасы, Әнұраны дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

1991 жылдың 1 желтоқсаны және 16 желтоқсаны әрқашан да біздің тарихымыздың Бірлігі күні, Ұлы Күні болып қала береді, барлық уақыттарда да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланыста болады
18 690
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті.
Тұнғыш Президент күніне орай сынып сағаты. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Тұнғыш Президент күніне орай сынып сағаты. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Оқушыларды Қазақстанның тұңғыш Елбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың өмірімен таныстыру. 25 жыл аралығында көреген басшылығының арқасында жеткен жетістіктеріміз туралы мәлімет беру.
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Атырау облысы, Индер ауданы, "Көктем" қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нариманова Гауһар Нариманқызы
Келешегі кемел Қазақстан!
Келешегі кемел Қазақстан!
Атырау қаласы, № 4 облыстық мектеп- интернатының биология пәні мұғалімі Бактыгереева Элеонора Исламқызы
Н.Ә.Назарбаев - сенімнің  шырқау биігі
Н.Ә.Назарбаев - сенімнің шырқау биігі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рахманова Қасиет Байдашқызы Тақырыбы: Н.Ә.Назарбаев-сенімнің шырқау биігі
Егеменді Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә.Назарбаевтың рөлі
Егеменді Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә.Назарбаевтың рөлі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы, №162 орта мектеп. Мектеп директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Опашова Жанагул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×