Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең білгір (интеллектуалдық ойын)

27 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтан тыс іс – шара.
Тақырыбы: «Ең білгір» атты интеллектуалдық ойын.
Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталай отырып, түсініктерін толықтыру, құқық пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, отаншылдыққа, тәрбиелеу.
Оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін дамыту, дағдыландыру.
Көрнекілігі: нақыл сөз, сұрақтар
Мұғалімнің кіріспен сөзі:
Армысыздар, қадірменді оқушылар, ұстаздар!
Дана халқымыз «білегі мықты бірді жығады, білімі иықты мыңды жығады» деп айтқандай, мектеп қабырғасындағы білімді ұрпақ – ел – тірегі сіздерсіздер. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда» деген аталық сезімін ақтай біліңіздер.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі! – деп, бүгінгі «Ең білгір» атты интеллектуалдық ойын сайысымызды бастайық.

«Ең білгір» ойынына қатысатын топтар
«Болашақ» тобы
«Талапкер» тобы

Сайыстың кезеңдері
І. Топты таныстыру
ІІ. Өткел
ІІІ. Белес
ІV. Бекет
V. Жерұйық

І. Таныстыру. (әр топтың топ басшылары қысқаша таныстырады 5 ұпайдан беріледі).
ІІ. Өткел. (Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
«Болашақ» тобына
1. ҚР әнұранының авторлары? (Н. Ә. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов).
2. 25 қазан қандай күн? (Республика күні).
3. Адам құқығы қай уақытта пайда болады? (туғанынан беріледі).
4. Мемлекет билігінің қайнар көзі? (халық).
5. Мәжіліс неше депутатты құрайды? (77)
6. ҚР – ның жоғарғы өкілетті органы? (Парламент)
7. Референдум дегеніміз не? (жалпыхалықтық дауыс беру).
8. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? (Премьер - Министр)
9. Республика заңдары қай кезде күшіне енді? (Президент қол қойғаннан кейін).
10. Сайлаушылардың сайлауға келмеуі қалай аталады? (абсентеизм).

«Талапкер» тобына.
1. ҚР Конституциясы неше баптан тұрады? (98 баптан, 9 бөлімнен).
2. Тұрғындарының саны жағынан дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет - (Қытай).
3. Президент ауырған не қайтыс болған кезде, оның орнына кім келеді? (Сенат басшысы)
4. Мемлекет кандидаттарға телеарналар арқылы сөз сөйлеуге неше минут беріледі? (15 мин.)
5. Конституцияның 20 – бабында неге тыйым салынды? (цензураға)
6. Бір тұлғалар екінші тұлғаға сенім білдіріп, өзінің атынан жазбаша өкілеттік беру қалай аталады? (сенімхат)
7. Рәміздер қай жылы қабылданды? (1992 ж.)
8. ҚР рәміздерін ата? ( Ту, Елтаңба, Әнұран)
9. Парламенттің төменгі палатасы? (Мәжіліс)
10. Парламенттің жоғарғы палатасы? (Сенат)

ІІІ. Белес. (Жұмбақ санды тапқан топқа 15 ұпай беріледі).
«Болашақ» тобына
1. Бақытты болу дегеніміз? (әр адамның өз қолында)
2. Ата – анасы және балалары бар отбасы қалай аталады? (толық отбасы)
3. Конституция лат. тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? («құрылым», «өкілім»)
4. Бала туралы мақал – мәтел айтып және оның мағынасын айту.

«Талапкер» тобына.
5. Еліміздің негізгі заңы:(Конституция)
6. Адамның өмірінің мәні: (мақсат пен мұрат)
7. Заң құдайы - (Фемида)
8. Ата – ана туралы мақал – мәтел айтып және оның мағынасын айту.

ІV. Бекет. (1 сұраққа 20 ұпай беріледі)
Мына жылдары қандай декларация, заңдар, конвенция қабылданды?
1948 ж. 10 желтоқсан БҰҰ – ның «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды
2002 ж. 8 тамызда «ҚР – ғы баланың құқықтары туралы» заңы қабылданды
1995 ж. 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституция қабылданды
1989 жылы «Бала құқығы туралы» конвенция қабылданды
1993 ж. 28 қаңтарда Егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды
1959 ж. 20 қарашада БҰҰ – ның Бас Ассамблеясына «Балалар құқығы» декларациясы
қабылданды

V. Жерұйық. ( 1 дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі). Ситуациялық сұрақтар.
«Болашақ» тобына
1. 16 жастағы Светлана күйеуге шықты, бірақ жарты жылдан кейін онымен ажырасты. Ол көп кешікпей пәтерін сатқысы келді. Алайда нотариус оның кәмелетке толмағандығын, демек, іс - әрекетке толықтай қабілетті еместігін сылтауратып оның сату – сатып алу шартын толтырудан бас тартты. (Нотариустың бас тартуы заңды ма?)
2. Азамат Л. Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін Мемлекеттік автомобиль инспекциясының қызметкерлері тоқтатты. Аталған әкімшілік құқық бұзушылық үшін сот шешімі бойынша ол барлық көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылады. Азамат Л. Мұндай жазамен келіспеді және соттың бұл шешіміне шағымданды. Негізі – оның мүгедек болуы және балдақпен ғана жүретін болғандықтан, көліксіз жүре алмайтындығы.(Кімнің шешімі дұрыс)
«Талапкер» тобына.
1. 14 және 16 жастағы екі жасөспірім кешке өз аудандарында серуендеп жүріп, бірнеше телефон – автоматтардың трубкаларын жұлып алды. Ол тірліктері полиция нарядымен тоқтатылды. (Кім және қандай тәртіппен оларды жауапкершілікке тартады?)
2. 4 – сыныптың оқушысы Асқар автобуста жол ақысын төлеген жоқ. Билет тексеруші билет немесе жол билетін көрсетуді талап етті. Асқардың қолында біріншісі де, екіншісі де болған жоқ. Билет тексеруші Асқардан айыппұл төлеуін өтінді.
(Тексеруші дұрыс істеді ме? Әкімшілік жауапкершілік қай жастан басталады? Осы жағдайда әкімшілік жауапкершілікті кім өтейді?).

Мұғалімнің қортынды сөзі:
Бүгінгі «Ең білгір» атты интеллектуалдық ойын аяқталды. Оқушылар сайысқа жақсы қатыстыңдар. Бірақта сайыс болғандықтан бір жеңімпаз болады. Сөз кезегін әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаз топты марапаттау.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды, сау болыңдар.
14 981
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бақытты сәт интеллектуалдық ойыны
Бақытты сәт интеллектуалдық ойыны
Оқушылардың бойындағы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау. Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт - бағдар беру.
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Балқаш қаласы, М. Горький атындағы №1 орта мектеп Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сейткалиева Нұрзия Несипбекқызы
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×