Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салауатты өмір салты - барыс тектес халқымыздың болашағы

29 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салты - барыс тектес
халқымыздың болашағы»[/b]
[b]Сабақтың мақсаты: [/b]1. Оқушыларға денсаулықтың басты байлық екенін ұғындыру, олардың салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту.
2. Оқушылардың танымдық қабілетін шыңдау.
3. Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, табиғатты аялауға тәрбиелеу, тазалыққа үйрету.
Көрнекіліктер: Проектор, магнитофон, үлестірмелі материалдар, ғұламалардың даналық сөздер.
Сабақтың әдісі: Пікір алмасу
СТО стратегиялық элементтері

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Қандай әп - әдемісіңдер. Сіздердің жадыраңқы жүздеріңді көргеніме қуаныштымын. Көңілдерің көтеріңкі, бақытты сияқтықсыңдар, солай ма? Өте қуаныштымын, ал бақыт дегенді қалай түсінесіңдер?

Жақсы, бақыт дегеніміз байлық дедіңіз біріңіз. Басты
байлық не?
Иә, оқушылар отбасы аманшылығы, аспанымыздың ашықтығы... бақытты болғанымыздың белгісі, ал басты байлық — денсаулық. Сонымен бүгінгі пікіралмасар тақырыбымыз «Салауатты өмір салты — барыс тектес халқымыздың болашағы»
Біздер, балалар, кемелденген, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Қазақстан азаматтарының ертеңі бүгіннен басталады. Сондықтан да олардың денсаулығына, білімі мен әл - ауқатына баса назар аудару керек!» - делінген. Елбасымыздың осы сөзін сабағымыздың эпиграфы ретінде алғалы отырмын. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру үшін, әрине, ең алдымен денсаулығымыз мықты болу керек. Ал денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Иә, балалар, бір сөзбен айтқанда деніміз сау болу үшін, қандай өмір сүру жолын ұстануымыз керек?
Салауаттылық кең ұғым, балалар.
«Бірінші байлық — денсаулық» деп тегін айтылмаған. Денсаулық адамның ең қасиетті де, құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. 
Үлкенді сыйлап, ұлылардың өсиеттерін ту етіп келген халықпыз ғой.
Ұлы Абайдың мына өлең шумағына назар аударайықшы:
Денің сау, ғұмыр жасың болады ұзақ, Ауруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ. (Абай).
Осы өлең шумағы төңірегінде ой бөліссек. Абай нені өсиет етіп тұр?
Ерте заманнан ата бабаларымыз салауатты өмірге көңіл бөліп келген. Сол кезден - ақ дұрыс тамақтанса, дені сау болатынын түсінген.
Жылы сөйлеу, жүйкеңді сақтау, инабаттылыққа, ибалыққа тәрбиелеген.
Келесі кезекте сендерді мен 3 топқа бөліп, қойып отырмын. Алдарыңа мынадай сауалдар тастағалы тұрмын.

I топ, сендерге: «Тәніңе қорлық, жаныңа зорлық жасама» нақыл сөзі төңірегінде
II топ, сендерге «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», мақалы төңірегінде;
III топ - «Сүйе білсе, табиғат сұлулыққа тұнып тұр» сауалы төңірегінде пікірлеріңізді ортаға салуларыңызды сұраймын. Бірер минут дайындалуға беремін.
1 сауал төңірегінде зиянды әдеттер — нашақорлық, есірткі, темекі тарту, олардың алдын алу, олармен күресу туралы айтқызу.
2 сауал - дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, күнделікті гимнастиканы сақтау туралы айтқызу.
3 сауал - қоршаған орта, табиғат сұлулығы туралы, экологияның денсаулыққа әсері туралы, жеріміздің экологиясы туралы, оны қорғау. «Жасыл ел» бағдарламасы туралы айтқызу.
Рахмет балалар, тамаша ойларыңды ортаға салдыңдар.
Салауатты өмір салтын орнықтыру осы ғасырдың барынша көңіл бөлетін жауапты парыздарының бірі. Денсаулық - зор байлық, әркім өз денсаулығының қорғаушысы дей келе мынадай тапсырмалар бергелі тұрмын.
Ситуациялық сұрақтар:

I топ - Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді. Бірақ сен оны білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма?
II топ - Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығыңыз жалғаса ма?
III топ - Достарыңмен келе жатып, сен таза суы жоқ жерге тап болдың. Жаныңызда ластанған лай су ағып жатыр, сен де, достарың да қасыңдағы қатты шөлдеді. Таза суы бар жерге жету үшін біраз уақыт керек. Сен де, басқалар да шыдай алмай барасыңдар. Не істер едің?
Ойларыңа рахмет балалар. Дұрыс шешімдер қабылдап шықтыңдар деп ойлаймын.

Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы, қай жағынан болса да салауатты өмір кешуде жатыр. Болашақтарыңның жарқын болуы, өмірлеріңнің мәнді де сәнді болуы өз қолдарыңда. Ал енді, сендердің көзқарастарыңмен болашақты болжап көрейікші.
«Болашақты болжау» әр топ өз шығармаларын ұсынады. Рахмет балалар. Болашақта салауатты өмір салтын ұстанған адал азаматтар болатындарыңа сенімім мол.

Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын барысқа теңеген. Барыс - жүйрік, шымыр, ақылды жануар. Сабағымыздың тақырыбы «Салауатты өмір салты - барыс тектес халқымыздың болашағы» дедік. Сабағымыздың мақсатына жеттік деп ойлаймын. Сендерге көп - көп рахмет. Барыстай шымыр, ақылды да жүйрік болып, еліміздің көркеюіне aт салыса беріңіздер.
Сабағымызды жергілікті сазгер Көмек Ыбыраевтың «Қазақстаным менің» әнімен аяқтаймыз.
10 442
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№7 жалпы білім беру орта мектебі КММ» Өзін – өзі тану пәні мұғалімі: Шайкова Жулдыз Алихановна
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Губайдуллина Айгуль Хамитовна
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №2 Абай атындағы лицей коммуналдық мемлекеттік мекеме өзін - өзі тану пәні мұғалімі: Байкулова Кенжегуль Мамырбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×