Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасиетті ана тілім

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Қасиетті ана тілім» тақырыбындағы «Тіл мерекесі»онкүндігінің қорытынды кеші.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ ойындарын ойнату, ой - толғау, полиглот, жат оқу т. б.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар.
Түрі: Ойын – сауық кеші.

Өтілу барысы:
Мұғалім: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманкелди А
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Бұған дейін «Тіл мерекесіне» байланысты 15 қыркүйектен бастап жоспар бойынша іс – шаралар жүргізілді. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Бүгінгі өткізгелі отырған «Қасиетті ана тілім» тақырыбындағы іс – шарамыз 22 - қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса, тілім деп жүректері соғып тұрған жалынды жастарымыздың «Тіл мерекесіне» арнап дайындаған «Қасиетті ана тілім» тақырыбындағы қорытынды кешін бастауға рұхсат етіңіздер.

Қ. Шабасовтың «Тілім - тірегім» атты өлеңі.
Нағашбек:
Тілім менің - тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің?!
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.
Мерейгүл:
Тілім менің – қуатым, күшім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің.
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
Елдос:
Тілім менің - асылым, арым менің,
Арым кетсе не пайда барым менің.
Бас кескендер тілімді кесе алмаған,
Тілден бұрын кетеді жалын демім.
Ермек:
Тілім менің - қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, Ана тіл, қасіретім.
Нұргүл:
Тілі өлсе болмайды тірі халық,
Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып.
Басқа емес өз Ана тілінде тек
Тіршілігін білдірер ұлы халық.

Тілім менің – ғасырлардан аманат,
Аманатқа адал болсын Қанағат,
Ар – намысқа келтірмейік жаманат.
Қазақ болып туылдың ба, Ендеше
Өз тіліңді өзгелерге бағалат.
(Ана тіліне тағзым етіледі.)
Талшын:
Өте ертеде бір қадірлі шешен қария келте дүниеден көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып:
- Балам, мен ұзамай дүние салам. Әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле дейді. Сонда баласы аманатының орындайтындығын айтады, бірақ ол көп іздеп ештеңе таппайды. Сосын ол Абзал атаға келеді. Абзал ата оның әбден шаршап, шалдыққандығын көріп, не іздеп жүргендігін сұрайды. Сонда бала:
- Әкемнің аманат еткен асыл мұрасын іздеп таппадым. Ол сонда қандай мұра болды екен? – деп сұрайды. Абзал ата оған:
- Әй, балам – ай, әкеңнің сөзіне еш шүбә келтірме! Оның саған қалдырған мұрасы - тіл! Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз де сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ, балам! Әкеңнің саған қалдырған қазынасы – сол! – дейді. Осы қымбат қазынамыз ғасырлардан ғасырларға жетіп, толығып келеді. «Тіл – уақыт өзеннің өткелі», ол бізді өткен бабаларымыздың мекеніне бастап әкеледі.

1 - жүргізуші:
Кенің бай, келімің мол туған тілім!
Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен қосып, құтыла алмас қусам білім.
Ассалаумағалейкум құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Қасиетті ана тілім» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар.

1 - жүргізуші:
Еліміздің болашағы – жасөспірімдер тәрбиені ұлттық мектептен алады. Өкінішке орай, оны көптеп жабу, қысқарту орын алғаны белгілі. Соңғы 30 жылда 700 - ден астам қазақ мектебі жабылды. Қазақ мектебінің тағдыры Сәбит Мұқановты қатты толғандырды. Ол өз сөзінде былай деді: «Мен ұлттық қазақ мектептерінің жабылуына үзілді – кесілді қарсымын. Менің партиялық ар ожданым мұндай идеялық тұрғыдағы қателікке төзбейді». Тіл тағдыры шешуін күтті. Көпшілік ойы айтыла бастады. Басқа мәселелерде кезекте тұр еді. Ақыры 1986 - ның желтоқсаны тығырық кезеңнен құтқарды. Соның лебімен 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28 - і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 7 - күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.

2 - жүргізуші:
Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,
Бәрі енді өзімізге байланысты.
Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,
Қанатын жаңа ғана жайған істі!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 451
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сүйемін туған тілім - ана тілін
Сүйемін туған тілім - ана тілін
Жас ұрпақты ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өрісін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қасиетті ана тілім тақырыбындағы «Тіл мерекесі» онкүндігінің қорытынды кеші
Қасиетті ана тілім тақырыбындағы «Тіл мерекесі» онкүндігінің қорытынды кеші
Тілім менің - тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің?! Өз халқыма жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Барысы: Қайырлы күн, Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты іс - шарамызға қош
Қасиетті ана тілім
Қасиетті ана тілім
Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×