Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз – думан

11 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Наурыз – думан»

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық салт – дәстүрді таныстыру. Қазақтың ұлттық өнерінен, мәдениетінен тәлім – тәрбие беру. Ұлтжандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сахнада, көпшілікте өзін – өзі ұстауға дағдыландыру.
Көрнекіліктері: көрпе, жастық, қамшы, ұршық, бесік, үйшік, қамыс, кілемше, шырақтар т. б.

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! «Наурыз – думан» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! Жаңа жылды қарсы алу, барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Әр халықтың өзінше мерекесі болады. Мұсылман халқының жаңа жылы «Наурыз» айының 22 - сі. Ұлы қазақ халқы жаңа жылын «Наурыз» дейді.
Ән: «Наурыз әні»

Назымгүл: Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек шаттық жыл басы,
Наурыздан бастап саналған.
Сағындық: Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Шолпан: Наурыз келсе құт келгені халайық,
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
(Көрермендерге шашу шашылады )
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып басып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Қыздар тобы «Қазақ биі»
Мұғалім: Ұлы халқымыздың, әлімсақтан тұрмыстық мерекесі болып келген, жаңа жыл мейрамы – Наурыз мейрамы құтты болсын халайық. Өткен жылда еліміздің іргесі аман, қазанымыз бүтін болды. Жаңа шаңырақтар көтерілді. Өмірге жас нәрестелер келіп, ұрпақ өсті. Еліміздің егемендігі нығайып, халқымыздың тәуелсіздігі артты. Газет, журналдар, теледидар қазақ тіліне көшіп болды. Басқа ұлттың өкілдері қазақ тілінде сөйлейтін болды. Тіліміздің мәртебесі артты деген осы емес пе. Жақсылық тек жақсылыққа жалғаса берсін.
Оқушылар бізге қонақ келе жатқан сияқты.
(Сахнаға Қыдыр баба шығады.)

Қыдыр бабаның батасы:
Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын,
Қыруар малың өріске толсын,
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын,
Төрт - түлік төлді болсын,
Баққандарың шөлді болсын,
Ақ көп болсын,
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Сапарларың оң болсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаныңды басырсын.
Әумин!
(Сахнаға Жер ана шығады)

Жер ананың аластау рәсімі:
Алас, алас пәледен алас,
Алас, алас баладан алас,
Алас, алас жаманнан алас,
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас,
Елімнен алас, жерімнен алас,
Алас, алас! Алас, алас!

Мұғалім: Наурыз тойдың межесі
Әжелердің көжесі
Қане, ішіп қойыңыз... (Қонақтарға көже үлестіру)

Ән: «Қазақы дастархан»
Мейрамбек: Наурыз тойым!
Құтты болсын халайық!
Қане достар
Шырқап әнге салайық

Сұлтанбек: Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Көнермей салт – дәстүріміз
Көп елдерге таралған.
Мөлдір: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен жақсы күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: «Наурызым нақыл жыр»
Шолпан: Көргенге қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызым құтты болсын қазақ елі!

Назымгүл: Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.
Наурызың құтты болсын, нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, бар інілер.

Мөлдір: Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз
Наурызға біз арнап,
Жырдан шашу шашамыз.
Би: Қара жорға

Мұғалім: Ертегі аңыздарды айтар атаң,
Келіндер сырмақ сырып жүгіреді.
Түскиіз оң қапталға ілінеді.
Есікті суағарға дейін түріп,
Жылқышы бал қымызын сіміреді.
Ән: «Наурыз біздің әніміз»
Сағындық: Наурыз жырын жырлаймыз
Онымен де тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнге,
Ел дәстүрін сыйлаймыз.
Қазақтың салт - дәстүрі: «Бесікке бөлеу» Сахнада әже, келіншек, бала – шаға және сәби (қуыршақ)

Би: «Адай биі»
Ән айтылып болған соң, жақсы тілектер шашылады (айтылады): Жаңа жыл құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын. Ұлыс бақты болсын! Төрт - түлік ақты болсын! Бәле - жала жерге енсін! Ұлыс береке берсін! Жұрт аман - есен болсын!
8 675
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз - думан Менің атым – Наурыз Наурыз көже, сары уыз Алып келдім татыңыз Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық.
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Қош келдің Наурызым!
Қош келдің Наурызым!
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×