Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам

15 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері

Жүрісі: І. Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына тоқталу
ІІ. Әңгімелерінен көрініс.
І. 1 -жүргізуші: Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин.
2 -жүргізуші: Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш
рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.

1--оқушы: Ы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.

1--жүргізуші: Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады.
2-жүргізуші: Балқожа бидің баласына жазған хаты.

2-оқушы: Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.

3 -оқушы: 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті.
4 -оқушы: Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.

5 -оқушы: Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.
6 -оқушы: Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.
Кел, балалар, оқылық! (әнімен айтылады)
1 -жүргізуші: Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!
2 -жүргізуші: Жас ұрпақ білім алды әр салада,
Алғырлар өнер десе жан сала ма.
«Өнер - білім бар, жұрттар» деген сөзі,
Мәңгілік із қалдырды әр санаға.
Өнер - білім бар, жұрттар (өлеңін оқу)
1 -жүргізуші: Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.
«Ананың сүюі» (өлеңін оқу)
2 -жүргізуші: Енді сіздердің назарларыңызға алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы
Ы. Алтынсариннің бірнеше әңгімелеріне дайындалған көріністерін ұсынып, бұл әңгімелердің тәрбиелік мәнін терең мағынада
түсінуге шақырамыз.
1 әңгіме: «Атымтай Жомарт»
2 әңгіме: «Мейірімді бала»
3 әңгіме: «Лұқпан Хакім»

1 әңгімеден көрініс
1 -жүргізуші: Атымтай Жомарт кедей бола тұрып, кейін өзінің еңбегі арқылы
байыған адам.
Бұл әңгіме оқушыларды еңбекқорлыққа, айналасындағы адамдарға қайырымды болуға, көмектесуге үйретеді.

Атымтай Жомарт
(Жомарт жұмыс жасап жүреді, үстінде жаман киім)
1 кісі: - Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не?
2 кісі: - Бір мезгіл таза киім киіп, дәулетті адамша жүресіз. Бір мезгіл ескі - құсқы киім киіп жүресіз. Бұны қалай түсінеміз?
Жомарт:- Төрт түрлі себеп бар. Әуелгі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем – кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.
Екінші: Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер үлгі алсын деймін. Үшіншісі: Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір - екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртінші: Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп - жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын.
1-кісі: - Ия, Атымтай Жомарт, енді бәрі де түсінікті. Еңбекпен келген ас тәтті.
2 -кісі: - Бейнетсіз рахат жоқ.
Ал еңбектің түбі рахат.

2- әңгімеден көрініс.
2 -жүргізуші: «А құдайым бала бер, бала берсең сана бер, санасыз бала бергенше, артынан бәрін - бәрін ала бер»- деп Ыбырай Алтынсарин өзінің мақал - мәтелдер жинағында келтіргендей, кішкентай қыз ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында әкесін жазадан аман алып қалды. Бұл әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин балаларды ата - анасын сыйлауға, қадірлеуге, батылдыққа, ақылдылыққа үйретеді.

Мейірімді бала.
Патша: - Біздің Қытай халқында мынадай заң бар. Егер кімде - кім біреуді алдаса қолы кесіледі. Осы заңды білесің бе?
Төре: - Білем.
Патша: - Білсең, өзің істеген күнәңді мойныңмен көтересің. Сондықтан сен өз еліңдегі адамды алдағаның үшін қолың кесіледі. Уәзірлер дайынсыңдар ма?
Уәзір: - Дайынбыз.
Патша: - Жазаны бастауға рұқсат.
Қыз бала: - Тоқтатыңыздаршы, құдай үшін тоқтай тұрыңыздаршы.
Патша: -(тоқтат деген ишара беріп) Бұл кімнің қызы?
Төре: - Менің қызым.
Қыз бала: - Тақсыр патша, менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айырылуы керек болады. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы.
Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы.
Патша: - Қызым сенің қолыңды кескеннен не пайда? Кінәлі сен емес қой.
Қыз бала: - Уа, әміршім! Мен осы төренің қызымын. Мына қолды осы төренікі деп есептеңіз. Өйткені, мұнымен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз тақсыр! Осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.
Патша: -(Төреге) Мына қызыңның ақылдылығы мен мейірімділігінің арқасында сенің қолыңды кеспеуге бұйырамын.
Төре: Басын иіп, рахмет айтады.
Патша: - Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Төре: - Жақсы бала әкесінің есіктегі басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
3 әңгімеден көрініс.
1 - жүргізуші: Осы әңгімеде Лұқпан хакім тіршілік үшін, денсаулық үшін күреседі. Әр түрлі шөпті емге пайдалана отырып, халықты бейімділікке, өз бетімен оқып үйренуге, басқаға жақсылық жасауға, қайырымдылыққа үйретеді

Лұқпан хакім
Лұқпан хакімге бір кісі жиналыста айтты.
1 адам: - Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, құдайдың жіберген қаза - бәлесіне себеп табамын деген, құдайға қарсылық болып табылады деп білемін.
Лұқпан: - Олай болса, сол айтқан сөзіңіз жазылған кітапты келтіріңіз, сенімді кітап болса біз таба етіп, дәрігерлікті қоялық.
2 -адам: - Сопы, Лұқпан жесірге ағадай, жетімге атадай болып неше мұңды бейшаралардың көзінің жасын тыйды, сен бұл істі күнә деп білсең, кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып, жазаландырамыз.
3 -адам: - Лұқпан хакім халықтың денсаулығын ойлайды. Ол бақсы емес, ол молда емес. Ал сен сопы айтқан сөзің үшін жауап бересің.
Лұқпан: - Уа, халқым менің өтінішім бар.
1 - 2 адам: - Айтыңыз.
Лұқпан: - Мен бұл кісімен жеке сөйлесем деп едім. Бір ауыз сөзге бола, істі насырға шаптырып қайтеміз.
2 -адам: - Оныңыз да жөн болар, сөйлесе беріңіз.
Лұқпан: - Алла разы болсын молдам, білген шамаңызша бізді күнәдан тыю үшін ақыл айтқаныңызға. Бірақ бізден де сізге бір ақыл айтылсын: «Қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін танып мақұл көрсе; тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегендік көрінеді, құдай тағала адамға әр түрлі дене берді, қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін, құлақ берді естуге, ақыл берді, ойланып, жаман - жақсыны аңғаруға. Бір шөпті у етіп жаратты, екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып, біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң, күнәлі боласың, тиісті пайдалы орнына жұмсау обал болмаса керек».

Қорытынды:
Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.
34 833
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам (тәрбие сағаты 2 - 4 сыныптар арасында)
Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам (тәрбие сағаты 2 - 4 сыныптар арасында)
Ыбырай Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.
Сәулелі жұлдыз іздеген адам
Сәулелі жұлдыз іздеген адам
Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру, білімдерін тереңдету. Оқушылардың сөздік қорларын молайту
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин өмірінің ерекше белестері
Ыбырай Алтынсарин өмірінің ерекше белестері
Қостанай облысы, «Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернаты» КММ Орындаған: 6 сынып оқушысы Сартанова Елсияра Ғылыми жетекші: Сайпилова Амина Сейдоллақызы «Ыбырайтану» пәні мұғалімі, мектеп мұражайының меңгерушісі
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×