Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз мейрамы

15 наурыз 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Наурыз мейрамы
Мақсаты:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кіріспе:
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

1 – жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
2 – жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні.
1 – жүргізуші: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!
2 – жүргізуші: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
1 – жүргізуші: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.
2 – жүргізуші: Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ән: «Наурыз»
1 – жүргізуші: Алдымен «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.
2 – жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.
1 – жүргізуші: Ал енді қыздарымыздың орындауында би: «Ата толғау»
Мұғалімнің құттықтау сөзі.

2 – жүргізуші : «Самалық» әні, дәстүрін көрсету.
Самалық, самалық,
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе, көрмедік пе?
Самалық, самалық,
Ескі жыл шығып, жаңа жыл кірді.
Самалық, самалық,
Сүт көп, көмір аз,
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке,-
деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.

1 – жүргізуші: Құрметті халайық!
Біздің өткен барыс жылына еш өкпеміз жоқ. Солай ма?
Көпшілік: Иә, өкпеміз жоқ.
2 – жүргізуші: Ендеше ең алдымен «өткенге салауат, болашаққа – аманат» дегендей барыс жылын шығарып салайық.
/барыс жылы келеді/
1 – жүргізуші: Оу, мына жұрттың өзіне дән риза, қадамың құтты болды. Саған рахмет барыс жылы! Ал, өзіңнің мына жұртыңа не айтарың бар?
Барыс жылы:
- Мен де халқыма дән ризамын!
Ел іргесі бүлінбей, бейбіт тыныштық сақталды. Лайым солай болғай. Өзімнің орнымды басар Қоян жылына да тілерім сол. Әрдайым бақыт, бейбіт өмір болсын. Бөбектеріміздің жүзінен күлкі арылмасын. Аманшылықта жолығысайық! Көріскенше күн жақсы, халайық!
2 – жүргізуші: Барыс жылының құрметіне «Баласы ауырған ана» тамашасын қабыл алыңыздар.
Ән: «Сенің анаң алтын»
1 – жүргізуші: Ал, енді Жаңа жыл – Қоян жылын ортаға шақырайық.
/Сахнаға жүгіріп Қоян шығады/
2 – жүргізуші: - Қош келдің, жаңа Қоян жылы.
Төрлет, Наурыз, елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы!

1 – жүргізуші:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
2 – жүргізуші :
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
● Ән: «Ағажан»
● Сыған қызы билеп шығады

1 – жүргізуші: Сұрайықшы мына кісі карта аша ма екен? Не дейді карта?
Сыған қызы: /картасын жайып жіберіп/
Жол ашық. Жайлы жыл болатын түрі бар. Еңбек еткен адамға жағатын жыл. Табыс көп түседі.
2 – жүргізуші: Ал енді «Аязды күндер» тамашасын қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: Құрметті дос-жараңдар! Қадірменді аға-апалар!
2 – жүргізуші: Қымбатты іні-қарындастар!
1 – жүргізуші: Қазір халқымыздың ғұрпы бойынша өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын!
2 – жүргізуші Жаңа жылда көңілдегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен әр столдан бір кісіден ортаға шығып, мектеп басшысы бастап, мектепті аластаймыз.

1 – жүргізуші: Әркім өз көңіліндегі тілегімен бірге
Алас, алас
Алас, алас
Әр бәледен қалас
Ескі жыл кетті,
Жаңа жыл жетті.
Айдан аман
Жылдан есен болайық!

2 – жүргізуші: Аластау рәсімін бастаймыз. /аластау/
- Жаңа күн, Наурызымыз келдің бе?
- Көктем боп Наурызымыз келдің бе?
- Бүрлеген қайынды көрдің бе?
- Күлкісін сәбидің көрдің бе?
- Құс қанатын сабылтып келдің бе?
- Ел жұртыңды сағындырып келдің бе?
● Ән: «Айналайын»
1 – жүргізуші: Осымен мерекелік концертіміз мәресіне жетті.
20 980
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Армысың әз - Наурыз
Армысың әз - Наурыз
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Балалардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Балаларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Наурыз тойы
Наурыз тойы
Атырау қаласы, Дамбы селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Дощанова Жаңылсын Айтжанқызы
Ұлыстың Ұлы  күні – Наурыз!
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз!
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Наурыз – жыл басы!
Наурыз – жыл басы!
Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×