Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 - наурыз

02 наурыз 2023, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Ән: «Анаға сәлем»
1.Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз –
Адамның
Анаға айтар лебізі.

2.Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай.

3.Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзіме
Ертеңіңіз тұр күліп.

4.Жүре берсем қасыңда,
Әйбат, анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.

5.Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қазақ биін».

6.Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

7.Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.

8.Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.

9.Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа анам ертең ақ
Отын болып жанам ғой.

10.Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.

Ән: «Домбыра сазы»

11.Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

12.Аман бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегімде баулыған
Тілегім де мархабат
Анамызға мың алғыс!

13.Ана өмірдің ұуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дайым тыныштықты тіледі.

Ән: «Асыл ана» орындайтын Советова Айым және вальс биін қабыл алыңыздар.

14.Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем.

15.Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар мекен.

16.Апатайым, анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің
Гүлі де сен әр үйдің.

17.Айтсаң болды тіл алам
Әйбат мамам, ай мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қашанда.

18.Бар ана туған жердің гүлі дер ем,
Анажан, қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау туындай ақылың бар.
Сен барда менің әрбір күнім өлең.

19.Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жартығын сыйлаған - анамыз емкс пе?
Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Аналар, қалқап бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

ШҚО, Семей қаласы,
Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектептің
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Ибраева Жангуль Бауыржанқызы
23 762
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес.
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Ана - бақыт, ана - нұр
Ана - бақыт, ана - нұр
ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Шолаққорған жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нарметова Рахима
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×