Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Ашамайға мінгізу

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Ашамайға мінгізу. (презентациясымен)
1 класс
Мақсаты: 1. Қазақ халқының әдет – ғұрыптарымен таныстыру.
2. Туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оқушылардың тілдерін, ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
3. Оқушыларды өз Отанын сүюге, құрметтеуге, саналы, өнерлі адам болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Халықтың әдет – ғұрпын бейнелейтін суреттер, кітапшалар.
Әдіс - тәсілдер: әңгімелеу, ой қозғау, топтастыру, сұрақ - жауап.
Түрі: дәстүрлі
Типі: аралас
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Біз тәртіпті баламыз,
Мұғалім тілін аламыз.
Күнделікті сабақта
Кілең бестік аламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Отбасы мүшелерін атаңдар.
Сіңлі, ата қарындас, әже, әке, апа, ана, аға
Оқушылар «Менің отбасым» тақырыбындағы жазған шығармаларын оқиды.
Ой қозғау. Отбасы қандай болу керек?
Тату, сыйластықта, әдепті
жауапкершілік өнегелі адамгершілік

Түйін: Адамға ең қымбат - отбасы.
Артық сөзді тап.
1. Тұсау кесу
2. Беташар
3. Бесікке салу
4. Футбол ойнау
5. Ашамайға мінгізу

ІІІ. Жаңа сабақ
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Тақырыбы: Қазақ халқының әдет - ғұрыптары
1. Мәтінді тыңдау
2. Оқушылардың кезектесіп оқуы
3. Мәтін бойынша сұрақтар
Сөздік жұмыс
Ашамай – арнайы жасалған ер.
Ашамай той – баланы ашамайға мінгізгенде жасалатын той.

Ашамай дегеніміз - екі жаны Х әрпі сияқты болып жасалатын балаға арналған айшықты ер. Баланың аяғы қысқа болғандықтан, ашамайға үзеңгі салынбайды.
Жабағы жүннен жасалатын терлікті де, оның үстінен салынатын тоқымды да баланікі болғандықтан көз тартатындай әдемілеп, жиектерін шашақтап, кестелеп, сәнді етіп жасайтын болған.

Баланың сана - сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп, 6 - 7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, балаға арналған «ашамай» деп аталатын ер жасатып, қамшы өріп «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдың бірі - осы ашамайға мінгізу арқылы да көрінеді. Ақ тілекті аналар шашу шашады. Ересек балалар тайға мініп, жарысады. Аяғы шағын тойға ұласады.

Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.

Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата - ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.

Тұсау кесер жырлары айтылады.
Оқушы.
Қаз, қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Ала жіппен тұсауын кеседі. Неге ала жіппен кеседі?
Қазақтың мақалы бар.
«Біреудің ала жібін аттама!»

ІV. Бекіту
Ойланып кесте құрайық.

Сендер тудыңдар – шілдехана тойы.
1жасқа толдыңдар – туған күндерің.
Жүре бастағанда – тұсау кесер.
Бірінші рет алыс жолға шыққанда – тоқым қағар.
6 - 7 жаста атқа мінгізу – ашамай той.
5, 7, 9 жаста – сүндет той.
1 – сыныпқа бару – тілашар.

V. Қорытындылау
«Қазақтың дәстүрлері - ай» әні орындалады.
VІ. Оқушыларды фигуралар арқылы бағалау.
VІІ. Үйге: Қазақтың әдет - ғұрыптарынан үзінділер жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 476
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.
Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.
Қазақ халқының әдет - ғұрпын сақтауға, үлкенді, кішіні сыйлауға, қонақжайлыққа, еңбекқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері
Оқушыларға қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің маңыздылығын, адам қарым-қатынасындағы ролін көрсетіп, ұлт жанашыры болатын азамат тәрбиелеу.
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі Оқытушы: Солтанбек М. Б.
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Ауылдағы тәрбие көзі
Ауылдағы тәрбие көзі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Бірлік селосы, Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Есенова Бақытгүл Қалыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×