Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шуақты көктем

21 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Армысыздар ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен бастауыш сынып оқушыларының арасында өткелі тұрған
«Көктем шуағы» атты ән байқауына қош келдіңіздер!
Бұл байқаудың ерекшелігі оқушылар әр түрлі әндерді нақышына келтіре орындап және бойларындағы би өнеріне деген икемдерін көрсету. Топ ішінен суырылып шыққан әншілер мен бишілерге атына сай марапаттаулар беру.
Байқаудың әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Әділқазы алқасының төрағасы Мектеп директоры:
Оразаев Сырлыбай ағай

Мүшелері:
Оқу ісі - жөніндегі орынбасары:
Бірлестік жетекшісі:
Бастауыш сынып мұғалімі:
Ата - аналар ұжымынан:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Босқа қарап тұрмаңыздар
Байқауымыз басталды
Көргендер де арманда
Көрмегендер де арманда
Қызықтан тыс қалмаңыздар
Байқауымыздың беташары «Ақ тілек» термесі қарсы алыңыздар!
Мектеп алды даярлық тобының оқушылары.
Байқауымыздың алғашқы қонағын қарсы алайық.

1. «Көктем келді, Күн күліп арайланды
Шын досыңның көктемдей арай жаны
Күліп аспан ал дала шаттанғанда
Жылуындай көктемнің тарайды әні -, дей келе ән
«Жылайды жапырақ» орындайтындар: апалы - сіңлі Манар мен Ақбота

2. Ән толқыны тағы да бір тербесін
Әсем залды қоңыр үні кернесін
Үш жігіттің өнеріне тәнті боп
Риза болып қол соғылсын келгесін!
Ортаға қошеметпен Мадияр, Қажымұқан, Диар ұлдарыңызды шақырамыз

3. Мамам, мамам, ақ мамам
Менде өзіңдей ақ балаң
Айтқан тілді аламын
Жұмсағанда барамын дей келе «Апам үшін» әнін орындайтын Айымды қарсы алайық.

4. Дәуірде қайта туып жанардың да
Толғанттың талайларды ар алдында
Араға бірнеше айлар салып
Көктемім елге аман оралдың ба
Ән: «Өз елім» орындайтын Бекзат

5. Тал шыбықтай бұралған өзі керім
Мінеки, оны айтатын келді жерім
Қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян
Сипаты жаннан асқан ол бір серім
Тал бойының міні жоқ қолаң шашты
Шашының ұзындығы тізе басты
Гүл төгілер аузынан меруерт тісі
Ондай жан дүниеде жаралмасты
Қарсы алыңыздар Зейнепті Үнді биімен

6. Айналаның бәрі гүл
Келді көктем тағы бір
Табиғаттың жұмағы
Табиғаттың сәні бұл, - демекші келесі орындалатын
ән: «Жау, жау жаңбыр» орындайтын Райымбек пен Нұркен

7. Құдіретті жыр тудырған санамда
Кім екен бұл, Қыз жібек пе, Баян ба?
Әлде ару Қарлыға ма, Құртқа ма?
Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда
Кім болса да, періште ғой, ғажайып
Әттең, шіркін кетпесе екен азайып
Ән: «Аппақ гүлдер» орындайтын Сыржан қарсы аламыз

8. Қуаныш көрсең көзімнен,
Қаласың ана шаттана.
Мәңгілік жүрсем өзіңмен,
Арманым болмас жан ана келесі тыңдайтын әндеріңіз «Анашым» орындайтын Назерке

9. Шырқаудан бір сәт тынбас ән
Қызғалдақ гүлім құшқаным
Даламды жапқан қызғалдақ
Қып - қызыл нұрдан жаралған, дей келе келесі шырқалатын ән:
«Қызыл гүлім - ай» орындайтындар Гүлмайрам мен Әсемжан қарсы алыңыздар
10. Жан қалмасын жай тұрған
Мәз болсын жас - кәріміз
Күй шертілсін ән айтып
Би билейік бәріміз
Үнді биімен Ақберен мен Асылжанды ортаға шақырайық

10. Сезімнің гүлі сен едің
Ғашықтың бірі мен едім
Армандай асыл ақ ақ гүлім
Өзіңді іздеп келемін
Ән: «Арман» орындайтын Нұрым.

11. Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
Келесі орындалатын ән: «Қазақ қыздары» ортаға Саламат ұлдарыңызды шақырамыз.

12. Мен ғой деп еңбекші елдің аңсағаны
Желпиді көктемнің жел самалы
Шаттанып наурызым ау сен келді деп
Еркебұлан мың бұрала би билейді
Вальс: Еркебұлан, Асылжан

13. Қырдың қызыл қызғалдағы гүлдеген
Аңқиды хош иісі жер бетінің гүлменен
Гүл атауын иеленген адамдар
Бақытты ғой осындай есімдермен,
«Айгөлек» әнімен кішкентай Данамызды қарсы алайық

14. Қазақ осы – ән салады шырқатып
Қазақ осы күбірлетер күй тартып
Қазақ осы қыр сырларын меңгертіп
Би билейтін сан құбылтып бұралып
«Испан» биімен Асылжан қыздарыңызды қабыл алыңыздар
«Көктем шуағы» атты байқауымыз өз мәресіне жеткелі тұр
Тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
Сөз кезегі әділқазы алқасында. Марапаттау рәсімі
7 952
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі
Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
Рахмет айтамын!
Рахмет айтамын!
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Олай болса бір - бірімізден жан жылуымызды аямайық демекпін.
Талантыңмен таныл
Талантыңмен таныл
Құрметті қонақтар, ата - аналар! Бүгін, көктем мерекесін өздеріңізбен бірге өнер мерекесі ретінде өткізгелі отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсы, қымбатты апайлар, аналар, қыздар!
Қош келдің, Әз - Наурыз!
Қош келдің, Әз - Наурыз!
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ мектепалды даярлық топ мұғалімі Ажгалиева Айнур Шапагатовна
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Атырау қаласы, Жанаталап селосы Жамбыл орта мектебінің 2 сынып оқушысы Қулушева Арайлым Ұстазы, ақындыққа баулыған жетекшісі: Ақерке Башиева Шамилқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×