Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарих бетіндегі ақтаңдақтар

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тарих бетіндегі ақтаңдақтар

Мақсаты: Б) Халқымыз жеке ел болып, Қазақстан мемлекет атағын алды. Десек те тарихтың беттерінде ақтаңдақта баршылық екен түсіндіру.
Т) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Д) Әлемнің дамыған елдерімен бәсекелесуге қабілетті елге айналғанын баяндау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы ашаршылық жылдар, қуғын – сүргін жылдарындағы ұлы тұлғалардың суреттері, Ұлы Отан соғысының батырлары, Желтоқсан құрбандарының суреттері, О. Сүлейменовтың суреті.
Әдісі: Тарихқа шолу

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Адамзаттың тарихында қоғам өмірімен, халықпен бірге жасайтын тұғырлы тұлғалар көп болған. Бір орталықтанған әміршілдік - әкімшілдік солақай саясаттың құрбаны болған да қазақ халқының бетке ұстар азаматтары, қарапайым қазақ халқы. Өз елін, жерін, атамекенін тастап кетпей ел басына түскен ауыртпалықты елмен көтергенде сол халық.
Жүргізуші: Большевиктер өкіметі басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жері екі дүркін – 1920 жылдардың басы мен 1930 жылдары жантүршігерлік ашаршылықты, бастан өткерді. Қазақ байларын тәркілеу, малшы халықты ұйымдастыру шаралары, осы кезде жіберілген қателіктер мен асыра сілтеушілік салдарынан халық ретінде жойылудың аз – ақ алдында қалды.

1 – оқушы: (Т. Невадовская «Қазақстан трагедиясы»)
Көктем туып бар тіршілік оянған
Қаумалаған қалың ойдан жеріп көр.
Жер де міне, жасыл реңге боянған
Көз алдымда... мұз құрсанған өліктер.

Кір – қожалақ, балақ биті басқа өрген.
Бірақ оны елемейтін мен тіптен
Көрген сәтте сорлыларды босқа өлген
Ет жүрегім жүгірмей – ақ ентіккен.
2 – оқушы: Сұмдық сурет есте мәңгі сақталар
Айныдық па адамшылық салтынан?
Ашыққандар шөп – шаламды ақтарар,
Табам ба деп, табам ба деп жарты дән.

Нөсер шайып, жер кеулеген қар кете
Шөмелелер аштың көзін арбаған
Түк таппайды жеткенімен әл кете
Шірік масақ тышқаннан да қалмаған
3 – оқушы: Сүйектері шодырайған тым арық
Іші деген кеуіп кеткен қампиып
Жас өркендер түк көрместен қуарып
Кетіп жатыр өкінішті, жан қиып

Көз алдыма тұрып алды көлбеңдеп
Сәбилердің аянышты бейнесі.
Шөмелелер түбінде аштан өлген көп
Жел жұлмалар өрім - өрім жейдесін
Жүргізуші: 1937 - 1938 ж. ж. тарихқа зобалаң жылдары деп қазіргі уақытта баға берілуде. Бұл жылдары елім, жұртым деп жүрген азаматтар халық жаулары деп атылды. 101 мың қазақстандық ГУРЛАГ – қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазірде сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды.

4 оқушы: Көрсоқырлар қызғаныпты дарынын,
Беделі мен атақ - даңқым, арымын.
Қолданыпты дақ іздеген пақырлар
Сталиннің жау іздеген сарынын.

5 оқушы Бұл – қазақ тәңірге зар еткен қазақ!
Қиналып, қанды азап шеккен қазақ.
Әйтеуір қанды азаптан құтқарар деп,
Оқыған азаматын күткен қазақ.

6 оқушы: 1940 жылдардың аяғында Мәскеу орталығы қазақ халқы зиялы қауымдарының арасынан ұлтшылдар мен байшылдарды іздеу науқанын басынан кешті. Тіпті М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Қ. Жұмалиев, С. Мұқанов, Қ. Бекхожин, С. Бегалин сынды ірі тұлғаларға тіл тигізушілер табылмай қалған жоқ. Турасын айтқанда 1937 - 1938 жылдардағы орын алған саяси ахуал
қайталанды.

8 оқушы: 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде ерен ерліктің үлгісін көрсетіп Кеңес Одағының орден, медалдарымен марапатталған қазақстандықтар – 96638, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтар – 603 мың. Соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, өзінің батылдығы мен жігерін, ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен аға тарихта өз бағасын ала алмады. Мысалы: Бауыржан Момышұлы, Мәлік Габдуллин т. б. Сияқты азаматтар өлгеннен кейін Батыр атағын алды.
«Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде»,
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде

7 оқушы: Мәскеуде «Мәскеу ісі» дейтін науқандар жүріп жатқан кезде, Қазақстанда «Бекмаханов ісі» дейтін іс қолдан жасалынады. Ол дарынды тарихшы еді. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы жазғаны үшін буржуазияшыл - ұлтшыл идеологияны дәріптеуші деген саяси айып
тағылып 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

8 оқушы: Аса ірі ғалым Ә. Марғұланның көзқарастары ғылымға жат тұжырымдар деп «космополит» айыбы тағылып қудаланды.
9 оқушы: Тың жерлерді игеруді Қазақстанның 6 облысында жүргізілді. Тың игеру ісіне
1954 - 1962 жылдары 2 млн украин, беларусс, орыс ұлтының адамдары келді. Бұл орыстандыру саясаты еді.

10 оқушы: 1979 жылғы желтоқсанда - Ауғанстан жеріне кеңес әскерлері енгізілді. Ауған соғысына 21979 қазақстандық қатысты. Оның 780 - қаза болды. 393 – і мүгедек болды. 22 – сі хабарсыз кетті. 1989 жылғы ақпан – Ауғанстаннан кеңес әскерін әкету аяқталды.

11 оқушы: Азаттық – ел жүгін атқару ол,
Асулардан аттайтын қатпары мол.
Ауғанның ащы дәмін татқан бауырым,
Алаштың арқа сүйер мақтаны бол!
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

12 оқушы: Жау дейміз – ау қолдан жасап жауыңды,
Саясаттың солақайы уландырған тамырды,
Бауырыңа бауыздатып балдай ішкен қаныңды,
Заманы еді Кеңестің ол сұрапылды, дауылды.
Отан үшін отқа тостың кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді,
Жебейді олар әруағымен сендерді

13 оқушы: Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім – жесір тағдырларын ойлашы.
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.
Еске алып, құрметтейміз құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға толсын, суық көрде жылысын,
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің

14 оқушы: Қазақстан жерлерінде ядролық полигон сынақтары жүргізіліп, ол жергілікті халықтардың денсаулығына әсерін тигізді. Ядролық полигон әсерінен келген зардап жасырын ұсталды. Полигондағы жарылыс саны – 459, оның 113 – і әуеде жарылды. Ашық ауада ядролық сынақ 14 жылға жалғасты.
15 оқушы: 1989 жылы қоғам қайраткері О. Сүлейменов Кеңес Одағында бірінші бас көтеріп, ядролық сынақтарды тоқтату жөнінде Невада – Семей қозалысын құрып еліміздегі
«Семей – Дегелең» полигонының жабылуына ықпал етті.
16 оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевты зейнеткелікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы міндетінен босатты.
14 оқушы: Қонаевтың орнына Ресейдің Уляновскі қаласын басқарған Г. Колбин сайланды. Төтенше өткен Пленум 18 минутта аяқталды.
15 оқушы: Желтоқсан – майдан жанжалы деме көшенің,
Желтоқсан зары боздағын көмген шешенің.
Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара
Бүгінім менен кешенің.

16 оқушы: Ер қадірін назардан тасалаудан
Қай ел опа тауыпты?
Иә, Ерлікті жасамаудан
Бағаламау әлде қайда қауіпті! – деп Мұхтар ағамыз жырлағандай, қанды қырғын мен боздақтардың қаралы күні ретінде 17 - 18 желтоқсан әр жыл сайын атап өтіліп келеді.

Жүргізуші: 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991 жылы Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Президент етіп сайлады. Егеменді елдің болашағы жарқын болу үшін Әлем тарихында өзіндік қол таңбасы бар Н. Ә. Назарбаевты президенттікке халқы қайта сайлады.

Мұғалім: Кеңес тарихының 74 жылын Қазақстан мен оның халқы үшін босқа өткен кезең деуге болмайды. Десек те тарихтың беттеріндегі ақтаңдақтарды жоя алмаймыз. Бұл туралы Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» деген еңбегінде былай деп жазды: «... өз басым
Қазан төңкерісінен кейінгі жылдар біз үшін текке өткен жоқ деген байлам жасадым. Материалдық өндіріс жүйесін түбірінен жаңарту, адамдардың білім деңгейінің күрт өсуі, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қатынастарды жақсарту,... ғарышқа самғау – мұның бәрін өзіміздің тарихи жүгіміздің асылдарына жатқызған жөн»
Құрметті оқушылар Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар! Жақсы оқып, үлгілі тәртіпті болыңдар! Өз елің мен жерінді көркейтіп Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын! Көк туымыз төбемізде желбірей берсін.

Ақтарсақ ақтаңдақтар даталарын,
Майданда қаза тарқан аталарым.
Шіркін – ай, оралмасын білді ме екен,
Кетерде беріп кеткен баталарын,
13 538
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Иә, қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі тұрған еді.
31 мамыр – саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап - қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы болған
Бір шаңырақ астында
Бір шаңырақ астында
Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Мейіржан Оразханұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×