Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 мамыр- Бірлік мерекесі

15 сәуір 2022, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: 1 мамыр - Бірлік мерекесі
Мақсаты: Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым қатынасын нығайтуға тәрбиелеу, қазақтың салт - дәстүрін сыйлауға, өнер қайраткерлерін құрметтеуге, өнерін түсініп тыңдауға, қазақ халқына деген қошеметпен қарауға, сыйлауға, Отанын сүюге, халықтар достығын, ұлтаралық қарым қатынасты сақтауға тәрбиелеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту, оны одан әрі дамытуға баулу.
Көрнекілігі: Қазақ халқының ұлттық заттарының суреттері ( қоржын, кесеқап, құрақ көрпеше, сандық, түлкі терісі, домбыра, киіз үй, достық туралы нақыл сөздер, билбордтар)

БАРЫСЫ:
1 - ж: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Халықтар достығы» деп аталатын шарамыз 1 мамыр - Халықтар бірлігі мерекесіне арналады. Сіздер білесіздер, біз - кең байтақ еліміз Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығын, кеңдігін,
кеңпейілдігін көрсетеді. «Кең болсаң, кем болмайсың» деп қазақ атам айтқандай, Қазақстанда басқа ұлт өкілдерінің 120 - дан астамы тұрып жатқан жайы бар.
Қазақ осы айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы аңғал саңғал жабусыз,
Қазақ осы ағыл тегіл, көл көсір.
Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы өнер алды - тіл дейтін.
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін., - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім.
Бүгінгі мерекеміз Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметтілігіміз, парасаттылығымыз бен имандылығымыздың айғағы.
ІІ ж: Қазақстанда 1989 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта гректердің «ЭОС» қоғамы, неміс ұлттық мәдени орталығы, поляктардың «ВЕНЗЬ» қоғамы, дағыстан, кәріс, дүнген, күрд, ұйғыр, түрік, шешен - ингуш мәдени орталықтары, қырғыздың «Мекен», буряттың «Саяны», карель мен финдердің «Суоми», еврейдің «Шолом», қалмақтың «Бумба», қарашай - балқардың «Минги тау», венгердің «Келет», армянның «Луйс», әзірбайжанның «Озан», украин ұлттық - мәдени орталықтары және Жетісу қазақтарының қоғамдық бірлестігі ашылған.
Ортаға Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерін шақырамыз. ( ортаға әр ұлтты таныстыру барысында сол ұлт өкілдері шыға бастайды)

I жүргізуші: Грузия Республикасы - Европаның оңтүстік - шығысында, Кавказдың оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Құрамына Абхаз және Аджар республикасы енеді. Шекарасы Ресей, Азербайжан, Армения, Туркия мемлекеттерімен шектеседі.
Тұрғындарының 70, 1 %- грузиндер. Астанасы - Тбилиси. 1, 2 млн халық тұрады. Ұлттық мейрамы - 26 мамырда тойланады. Бұл күн мемлекеттік тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні. Ресей, Түркия, Армения, Әзірбайжан - басты сауда серіктестіктері. 1992 жылы бері Қазақстанмен дипломатиялық қатынаста. Елде 19 мемлекеттік жоғары оқу орны, 32 театр, 110 музей бар. Ортада Тбилисиден келген қонақтар.( өз өнерлерін көрсетеді )

II жүргізуші: Неміс халқы Сталиннің бұйрығымен Поволжьеден жер аударылған. Қазір Қазақстанда – 353441, ал қала бойынша 9390 неміс ұлты тіршілігін жалғастыруда. 1957 жылдаң бастап неміс тілінде радиобағдарламалар, 1966 жылдан бері «Фройншафт» газеті шықты. 1980 жылы Теміртау қаласында неміс драма театры ашылды, кейіннен ол Алматы қаласына көшірілді. Ендеше ортаға неміс ұлт өкілдерін шақырамыз.

Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені
№ 215 орта мектебінің тәрбие ісі орынбасары
Скендирова Анар Болатқызы

Толық нұсқасын жүктеу
27 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
1 - Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, басқа ұлттармен қарым - қатынасын нығайту. Ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Мәңгілік Ел - Менің Елім
Мәңгілік Ел - Менің Елім
Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын,
Ынтымақ мерекесі
Ынтымақ мерекесі
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту. Тәрбиеші: Ахметкалиева М. Б.
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні, Достық мерекесі
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні, Достық мерекесі
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×