Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің , Әз-Наурыз!

23 наурыз 2012, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қош келдің, Әз - Наурыз!
(танымдық - тағылымдық кеш бағдарламасы)
(Табиғатта көктемнің келгенін білдіретін дыбыстар естіледі: Құстардың дауысы, судың сыбдырлап аққаны сияқты дыбыстар)
Ортаға ата мен немересі шығады

Немере: Ата, бүгін күн өзгеше сияқты. Көктем дәл қазір келген ғой дейтіндей. Құстар сайрап, күн жарқырап тұр. Шынымен де өзгеше.
Атасы: Иә, балам. Бүгін ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің теңесетін мезгіл. Иә, бүгін, күн өзгеше.
Кей адамдар наурыздың мән - маңызын жете түсіне бермейді. Әсіресе, жастар жағы. Оның мерекелік сипатын қызықтайды да, танымдық, тарихи жағына бас ауыртып жатпайды. Өйткені, оны кейде үлкендердің өздері де білмейді. Тіпті діни мейрам деп те шатастыратындар бар.
Жүргізуші атаның қасына жақындайды.

Жүргізуші: Ата, бүгін екі ауылдың жастары наурыз тойын тойлап жатыр. Сол тойға келіңіз, немереңізге наурыз туралы жастардың өздері айтып береді. Жүріңіз. (Ата ауыл жастардың қасына келіп жайылған дастархан басына жайғасады)
Жүргізуші: Ал, жастар, енді мына бүлдіршін жас балаға наурыз мейрамы туралы айтып берейік. Бердім сөздің кезегін.
Әр ауыл жастары өздері дайындаған слайдтарын көрсетіп, наурыз туралы мәлімет береді.

1 – ші ауыл: Наурыз мерекесін атап өту дәстүрі бойынша, патшалар өз тағы мен билігін наурызда бір күн кедей - кепшікке беретін болған. Ұлыстың ұлы күнінде жұмыс істелмейді, іс басталмайды, ешкімді ешкім ренжітпейді, біреуге - біреу дауыс көтеріп, болмаса жаман сөз айтпайды. Шарап ішілмейді, құрбан шалынбайды. Халқымыз наурызда даланы Қызыр ата аралайды деп үйінің есігін ашып отырған. Жастар үлкен кісілерден бата сұрайды, жігіттер қыздарға сый - сияпат жасайды. Ренжісіп қалған азаматтар бір - бірінен кешірім сұрайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған.

Бұл күнді қарсы аларда халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір - бірімен қос қолдасып, төс қағыстырып, әйелдер құшақтасып, бір - біріне игі тілектер айтқан. Бірін - бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі - қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы - жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар - ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос - жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады.

2 - ші ауыл: Жүздеген жылдар бойы қазақ халқымен бірге жасасып, ұлтымыздың салт - дәстүрі мен әдет-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған Наурыз мерекесінің орны әрине ерекше. Наурыз мерекесі күні - қасиетті күн. Данышпан ата - бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған. Наурыз - Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін ай. Осы айда табиғаттағы барлық тіршілік иелеріне жан біте бастайды. Қыстың соңы, көктемнің басы жыл құстары келе бастайды.

Сол себептен де болар табиғаттың тылсымы мен ғалам ғажайыптарын терең ұғына білген ата - бабаларымыз бұл күнді Жыл басы деп есептеген. Наурызды шығыс халықтары бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде атап өтеді. Бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Осы күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Наурыздың айрықша тәлім - тәрбиелік, үлгі - өнегелік, сән - салтанаттық, мәрт - жомарттық, қадір - қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегеге, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурызды халқымыздың асыға күтетіні осы себептен болса керек.
Жүргізуші: Рахмет, сіздерге. Көп жастарымыз біле білмейтін мәліметтер айттыңыздар. Енді тойымызды бастайық.

Жастардың арасынан біреу шығып:

Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу - маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!

Екі ауыл жастары өз өнерлерін ортаға салады. Қалғандары дастархан басында отырып тамашалап, қолпаштап отырады.
Жүргізуші: Тойымыз өте көңілді өтіп жатыр. Наурызда тек қана өлең айтып, би билеп қана қоймай, ұлттық ойындар ойнаған ғой. Ендеше, қазір «Арқан тартыс» ойыны. Бірақ, бұл ойын шартын кішкене өзгертпекпін. Мен қазір Наурыз мерекесіне байланысты бірнеше салт – дәстүрлерді атаймын. Ал сіздер соның мағынасын түсіндіріп бересіңдер. Бірақ ойын «Арқан тартыс» болғандықтан, қай ауыл жастары бірінші болып қамшыны көтерсе, сол ауыл жастарына ұпай қосылады. Соңында қай ауылдың дұрыс жауабы көп болса, сол ауыл жеңген болып саналады. Дайынбыз ба? Ендеше кеттік.
Жүргізуші салт - дәстүрлерді атайды, ал ауыл жастары оны түсіндіруге тырысады. («Ұйқыашар», «Селтеткізер» т. б.)
Жүргізуші: Жарайсыңдар. Өте тамаша ойын болды. Кішкене сергіп қалдық. Енді бүгін тойымыздың қонақтарының бірі төрде отырған атамыздың да бір әңгімесін тыңдайық.

Ата: Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы екенін қазақ баласының көбі біледі. Наурыз туралы көптен бері, жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. «Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік - шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін» дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім деп жылы шырай сезіне бастап, «бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз» дегендей сағынышты көршілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. Бұл күні туған төлді ешкімге сыйламаған, ал Наурыз күні дүниеге келген жас сәбилерге Наурызбай, Наурызбек, Наурызгүл деп ат қойған. Мына менің немерем дәл наурыз күні дүниеге келгендіктен өзім Наурызбай деп ат қойдым.

Жүргізуші: Наурызбай, айтшы, өз атың саған ұнай ма?

Наурызбай: Иә, ұнайды. Себебі, бұл күні тек қана менің туған күнім емес, бүкіл қазақ халқы үшін ұлы күн. Наурыз айы туылғандықтан болар, менің көңілім үнемі көтеріңкі болады.
Жүргізуші: Ендеше, Наурызбайды және осы жерде отырған жастардың арасында Наурыз айында туылған дар болса ортаға шақырып құттықтап, оларға арнап барлығымыз бір тамаша ән - сыйымызды арнайық. (Ән орындалады)

Жүргізуші: Наурыз мерекесі наурыз көжесіз болмайды ғой. Көжеге жеті түрлі тағам салатынын барлығымыз да білеміз. Ендеше ортаға бір жасты шақырамын. Оған жеті сұрақ қоямын. Егер де жетеуіне де сүрінбей жауап берсе, онда бүгінгі тойымыздың наурыз көжесі де дайын болады. Ал, кім мықты? Шығайық ортаға.

Ортаға жастардың біреуі шығады, оған наурыз мерекесіне байланысты жеті сұрақ қойылады.
Жүргізуші: Міне, нағыз азамат! Ендеше бүгінгі наурыз тойымыздың наурыз көжесін алып келіңдер. Барлық тойшы қауым наурыз көжеден дәм татсын. ( Әуен ойнайды, наурыз көже таратылып беріледі)
Ортаға қыздар шығып «Наурыз» әнін орындайды
Жүргізуші: Бүгінгі наурыз тойымыз да аяқталуға жақын. Ән айтып, би билеп көңіл көтерген ауыл жастарына рахметімізді айтамыз. Енді кезекті батаға берейік. Ата, сізден бата сұраймыз

Ата:
Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
22 290
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Армысың, әз Наурыз!
Армысың, әз Наурыз!
Құрметті қонақтар, әріптестер! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурызбенен ұласып көктем жеткен! Үлкен – кіші көңілін көкке өрлеткен! Жан – жануар, табиғатты түрлетіп, Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен!-
Қош келдің, Әз - Наурыз!
Қош келдің, Әз - Наурыз!
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ мектепалды даярлық топ мұғалімі Ажгалиева Айнур Шапагатовна
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×