Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

01 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! (презентациясымен)
Мақсаты: 1) еліміздің Тәуелсіздік алып жеткен жетістіктерімен таныстыру, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру;
2) Желтоқсан құрбандарын еске алу, тіл байлықтарын, сана - сезімдерін дамыту;
3) туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакатқа жазылған нақыл сөздер, қазақ елінің рәміздері.
Барысы.
Армысыздар, әріптестер, қонақтар және шәкірттерім! "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жок. Бұл күнге қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды. Әсіресе Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ. 1991 жылы иісі қазақ Тәуелсіздікке қолы жетіп шаттыққа бөленді.
Шексіз шексіз қиырсыз, ұлы дала,
Шуақ болып шомылмай жылына ма?
Сүй Отанды, шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал ойына, қырына да, - деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай біздің 5 сынып ұл – қыздары осы дәстүрді тоздырмай, жоғалтпай бүгінде сіздерге өздері дайындаған ертеңгіліктерін көрсетпекші.
Туымен тұғырлы, Елтанбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты
1- оқушы: Жыр ғұмыр, жан азығым, әнұраным,
Мен сені естімесем сағынамын.
Алтынға айырбастамас ата - анамдай.
Туғалы сенсің менің танығаным.
Шексіз көк аспанды жамылады,
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі.
Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын
Әнұран — Мемлекеттің халық әні.
Әнұран орындалады

2-оқушы: Тәуелсіздік! Бұл неге соншама қастерлі сөз?! Неге соншама қастерлі ұғым?! Әдетте әр халық, дәлірек айтқанда әр ұлт өз елін өзгеге билетпеуге күш салады. Өзі мекендейтін жерді жаудан жанын сала қорғайды.
Бұл — атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр.

3-оқушы: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың ғасыр тірілдім мәңгі өлмеске.
Айта бергім келеді, айта бергім.
4 - оқушы: Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген,
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен.
Бойтұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.
Біз қазақпыз қастерлер баба салтын,
Аман бол, айналайын дана халқым.
Күн туса атқа қонам бір сен үшін.
Міне жаным, міне қаным, міне антым.

5- оқушы: Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас еркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың.
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

6 - оқушы: Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың,
"Нашақор" деп, "Маскүнем" деп айыпталды ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша,
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым?!
Айналайын, айналайын, жас Қайратым, қыраным?!

Слайд. Тәуелсіздік шежіресі. «Сандар сөйлейді» ойыны.
1) 1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16 - желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.
2) 1991 жылы 10 - қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
3) 1992жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ - на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
4) 1993 жыл қарашаның 15күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
5) 1994жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
Екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
6) 1995жыл тамыздың 30да Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
7) 1996жыл 30қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.
8) 1997жыл қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
9) 1997жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.
10) 1997жылы Тіл туралы Заң қабылданды.
11) 1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6 - мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті
12) 1999жыл 10қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 - жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
13) 2000жыл Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500жылдығы тойланды.
14) 2001жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21 - ғасырды зор сеніммен қарсы алды.
Ақпан айының алғашқы жетісінде Тәуелсіз Қазақстан мұғалімдерінің ІІсъезі өтті.
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев 2001жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады. «Туған өлкем» өлеңін оқиды.
15) 2006жыл! Желтоқсан оқиғасының 20жылдығы аталып өтті. 2006 - 2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.
16) 2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді..
17) 2010жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды
18. 2011жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н. Ә. Назарбаев болды.

Көрініс: "Апасы мен немересі" (Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді)
Немересі: Әже, өткен емір деген не?
Әжесі: Ә, балам, өткен өмір сонау ежелгі ата бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ал ол қандай болған?
Әжесі: Ендеше, тыңда, балам, әжең бір сөйлесін. Болмаса да оқыған тарихшы атым.
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатын, кейінгі ұрпақ ұмытпаса.
Айтылған аталардың аманатын.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды білуің керек. Балам, теледидарды қосшы, тарихты тыңдайық.
Диктор сөзі: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды, Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды, намыс құдіретін әлемге паш етті. Қазақстанда 1986 жылы желтоқсанның көтерілісіне қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т. б. жауапқа тартылды.
Әжесі: Бұған да тәубе, Егемендік алып әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: Әже, Егемендік деген не?
Әжесі: Егемендік "иесі мен" деген сөз, көптен бері естімеген сөз. "Егеменді" деген сөзден естілер Атажұрттың арғысы мен бергісі. Желбіреген көк байрағымыз, айтылды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарына тарих етіп баяндап әжелерің тұр. Ұмытпаңдар, айналайын, ұрпақтарым!
Мұғалім:
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Мұғалім: 16 желтоқсан. Бүл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлык күні, өктемдік үні еді.
7-оқушы: "Ләззат пен Сәбира"
Кетпес мәңгі көңілден Қырдың гүлі қырмызы.
Ағып түскен көгімнен Желтоқсанның жұлдызы - Ләззат пен Сәбира!
Атыңды айтар кәрі - жас
Арын Темірқазық қас, Зұлымдыққа жаны қас,
Адалдық пен нәзіктік.

1-оқушы: Желтоқсанның бораны,
Желтоқсанның қар мұзы.
Ұмытылған жоқ әлі
Жалпы жұрттың жалғызы...
Шығар шақта қайраңнан
Атқа қону - ар ісі...
Қайран елдің қайраңнан
Қасиетті намысы
Булықтың да бұлқындың.
Қара ормандай жұртымның
Қайсар туған қыздары - Ләззат пен Сәбира!
2-оқушы: Желтоқсанның ызғары - ай,
Кірпікке қатқан мұздар - ай!
Елім - ай деп егілген
Қаһарман ұлдар, қыздар - ай!
3-оқушы: Көтерілді жастарымыз алаңға,
Көтерілді студент қыз балаң да.
Қан төгілді намысы үшін қазақтың,
Ерліктері жайылды кең ғаламға.
Қаһарманын ұмытпайды халықтар,
Ерлігіне тағзым етем қашанда,
Тәуелсіздік алып берген Алыптар!
Мұғалім: Бүгінгі біздің бақытты өміріміз қан төгіп құрбан болған боздақтарымыз мәңгі есімізде. Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен әкелер мен ағалар, апаларға басымызды иеміз!
(Бір минут еске аламыз.)

оқушы:
Қош болыңдар, ағайын туыс, бәрің де
Кош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.
Қараңғылық баста тұрмас қашанда,
Бостандықта кездесеміз әлі де...
Астана туралы фильм. «Атамекен» әні
Слайд Астана
Мұғалім: Байтақ дала жерім менің, Арта берсін кенің сенің.
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Мұғалім: Олар... қазақтың ес жиып, етек жауып, өз алдына ел, мемлекет болғанын, өзгемен терезесі тең болғанын көкседі, бірақ көрген жоқ. Бірақ олар осы күнді жақындатып кетті, осы күнді бізге сыйлап кетті.
Олар... қазақ үшін қан төкті, жанын берді. Қазақтың баласы ешкімнен көзтүрткі көрмеуін күндіз - түні тіледі.
Оларды... Отан үшін, Қазақстанымыз үшін апат болғандарды әрдайым естен шығармауымыз керек, халқым!
«Болашақ біздің көзімізбен» ой толғау, сурет салу.

Қорытынды.
Міне, оқушылар, бүгін сендер Тәуелсіздік мерекесі күні өз еліміздің тарихы жайлы, Тәуелсіздік жолындағы күресі, Желтоқсан құрбандары туралы көп нәрсені ортаға салдыңдар, үлкен сабақ алдыңдар деп ойлаймын.
Ендігі сендерге айтарым: осы Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік ұстауға тырысыңдар. Ел бейбітшілігін, ел тыныштығын сақтау жолында күресе біліңдер. Әрине, ол күрес бейбіт күрес болуға тиіс. Еліміздің болашағы өздерің. Сондықтан да сендер осындай Қазақстан атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен шығармай, іштей мақтан тұтып жүріңдер. Сендерге сәттілік, ақ жол тілеймін!
Мұғалім:
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
39 854
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Желтоқсан қаһармандары
Желтоқсан қаһармандары
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 18 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейту. Отанды сүюге, байлығымызды қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Тәуелсіздік – тұғыры
Тәуелсіздік – тұғыры
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матина Жанар Ескендровна
Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік!
Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік!
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 13 бастауыш мектеп мұғалімі Маржан Жидебаева
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Тәуелсіздік жырлары
Тәуелсіздік жырлары
Еліміздің тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×