Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ідіріс Үргенішбаевтың туғанына 100 жыл

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ідіріс Үргенішбаевтың туғанына 100 жыл
Ауыл мұғалімі Ідіріс Үргенішбаевтың өшпес ерлігі
Мақсаты: Қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Ідіріс Үргенішбаевтың қайталанбас ер тұлғасы мен қаһармандық ерлігін, мұғалімдік бейнесін жан - жақты ашып көрсету;
батырдың ерлік істерін өн бойына сіңіріп, елін, жерін қорғай білуге, қаһармандылыққа, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
өскелең ұрпақтың бойына еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін құрметін арттыру.
Көрнекілігі: слайдтар, батырдың портреті, 100 жылдыққы арнап шығарылған кітаптар.
Барысы:
Жерлес ақынымыз Зиядин Әбдуалиев Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаевтың ерлігі туралы «Өшпеген жалын» дастанынан.
1. Ауыл мұғалімі
2. Қаһар боп соқты қырық бір
3. Жиырма жыл күтті - Жәмила
4. Днепр шайқасы
5. Қуанышты хабар
Кіріспе
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, оқушылар және қонақтар! Ат ауыздығынан су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға шығып елін, жерін қорғаған ержүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші! Осындай батыр болмысты, қайсар рухты, биік тұлғалардың бірі - Кеңес Одағының батыры өзіміздің жерлесіміз, ауыл мұғалімі Ідіріс Үргенішбаев.
Ідіріс Үргенішбаев 1912 жылы 16 сәуірде Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы Талдықұм деген ауылда дүниеге келеді. Әкесінен 5 жасында жетім қалады. Ақтөбе педагогикалық училищесін бітірген соң, туған ауылында бастауыш мектеп
меңгерушісі болып қызмет атқарып жүреді.
“Туған ұлдан не пайда, қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса” деп жауынгер ақын Махамбет айтқандай, мыңдаған ерлер қатарында І. Үргенішбаев та 1942 жылдың қаңтарында майданға аттанады. Қаламын винтовка мен автоматқа ауыстырған кешегі ауыл мұғалімінің тар жол, тайғақ кешуде азаматтық тұлғасы тағы бір қырынан жарқырап көрінеді.
Ідірістен қалған жалғыз баласы Есенгелді 1942 жылы 28 тамызда Аяққұмда дүниеге келеді.
Биыл Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай «Ауыл мұғалімі Ідіріс Үргенішбаевтың өшпес ерлігі» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
І бөлім. «Ауыл мұғалімі»
1 - оқушы:
Жайдары, көркем жаз еді,
Жайқалтқан майса шалғынын.
Балақайлармен мәз еді,
Тізімін алып шәкірттің,
Тіл тауып, шаруа - халықпен,
Ұланның бәрін шақыртып,
Ұстатып бір - бір «Әліппе»
Іздентіп білім сырларын,
Ідіріс аға тынбайтын.
2 - оқушы:
Болашақ үшін бұл дарын
Болаттай істі шыңдайтын.
Ағаның жаны ұғатын
Арманның мың дүрсіл лебін,
Аялап дәйім тұратын
Ауылдың бүлдіршіндерін.
Балақайларды қырандай
«Қанағаттандырсам» дейтұғын.
«Сапарға сұңқар ұландар
Сан аттандырсам дейтұғын»
3 - оқушы:
Пайымдап отыр Ідіріс,
Парағын ойдың ақтарып.
Санада сол бір дүбір іс,
Сауатын ашқан хат танып.
Қараңғы еді ел іші,
Халыққа тағар сын қандай?
Ескілік дәстүр желісі
Етектен тартып тұрғандай.

ІІ бөлім. «Қаһар боп соқты қырық бір»
4 - оқушы:
Өмірдің көшін қозғасып,
Ізгілік жолға бұрып кіл.
Бесжылдықтардай тез басып,
Басталды сол жыл - қырық бір.
5 - оқушы:
Шілдеде соққан ызғардай,
Шарпыған өрттей тұтқиыл.
Сумаңдап суық жыландай,
Сол хабар жетіп шалғайдан:
«Фашистік орда - ылаң жай,
Бастады,- деді,- қан майдан»
«Соғыс!» - деп айтқан суық сөз
Сіресіп қатқан мұз - қардай.
6 - оқушы:
«Отанға қауіп туды күн,
Ерлігің елдің сынайтын»
«Жүрмейді бізге күш - әмір,
Қылышпен қанды кезенген
Жеңеміз жауды, ісі - әділ,
Қаһарман елміз ежелден»
Қанқұйлы жаудың сорына
Қаһар боп соқты, қырық бір.

ІІІ бөлім. «Жиырма жыл күтті - Жәмила»
7 - оқушы:
Қаншама жыл елеңдеп,
Жеткенде күні Жеңістің
«Азамат аман келер!»- деп
Армандай күтті не мүскін.
Жол қараушы еді балалар,
Жәудір көздері жаутаңдап
Оралды қанша ағалар
Ордасын жаудың талқандап.
8 - оқушы:
Қан майданда ар үшін
Қиылып қыршын армандар.
Оралмай боздақ - арысы,
Ойсырап орны қалған бар.
Солардың бірі - Жәмила
Сарылған хабар хат күтіп,
Тіршілік, өмір қамында,
тағдырын достық пәк тұтып.
9 - оқушы:
Жанымда жара күйзеліс,
Дүниені шарлап қиялым
Таппадым дерек – белгіңді.
Өзіңнен қалған тұяғың -
Өсірдім Еснгелдіңді.
Жетімегің де жетілді,
Жоғалмайды екен орны бар.
Жазылмас сырқат секілді.
10 - оқушы:
Жесірлер - мендей сорлылар,
Лағынет айтып соғысқа,
Жанымды жүндей түтейін.
Арман жоқ тағдыр тоғысса,
Арысым сені күтейін.
Үйде бол, мейлі, топқа бар,
Үндемей тағдыр қарысқан.
Жиырма жыл өтті, жоқ хабар
Майданға кеткен арыстан.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 759
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, ержүрек қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл - қыздары туралы мәлімет беру. Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу.
Қасым Қайсеновтің мерейтойына орай «Жау тылындағы бала» повесті бойынша әдеби шолу сценарииі
Қасым Қайсеновтің мерейтойына орай «Жау тылындағы бала» повесті бойынша әдеби шолу сценарииі
Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Оқушыларды біздің жерлес қаһарман жазушы, яғни Қасым Қайсеновтің шығармашылығы мен өмірімен таныстыру.
Ер есімі - ел есінде
Ер есімі - ел есінде
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің технология пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Алмажан Тлеубаевна
Батыр – Бауыржан
Батыр – Бауыржан
Тақырыбы: Батыр – Бауыржан
Батырдың ізін жалғар, ұрпағы бар
Батырдың ізін жалғар, ұрпағы бар
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Шалқар қаласы №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дарибаева Ақгүл Абилкасимовна Сабақтың тақырыбы: Батырдың ізін жалғар, ұрпағы бар Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды Ұлы Отан соғысы мен қазақстандықтардың ерлік
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×