Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан туған өлкем, Табиғатың қандай көркем (лицей ішілік сайыс)

12 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген «Қазақстан туған өлкем,
Табиғатың қандай көркем!» - атты лицей ішілік сайыс.
Бұл сайысқа әр топтан 4 командалар қатысады.

Сайыстың барысы:
1. Таныстыру - топ мүшелері таныстыруларын айтады.(30 - 50ұпай)
2. Сұрақ – жауап - әр топқа сұрақ оқылады. Дұрыс берген жауапқа 10 ұпай
3. Үй тапсырмасы (30 - 50ұпай).
4. Журналистер жолға шықты - конвертте тапсырмалар болады. Соған репортаж дайындайды.
5. Пародия - әр топқа белгілі бір әншінің музыкасы қойылады, соған пародия жасауларыңыз керек. Конвертте тапсырмалар.
Бүгінгі сайысымызды саралап, әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасы мүшелерімен таныс болыңыздар

1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар!
Бүгінгі кешке қош келіпсіздер!
Жүрекке наз қылықты намысты іліп,
Жатыр ғой білімділер сайыс құрап.
Сәлем бердік қазылар алқасына
Әділ баға беретін қайыстырып.

2 – жүргізуші: Армысың асыл менің ұстаздарым
Жырақ кетсем өзіңді бір аңсарым.
Күмән бар ма өзіңнен бастау алған
Жылғалардың жылы өмір жастанарын.

1 - жүргізуші: Жырмен арайланып таң да атқан
Әнімен қуаттанып күн де батқан
Сәлем бердік саған да қалың қауым
Үлкені мен кішісі екі жақтан.

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік алып қалың қазағым
Құтты болсын алға басқан қадамың
Қанша уақыт тозып сенің табаның
Күлкі кетпей түңілмесін қабағың.

1 - жүргізуші: Тәуелсіздік таңының ұл - қызысыз
Біліммен, өнерменен бұлқыныңыз
Бұл өмір сайыстардан тұрады ылғи
Сайыста гүлдей жайнап құлпырыңыз - дей тұрып, ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

2 - жүргізуші: Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы!
Бірінші бөлім «Таныстыру» бөліміне кезек берейік.
Қазылар алқасы бірінші бөлімнің ұпай санын беріңіздер.
2 бөлім: Сұрақ - жауап.
Қазылар алқасы екінші бөлімнің ұпай санын беріңіздер.
3 бөлім. Үй тапсырмасы. Әр команда өз номерлерін көрсетеді.
Қазылар алқасы үшінші бөлімнің ұпай санын беріңіздер.

4 бөлім. Журналист жолға шықты.
Конверттегі тапсырмалар:
1. Табиғаттың басты байлығы - жер.
2. Ауыз су мәселесі
3. Семей сынақ алаңы.
4.№ 17 кәсіптік лицей өмірінен

1 - жүргізуші: Табиғаттың басты байлығы - жер.
Қазақстан 272 миллион гектар жерді алып
жатқан, соның 222 миллион ауылшаруашылығына жарамды жерлер.
«Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөздері бекер айтылмаған.
«Қазына қара жерде» дейді халық
Күн көрген осы жерден біраз алып,
Жер анадан үзіліп кете алмаған
Кемеңгер не бір дана, не бір алып,- ендеше тілші репортажы.

2 - жүргізуші:
Ей замандас! Ең алдымен досыңды ұқ,
Досың - жер, су, ауа, өсімдік
Ала жүріп осылардың сыйлығын
Осыларды қорлау деген не сұмдық.
Шындығында да, су адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған берекелі зат.
Сол асыл қазынамызды ұмытып, су қорларына тазартылмаған өндірістік коммуналдық сулар жіберіледі. Өндіріс орындарынан шыққан шайынды судың қайыра тазартылуы талай жылдан бері сөз болып келеді.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ауыз су мәселесі. Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылына журналист ауыз су мәселесін өз көзімен көріп қайтуға жолға шықты. Осы өңірден тікелей эфирде тілші репортажы.

1 - жүргізуші: Семей сынақ алаңының зардабы қырық жылдан бері ізсіз кетіп жатқан жоқ. Ең алдымен құйқалы өңірдің жері, табиғаты өзгерді. Бұдан кейін жарылыс толқыны адам мен малға ауыз салды. Әскери полигонның кіндігі Мыржық елді мекенімен іргелес жатыр. Қырық жыл қиянаттың қыспағында болған боз даламыз республикамыз егемендік алғалы ентігін басып есін жия бастағандай. Бірақ, «батпандап кірген ауру мысқылдап шығады» дегендей, әуелі жер үстінде кейінен жер астында жасаған дүмпулер елге дүрбелең туғызып қана қоймай, жазықсыз жандардың денсаулығына, ғұмыр жасыны дүлей болып тигені мәлім. Ендеше осы өңірден тілші репортажы.
2 - жүргізуші. Елбасының жолдауына сәйкес жұмысшы кадрларын дайындау барысын меншікті тілшіміздің № 17 кәсіптік лицейдегі тыныс - тіршілік репортажынан көріп тамашалайсыздар.

Қазылар алқасы «Журналист жолға шықты» - бөлімінің ұпай санын беріңіздер.
4 - бөлім. Пародия.

Конверттегі тапсырмалар:
1. Нұрлан мен Мұқасан
2. Сейфуллин Жолбарыс
3. Муз Арт тобы
4. Жігіттер тобы
Қазылар алқасы 4 бөлімнің ұпай санын беріңіздер.

1 - жүргізуші: Табиғат, жер - ана, Отан, туған жер және атамекен деген жүрекке жылы естіліп, көңілге шаттық ұялататын қасиетті сөздер бір – бірімен қатар айтылатын егіз, тамыры терең тағдырлас және мазмұны бай мағыналас сөздер. Адамның өзі сол табиғат пен жер - анаың перзенті.
Табиғат пен жер - ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтың борышы, әрі парасатты парызы. Ендеше бәріміз Жер - ананы аялайық, халайық!
2 - жүргізуші: Кешіміздің соңын мына бір шумақпен аяқтағым келіп тұр.
Мен – сәбимін. Асылық айту маған жат,
Жер - Анасыз мынау тірлік таман зат
Көгершінін көк аспанға көтеріп,
Табиғатты сақтаңыздар, Адамзат.

Қорытындылау. Марапаттау.
9 255
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір де жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа!
"Еңбек түбі - береке" еңбек күніне арналған сайыс
"Еңбек түбі - береке" еңбек күніне арналған сайыс
Құрметті әріптестер бүгінгі еңбек күніне байланысты «Еңбек түбі - береке» атты эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер!
Жігіттің сұлтаны
Жігіттің сұлтаны
Тақырыбы: Жігіттің сұлтаны
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
СҚО, Петропавл қаласы. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп кешенінде қазақ тілі мұғалімі Байбатырова Гүлжан
«Білгір – ана» интелектуалдық сайыс
«Білгір – ана» интелектуалдық сайыс
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы ұйымдастырушы педагогы Қоханова Алия Елеубергеновна
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×