Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігіт сұлтаны

13 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: Ер балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының ұлды тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, ұстамдылыққа, төзімділікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, слайд, асық, спорт құралдары, сандықша.

1 - Жүргізуші: Сайрандаған байтақ жердің төсінде,
Біздей – елдің қолқанатты еркесінде.
Жігіттер сайысын біз бастайық,
Зайсан қаласы, «Х. Мұстафина» атындағы орта мектептің 5 «а» сынып ұлдарының арасында.

2 - Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Өнер сүйер қауым!
«Жігіттер сұлтаны»сайысына қош келдіңіздер!
3 - Жүргізуші: Бүгінгі байқауға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Мектептің директоры:
Мектептің тәрбие ісі меңгерушісі:
Мектептің әдіскері:
1 - Жүргізуші: Армысыздар ағайын құрбы - құрдас,
Бармысыздар жанкүйер әз қауымдас.
Бүгінгі сайысты біз бастайық,
Сайыста қөңілменен қол соғайық.
Ойын сауық біздерде басталады,
Қошеметтеп қол соғып отыралық.,
Ұмытарсыз бүгін сіздер шаршағанды – дей отыра сахнаға «Жігіттер сұлтаны» атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарды шақырайық

1. Тай - құлындай тебісіп бірге өскен
Өмірдің бар қиынын бірге кешкен
Ағайынды қос шынар, сыныбымыздың ер жігіттері
Ілияс пен Мирас Болатұлдарын ортаға шақырамыз.

2. Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау бар ойында
Сыныбымыздың сұңғақ жігіті Рахат Рашитұлын
Шақыралық қошеметпен ортаға

3. Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерімен тамсандырған адамды
Қошеметпен шақыралық ортаға
Рахат Серікұлы атты жігіт болған сарбазды

4. Спортпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар Шәкәрім Жексембіұлы ортада
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан

5. Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді
Мектепте өнерімен болған сыйлы,
5 сыныптың ер жігіті
Шақырайық ортаға Бекзат Ғалымұлын

6. Елгезек, бойында бар жақсы қасиет
Барлық істі тыңдауда бар ойында
Сыныбымыздың ерке ұлы
Ербұланды қошеметпен ортаға шақырамыз.

1 - жүргізуші: Жігіттеріміз әділ - қазылардың алдында жатқан карточкаларды алып өз нөмірлерін анықтасын.
2 - Жүргізуші: «Жігіттер сұлтаны» сайысы 4 кезеңнен тұрады
1 - бөлім. Таныстыру
2 - бөлім«Жігітке жеті өнер де аз» (өз өнерін көрсету )
3 - бөлім «Бәрекелді, сайыпқыран»(күш, білек сайысы гир көтеру)
4 - бөлім. «Көңілі ояу, көзі ашық» (сұрақ - жауап)
2 - Жүргізуші: Жігіттер сайысының шымылдығын әсем бимен ашуға рұқсат етіңіздер.

1 - Жүргізуші: Адам, ғалам ғажайып, жеке дана,
Жан құмарын ізденген мәңгі сана.
Өзіңді - өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,
Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.
Үміткерлер «Жігіттің сұлтанына»,
өздерін таныстырар осы жерде – дей келе, өзін - өзі таныстыру сайысын бастаймыз.

2 - Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз жырлағандай өнер сайысында жігіт сұлтандарын қошеметтейік.
Жүргізуші: Әділ - қазы алқалары бағаларын берсе

1 - Жүргізуші: Батырдың көрінеді суық түсі,
Жақсының жақсылармен болар ісі.
Тілі шешен болғанмен суырылған,
Жігітке керек бір сәт білек күші -
Үшінші сайыс – күш білек, гир көтеру сайысына кезек келді.

2 - жүргізуші:
Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар
Жауаптарын табама екен бұл жігіттер
Сондықтан қойылатын сұрақтар бар.
Үш санындағы ұшқыр ой - деп аталады.
1. Үш жұрт.
1. Ағайын жұрт. 2. Нағашы жұрт 3. Қайын жұрт
2. Үш байлық.
Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық – ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық.
3. Үш би.
1. Үйсін Төле би. 2. Арғын Қаз дауысты Қазыбек би. 3. Алшын Әйтеке би.
4. Үш дана.
1. Абай 2. Шоқан 3. Ыбырай.
5. Үш арсыз.
1. Ұйқы арсыз. 2. Тамақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.
6. Үш биік.
1. Билік. 2. Дәулет. 3. Даналық.
7. Үш асыл.
1. Көз. 2. Тіл 3. Көңіл.
1.- Жүргізуші: Жеңістермен жеңістерден тұратын
Өмір күрес жеткіземе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіген
Қатысу да бір жеңіс жан болсаң сен ұғатын.
Ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.

2 - Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Жігіттер сұлтаны» байқауы аяқталды.
Қошемет көрсетіп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет!
19 331
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Бұрымды қыз
Бұрымды қыз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Смадьярова Айгуль Ажагалиевна
Күзгі бал
Күзгі бал
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің аға тәлімгері Жайтакова Лаура Тулепкереевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×