Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ

17 мам 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ»
Түрі: Танымдық сайыс
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 22 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отанды сүюге байлығымызды қорғауға болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тірек сөздер, слайдтар, көрнекіліктер, оқушы шығармашылық - тарыт. б.
Әдісі: Сұрақ – жауап
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер
Қатынасушылар: 1 - сынып оқушылары

Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Таныстыру
2.«Бәйге»бөлімі
3.«Қасиетті жетілік»бөлімі
4.«Кім тапқыр?»бөлімі
5. Шығармашылық тапсырма. «Отаным менің - Қазақстан»
6.«Көкпар»бөлімі

ІІІ. Қорытынды
Сәлеметсіздер ме ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 1 сыныптың оқушылары арасында өткелі отырған «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер! Алдымен мен сыныптың оқушыларымен сұхбат жүргізейін.
Қымбатты оқушылар! Сіздер 1 - ші сынып оқушыларының арасынан келіп отырған білімді, мықты, талапты, ойшыл оқушыларсыздар. Сыныптан 6 оқушыдан екі топқа бөлініп отырсыздар.
Сіздер топтарыңыздың атын, төс белгісін кезектесіп таныстырып кетіңіздер. (оқушылар танысады.)
І - Бөлім: Таныстыру
- Оқушылар: Адам өмірінің 90% жақсылықтан, 10% жаман нәрселерден тұрады екен. Сондықтан бір – бірімізге жақсылық тілеп, мейірім төксек біздің жанымыздан үш жақсы нәрсе табылады екен.
«Ой шақыру» жүргізу.
Оқушылар: Бұл күнде біздің Республикамыз - өз алдына тәуелсіз мемлекет.
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ екенін атап көрсетті.
Сондықтанда ұстаздардың міндеті елін, жерін сүйетін, отанын қорғайтын, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу болса, шәкірттердің алдында жақсы оқып, тәрбиелі саналы ұрпақ болу міндеті тұр.
Сонымен: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық.
Біздер алдымызда білім сайысына түскелі отырған сыныптың зерек те, білгір, тапқыр, ойшыл оқушылары.
Сыныптағы 12 оқушы сайыстың жүйріктері, ал қалған оқушылар жанкүйерлер мен сырт көздің қызметін атқарушылар. Сарапшы ұстаздармен таныстыру.
Алдымен сайыстың ережесін түсіндіріп жіберейін. 1 - ші сұрақ оқылады, тыңдап алып қол көтересіздер, жауап орнында отырып айтылмайды, жетонды көтерген 1 - ші оқушының аты аталады, сол жауап береді. Әр сұрақтың жауабы 1 ұпайға есептеледі. Дәл толық жауап берген оқушы қоржынына алтын жұлдыздарды жинайды. Яғни 1 ұпай – 1 жұлдызға саналады. 1 - ші оқушы білмесе 2 - ші топтың оқушысы қол көтеріп жауап береді. Сайыстың ережесін түсінсеңіздер, бастаймыз. Бәріңізге табыс тілейміз.

ІІ. Бөлім: «Бәйге»
10 сұрақ топ басшыларына оқылады.
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991. 16. XII)
2. Тұңғыш рет қазақ тарихында кім және қашан ұшты?
(1991. 2 қазан. Тоқтар Әубәкіров)
3. Ел рәміздерін атаңыз? (ту, елтаңба, әнұран)
4. Жүз жасаған жыр алыбы. (Жамбыл)
5. Елтаңбаның негізгі бояуы қандай? (Алтын түстес)
6. Қазақ елінің астанасы? (Астана)
7. Әнұранның авторлары кімдер?(Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Сөзін жазған: Н. Назарбаев Ж. Нәжімеденов)
8. Атырау облысының әкімі кім? (Бергей Рысқалиев)
9. Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)
10. Тудың авторы? (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков) өнер қайраткері

- «Айгөлек» әнін тамашалаймыз.

ІІІ. Бөлім: «Қасиетті жетілік»
1. Сезім мүшелерін ата? (көз, мұрын, құлақ, тері, тіл)
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
(не істеді? не қылды? қайтті?)
3. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
4. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін айт?
5. Қазақтың ұлттық аспаптары? (Домбыра, қобыз, жетіген)
6. Жердің қоршап тұрған ауа қабаты? (Атмосфера)
7. Н. Ә. Назарбаев қай жылы тұңғыш рет елбасы атанды?
(1991 жылы 1желтоқсан)

ҮІ. Бөлім: Кім тапқыр?
(қызықты сауал, қызықты жауап)
1. Атырау жері несімен бағалы?(қара алтынымен - мұнай, қызыл балығымен)
2. Қазақстан туында қандай құс бейнеленген? (қыран)
3. Ауылымызда биыл қандай қуаныш болып жатыр? (газ жүргізілуде)
4. Бірдей 4 ыдыста 8 кг май бар, осындай 2 ыдысқа қанша кг май сияды. (4кг)
5. Әнұранның қайырмасын айтып бер.
6. Апай 20 оқулықты 5 сыныпқа тең бөліп берді, әр сынып неше оқулықтан алды? (4)
7. 6 - ның жартысы нешеге тең? (3)

V. Бөлім: Шығармашылық тапсырма
«Отаным менің - Қазақстан»
«Мақтан тұтып Отанымның өткенін,
Тіл қайнардан қанығуға талпынған.
Қазақстан іргелі елге жеткенін,
Көргім келіп арман – оймен алқынған» – дей келе қымбатты оқушылар енді сіздер 3 - 4 сөйлеммен тұратын «Отаным менің – Қазақстан» тақырыбында өз ойларың мен арман тілектеріңді ақ қағазға түсіре қойыңдар. Қысқа да нұсқа. Аты – жөндеріңді жазасыздар. (Эссе жазу) Ал бір оқушы сол тақырыпта сурет салады.
- Бұл тапсырмалар орындалғанша біздер оқушысы Назеркенің биін тамашалаймыз.

VІ. Бөлім: Көкпар
Мен сіздерге мақал – мәтел айтамын, сіздер мақалдың қалған жалғасын табасыздар.
1. Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
2. Ақыл – тозбайтын тон
Білім – таусылмайтын кен.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
5. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.

- 3 «а» сынып оқушысы Рысгүлдің биін тамашалаймыз.

- Саралау, әр топтың жұлдызшаларын санау арқылы ұпай сандарын анықтау.
- Осымен зерек, озық ойлы оқушыларға арналған тапсырмаларымыз аяқталды.
- Сарапшы ұстаздардан шығарған бағасын сұраймыз.
Сарапшылар есептегенше мен жұмысты сырт көзбен жанкүйерлерден сұраймын.
1. Алдыңғы орыннан қай топ көріне білді?
2. Қазақстан қандай ел?
3. Қазақстанның тұғыры биік болуы үшін не істеуіміз қажет?

Сонымен оқушылар бүгінгі «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.
Ертеңгі елдің тірегі,
Бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі,
Келеді өсіп қырандар – деп мен байқауға қатысушыларды ортаға шақырамын.
- Сайыскерлеріміз біздің бүгінгі танымдық сайысымызға шашуларын алып келген екен, тамашалайық.
1. Алғыс хат, марапаттау.
- Талапкерлерге сұрақ беріп, жауап алу.
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Мен жастарға сенемін.
Тәуелсіз еліміздің білімді жастары көбейе берсін! Білім берер ұстаздарымыз аман болсын.!
Әнұран орындалады
7 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Желтоқсан қаһармандары
Желтоқсан қаһармандары
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 18 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейту. Отанды сүюге, байлығымызды қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Тәуелсіздік жырлары
Тәуелсіздік жырлары
Еліміздің тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×