Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зияткер-2013

20 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Химия + биология + валеология пәндерінен біріктірілген
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС

Тақырыбы: ЗИЯТКЕР - 2013
Қатысатын топтар: МК - 105, БК - 110, КТ - 110 топтары
Мақсаты – студенттердің жаратылыстану пәндеріне деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру және дамыту, І курс бойынша игерген білімдерін бекіту.
Өткізу формасы – зияткерлік ойын
Өткізу ұзақтығы - 50 - 55 минут
Шараның жабдықталуы: слайд материалдары, үлестірмелі материалдар

Жұмыс жоспары:
1. № 1 сайыс. «Қуып жет!»
2. № 2 сайыс. «Бес мүмкіндік»
3. № 3 сайыс. «Жарнама»
4. Жанкүйерлермен ойын.
5. № 4 сайыс. «Сурет құрастыр».
6. № 5 сайыс. «Капитандар сайысы»
7. № 6 сайыс. «Ертегіші»
8. Жанкүйерлермен сайыс
9. № 7 сайыс. «Бұл не?»
10. № 8 сайыс. «Сен маған, мен саған».

Сыныптан тыс жұмыс барысы:
(Шығуға арналған музыка ойналады)
Кіріспе бөлім:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі химия, биология және валеология пәндері бойынша кіріктірілген «Зияткер - 2013» сайысымызды бастаймыз (Мақсаты айтылады).
Бүгінгі сайыстың ұстанымы – «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деп аталады. Ақыл – жастан екендігін осы сайысқа қатысушылар дәлелдейді деп сенеміз. Ал «асыл – тастан» тұжырымдамасын біз әр командаға ат беру үшін негізге алдық. Себебі бұл асыл тастар әрі құрылысы таңғажайып химиялық заттар болып табылса, екіншіден, осыдан миллиондаған жылдар бұрын бұл асыл тастар белгілі бір өсімдік немесе жануар ағзасы болған Сонымен таныс болыңыздер:
1. «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша КТ - 110 тобы. Бұл студенттер – болашақ қазақ тілінің мамандары. Ал өз тілінің хас шеберлерін ата - бабаларымыз «сөз маржанын терген» деп дұрыс теңеген. Сондықтан КТ - 110 топ командасының аты – «Маржан» командасын қарсы алыңыздар! (фанфарлар)
Команда мүшелері:
- Арзығұл Аякөз
- Назарбаева Ақтолқын
- Оразбаева Әлия
Команда капитаны – Қуаныш Таңшолпан
2. «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша сайысқа БК - 110 тобы қатысып отыр. «Білім негізі - бастауышта» болғандықтан, болашақта сендер бүлдіршіндермен жұмыс жасайсыңдар. Ал бүлдіршіндер біз үшін – пәктіктің, тазалықтың белгісі. Ал сол тазалықтың символы – інжу тасы. Сондықтан БК - 110 топ командасының аты – «Інжу» тобын қошеметтеп қояйық! (фанфарлар)
Команда мүшелері:
- Ешаманова Арайлым
- Мамбетжан Назгүл
- Нағи Гүлнұр
Команда капитаны: Мұханбетова Ақжан
3. «Математика мұғалімі» мамандығы бойынша сайысқа МК - 105 тобы қатысқалы отыр. Ал математика – барлық ғылымдардың патшасы екенін біз бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан патшаға лайық асыл тас – ол гауһар тасы болып саналады. Сонымен МК - 105 тобының аты – «Гауһар» командасын қарсы алайық! (фанфарлар)
Команда мүшелері
- Сейтагзамова Асем
- Көбелдес Айтолқын
- Нажмадинова Назерке
Команда капитаны – Мұхамбетжан Маржан
Сонымен қатар өз командаларын қолдау үшін келген жанкүйерлер – қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
- Әдістемелік бөлімнің әдіскері – Бибігүл Хайруллақызы;
- Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД пәндер бірлестігінің жетекшісі – Ботакөз Құнанбайқызы;
- Химия пәнінің оқытушысы - Әдемі Аманкешқызы

Сонымен барлығыңызға сәттілік тілей отыра бүгінгі сайысымызды бастаймыз! (Гонг)
1. Жүргізуші № 1 ойын ережесімен таныстырады: «Қуып жет!» - 1 минут ішінде әр командаға химия, биология және валеология пәндерінен сұрақтар беріледі. Осы уақыт ішінде студенттер неғұрлым көп сұраққа жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Ал берілген сұраққа жауап болмаса «Әрі қарай!» - деп, келесі сұраққа көшеді.

1 - командаға арналған сұрақтар:
1. Ең көп таралған спирт (этил спирті)
2. Су жасушадаға химиялық реакцияларға түсе ме? (иә)
3. Өзіне тән иісі бар, (бензол)
4. Өсімдіктердің жасушалық қабырғасы неден тұрады? (целлюлоза)
5. Валеология ғылымының зерттеу нысаны (дені сау адам)
6. Крахмалды түзетін моносахарид қалдықтары (α - глюкоза)
7. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал (спирометр)
8. Рибосоманың құрамына қандай заттар кіреді? (р - РНҚ, белоктар)
9. Калий перманганаты, бром суын түссіздендіретін қандай көмірсутектер? (қанықпаған)
10. Қандай элементтің жетіспеушілігі қалқанша безі ауруын тудырады? (йод)
11. Құрамында гидроксил – ОН топтары бар органикалық заттар (спирттер)
12. Карбон қышқылы мен спирт арасында жүретін реакция қалай аталады? (этерификация, эфирлену)
13. Асқазанда болатын қышқыл қандай (тұз қышқылы)
14. Дене белсенділігінің азаю құбылысы (гиподинамия)
15. Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын кім жасады? (А. М. Бутлеров)
16. Адам мен жануарлардың қандай жасушасы фагоцитозға бейім келеді? (лейкоциттер)
17. Қатты агрегаттық күйдегі су (мұз)
18. Тәуліктік тамақтану рационын есептеп қолдану теориясы қалай аталады? (Каризе теориясы)
19. Жасушаның қатты заттарды қорытуы? (фагоцитоз)
20. Дененің қалыпты массасы дегеніміз не? (дене массасы мен бойының пропорциясы)
21. Тыңайтқыштарды дұрыс қолданбағанда көкөністерде қандай зиянды заттар жиналады? (нитраттар)
22. Қандай құстың аты мал кәсібіне байланысты айтылады? (жылқышы)

2 - командаға арналған сұрақтар:
1. Глицерин мен жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфирлері (майлар)
2. Тұқымқуалаушылық туралы ғылым қалай аталады? (генетика)
3. Спирттер атауына қандай жұрнақ жалғанады? (- ол)
4. Температураны қандай құралмен өлшейді? (термометр)
5. Қан қысымының артуы тағамға нені көп қолданғанда болады? (ас тұзын)
6. Сахароза қандай моносахаридтерден түзіледі? (α - глюкоза мен фруктоза)
7. «Жыныстық» дәрумен (Е дәрумені)
8. Бұрын шыныдан айна алу реакциясы қандай металмен байланысты болған? (күміс)
9. Ең кішкентай құс қалай аталады? (колибри)
10. Қандай орамжапырақта йод көп (теңіз орамжапырағы)
11. Қандай элементтің жетіспеушілігі анемия (қаназдық) ауруын тудырады? (темір)
12. Құстар неліктен оңтүстікке ұшады – тоңғандықтан ба, әлде аштықтан ба? (аштықтан)
13. Сұйық күйдегі жалғыз металл (сынап)
14. Құрамы бірдей, құрылысы әр түрлі заттар (изомерлер)
15. Ресейге картопты әкелген патша (І Петр)
16. Биологиялық катализатор (фермент)
17. Қанқыз шағатын жәндік пе? (жоқ)
18. Зерттеулер жүргізу үшін арнайы жабдықталған бөлме (зертхана)
19. Ересек адамда неше тіс бар? (32)
20. Гиппопатамды тағы қалай атайды? (бегемот)
21. Бразилияда «ағаштың көз жасы» деп аталатын зат (каучук)
22. Қандай жәндіктер аяқтарымен естиді? (шегіркелер)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 367
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың химия, биология, информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар: биология, химия, информатика
Толағай
Толағай
• екі командаға бөліну • командаларға ат қою
Жаратылыстану пәндерінің көшбасшысы
Жаратылыстану пәндерінің көшбасшысы
Химия пәні мұғалімі: Жумакулова Г.Ж.
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Жер ортақ үйіміз
Жер ортақ үйіміз
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×