Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

22 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.
Мақсаты: Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру.
Тәрбиелік мәні:
Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.
Көрнекілігі: қазақтың ырым - тыйым сөздері кітапшасы, ырым - тыйым сөздер.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.

Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.
III. Кіріспе әңгіме. Мұғалімнің түсіндіруі. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі. Балаға, малға, әйел адамға т. б.
IV. Ырым - тыйым сөздердің мән - мағынасын түсіндіру.

1) Балаға ми жеуге болмайды - мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген - бойы өспей қалады деп ырымдаған. Омыртқаның жұлынын жегізбеген - суға келіп қалады деген жаман ырым бар. Қойды аттама - ол киелі мал. Меккеге барған.
2) Бос бесікті тербетпе - балалы болмайсың деген жаман ырым бар. Қазанның, ыдыстың түбін тырнақпен қыруға болмайды - төрт түліктің желініне шығу шығады. Ыдыстағы суға аузыңды малма - себебі сол ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.
3) Қамшыны бейсауат қамшылама - мал шетінейді. Малдың желінген басын түнде лақтырма - түнде далаға лақтырса малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.
4) Бетіңді баспа - қайғылы адам берін басады.
5) Мойныңа белбеу салма - буыншақ ауруына ұшырайсың. Тұзды баспа - астың иманы, төресі деп киелі санады. Отқа түкірме - сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
6) Жатқан кісіні аттама - талай киелі, қасиетті адамдар болған олар кеселге, бақытсыздыққа ұшырайды деп тыйым салған. Бақан, құрын аттама. Бақанмен шаңырақ көтереді, құрықпен жылқыны ұстайды.
Бақан үйдің тірегі болғандықтан, ал құрық тіршіліктегі құрал.

Қорытынды.
Бір сөзбен айтқанда салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры, ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Хадық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.
1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе - бұлар жаман әдеттер. Ертеде кісісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп, әйел адамдар бүйірін таянып жоқтау айтқан.
2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Біріміздің өміріміз бірімізбен тікелей байланысты деп оларға зәбір көрсетілмеген. Көзіне ақ түскен адамға құмырсқаның илеуін тауып, жем егіп басына қойған. Сонда көзден ақ шел кетіп қалған.
3. Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде үйге қарай жүгірген. Осы айтылған тыйым сөздерді - ырымдарды ұмытпай бір - бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді әдетке айналдырыңдар.
86 498
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Халық даналығы – рухани байлық көзі
Халық даналығы – рухани байлық көзі
Ырым сөздер мен тыйым сөздердің айырмашылығын және мағынасын түсіндіру. Ата – баба дәстүрін құрметтеуге дағдыландыру. Шешендік сөздерден тағлым алуға тәрбиелеу.
Ырым - тыйымдар
Ырым - тыйымдар
Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым - тыйымдар жүйесі хал¬қы¬мыз¬дың өмірінде, салт - санасында, әдет - ғұрпында, тұрмыс - тіршілігінде кеңінен көрініс тапқаны белгілі.
Қазақ халқының ырым - тыйымдары
Қазақ халқының ырым - тыйымдары
Қазақтың тыйым сөзі - ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырған
Қазақтың ырым-тыйым сөздері
Қазақтың ырым-тыйым сөздері
Қазақтың ырым-тыйым сөздері. Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет
Ырымдар мен тыйым сөздерді ұмытпайық
Ырымдар мен тыйым сөздерді ұмытпайық
Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Оразгелді Бексұлтан Ғылыми жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Шопанбекова Газиза Жокеновна
Ата салтым-асыл мұрам
Ата салтым-асыл мұрам
Қазақ халқының ырымдары, тыйымдары ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі белгілі. Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан ырымдар мен тыйымдардың озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×