Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Елім менің» думаны

28 маусым 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Іс шараның тақырыбы: «Елім менің» думаны
Тақырыбы: «Дін және қоғам»
Мақсаты: Тапсырмалар мен сұрақтар арқылы оқушылардың Қазақстан Республикасындағы дін мәселесімен таныстыру. Дінтану пәніне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Білімділігі: Сауаттылық дағдыларын қалыптастыра отырып, әлемдік және отандық діни ахуалды талқылау;
Дамытушылығы: Сөздік қорларын, тіл байлығын арттыру, әдемі, сауатты сөйлеуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту, білімге деген құштарлығын арттыру;
Тәрбиелігі: топтасып жұмыс істеуге, жауапкершілікке, ізденімпаздылыққа, білімділікке, әдепті сөйлеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Слайдтар, «Елім менің» думанының нышандары
Қатысушылар: Екі топ 9 «А», 9 «Б» класс оқушылары
Топ басшылары, әр топтың бапкерлері мектеп ұстаздарынан тағайындалады.

Жүргізуші: Аймурзина Г. А.
І. Ұйымдастыру:
Әр топ басшы өзінің тобын таныстырады.
І топ: «Парасат» тобы. Басшысы - Төреқұлова Л. Т.
Топ мүшелері: 1) Маратов Жұмабек
2) Төлеген Әсем
3) Асқар Бейбарыс

ІІ топ: «Руханият» тобы. Басшысы – Сәмиева Қ. Т.
Топ мүшелері: 1) Алланиязова Гүлдана
2) Назарбаев Айбек
3) Султанаев Рамазан

Ойын шарттары:
І айналым: «Видеосұрақ»
ІІ айналым: «Фразеологиялық сөз тіркестердің мағынасын табу»
ІІІ айналым: «Әйгілі есмідер»
ІV айналым: «Ескірген салт - дәстүрлер»
V айналым: «Сұрақ - жауап»
VІ айналым: «Сөз құрастыру»

Жүргізуші:
Сіздермен бірге елжанды ұл мен қыздың думаны: Елім менің!
Думанның жүргізушісі мен Гүлназ Асқарқызы, сонымен қатар өз топтарын баптап, бәйгеге қосатын екі топ басшымыз бар, олар оң қанаттағы – «Парасат» тобы.
сол қанаттағы - «Руханият» тобы.
Ал ойнымызды әсем әуенмен әрлейтін мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Досмағамбетова Гүлмира Төребекқызы.

Олай болса, ойынымызды бастайық. Ойын 6 айналымнан тұрады. Әр айналым біткен соң, топ мүшелері өздеріне жасырылған әнді табу арқылы 2 ұпайды жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.

І айналым.
«Видео - сұрақ»
1) «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезінен» үзінді
Сұрақ: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезі қай жылы өткізілді, оған қанша делегация қатысты?
Жауабы: 23 - 24 қыркүйек, 2003 ж., 17 делегация

2) «Майк Тайсонның бокс жарысынан» үзінді
Сұрақ: Әлем чемпионы Майк Тайсонның ұстанған дін?
Жауабы: Ислам

3) « Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетіледі
Сұрақ: Не себепті Жібек Айша бибі кесенесіне сыйынады?
Жауабы: Қазақ халқы

Алғашқы есеп:
І айналым бітті, олай болса сіздерге ән жасырылады, қай топ әнді дұрыс тапса, сол топқа 2 ұпай беріледі.

ІІ айналым
Экранда фразеологиялық сөз тіркестер беріледі. Сол сөз тіркестердің мағынасын табу керек.
1) Адал сүт емген (тәрбиелі, көргенді, иманды)
2) Лауазымын көкке шақыртты (даңқын қорлады, әшкереледі)
3) Өтіріктің құйрығы бір - ақ тұтам (жалған ұзаққа бармайды)
4) Ішін иттей кемірді (күйінді, өкінді)
5) Малына құрық, басына сырық ойнатты (жәбірледі, азаптады)
6) Сау басына сақина тіледі (өз - өзіне бейнет тапты)

Есеп:
ІІ айналым бітті, келесі жасырылған әнді тыңдайық.
ІІІ айналым:
«Әйгілі есімдер» - топ басшылары парақта жазылған есімдерді синоноим, мимика арқылы түсіндіріп айтады.
«Парасат» --------------------------«Руханият»
Әйтеке би --------------------------- Абылай хан
Абай Құнанбаев ------------------- Шоқан Уалиханов
Илья Ильин ------------------------- Серік Сәпиев
Мұхтар Шаханов ------------------ Әб - Саттар Дербісалі
Дінмұхаммед Қонаев ------------ Нұрсұлтан Назарбаев
Сара Назарбаева ------------------- Бақытжан Жұмағұлов
Мұхамеджан Тазабеков --------- Мұхтар Әуезов
Баян Есентаева --------------------- Қарақат Әбілдина
Жүрсін Ерманов -------------------- Есен Елеукен

Есеп:
ІІІ айналым бітті, келесі жасырылған әнді тыңдайық.
ІV айналым: «Ескірген салт - дәстүрлер»
Ортаға ұзын таяқ шығарылады.
1) 5 қарыс өлшеу. Қарыс деген не?
2) 5 тұтам өлшеу. Тұтам деген не?

Видеосұрақ: Кішкентай баланың тұсауын кім, не үшін кеседі? Ол салт - дәстүрдің мақсаты не?
Жауабы: бала алғаш рет қадам жасағаннан кейін оның тұсауы кесіледі, әуелі екі аяғын ала жіппен байлайды, өскен кезде бала ешкімнің ала жібін аттамасын деген ниетпен

Видеосұрақ: Нәрестеге азан шақырып ат қояды. Азан шақырып ат қою не үшін жасалатын дәстүр, қалай түсінесіңдер?
Жауабы: балаға ат қоюда діни дістүр бойынша азан шақырып ат қойған. Шын ныспы, ең алғаш қойылған аты, есімі. Әдетте бұл рәсімді молда өткізеді.
Есеп:
ІV айналым бітті, келесі жасырылған әнді тыңдайық.

V айналым: «Сұрақ - жауап»
Бұл айналымға топ басшылары қатыспайды.

І топ
1) Хижра дегеніміз не? (мұсылман жыл санауы, Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединеге қоныс аударуынан бастап есептеледі)
2) Христиандық қашан, қайда пайда болған? (Б. д. І ғасырында Палестинада пайда болған
3) Мұсылманның бес парызын ата (куәлік ету, намаз, ораза, зекет, қажылық)

ІІ топ
1) Қағба деген не?(жер бетінде тұрғызылған тұңғыш құлшылық орны)
2) Буддизм қашан, қайда пайда болған? (Б. д VI ғасырда, көне Үндістан)
3) Жеті қазынаны ата? (Жүйрік ат, берен мылтық, құмай тазы, қыран бүркіт, майланғыш ау, кездік, қақпан )

Есеп:
ІV айналым бітті, келесі жасырылған әнді тыңдайық.
VІ айналым: «Сөз құрастыру»

ОА ------ ЗС ----- ТЫ ----- ҚА ------------------ ЕТ ----- ІЕ ----- ТС ------ КҮ
Таза - ластың антонимі --------------------------- Есет -... атам, ет асатар
Озық – ілгері тәжірибе --------------------------- Теке – еркек ешкі
Азат – егемен, тәуелсіз --------------------------- Есек – еңбегі адал, еті арам
Қозы – қойдың баласы --------------------------- Үсік - тоңған адамды не шалады
Озат – үздік оқушы -------------------------------- Тіке – тура, ешқайда бұрылмай жүру
Азот – химиялық элемент ----------------------- Есік - ашылады жабылады
Таса – көзге көрінбейтін жер ------------------- Үсті - асты тас,... тас, ортасы піскен ас
Атос – 3 ноянның бірі ----------------------------- Кесе - шеше неше... сынды кеше

Жүргізуші:
Үлгі бізге – ата – баба ерлігі,
Ұлағатты, өнегесі, еңбегі,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі! – деп құрметті ойыншылар, осымен ойынымыз өз мәресіне жетті.
3 212
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған елім, туған жерім бөлімін қайталау.
Туған елім, туған жерім бөлімін қайталау.
Мақсатын жетілдіруге ұмтылуға. ұқыптылыққа, байланыстырып сөйлеуге, сауатты жазу дағдыларын жетілдіруге, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға тәрбиелеу.
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Сан есім. Сағат неше?
Сан есім. Сағат неше?
Сан есімді түсіндіріп, сауатты сөйлеуге және жазуға үйрету
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Астана
Астана
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 1 класс оқушысы Әділханова Дильназ Алмазқызы
Елім менің
Елім менің
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Чайканова Гүлбану
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×