Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбие тал бесіктен басталады

31 шілде 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Тәрбие тал бесіктен басталады.
Сабақтың мақсаты: Халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын оқушылардың бойына сіңдіру, соған сай мінез - құлқын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады», суреттер, тірек сызбалар, т. б.

Сабақтың барысы:
Мұғалім: Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл - ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде.
Халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкентай кезінен бастаған дұрыс.

Бірде Мәдиналық бір кісі бақшасында өсіп тұрған құрмасына тас лақтырған баланы сүйреп отырып Пайғамбарымызға әкеледі. Бала жас та болса Ислам дінін қабылдаған Рафиғ ибн Амр еді. Келген кісі қатты кейіген сыңайда. Қабағы қатулы. Пайғамбарымыз болса сол сабырлы күйін сақтады. «Балапаным, құрма ағашына неге тас лақтырдың?», - деп сұрады. Бала: «Қарным қатты ашты. Құрма жегім келді», - дегеннен артық сөз айтпады. Мұхаммед(с. а. у.) балаға: «Жерге түскенін жесең же, бірақ ендігәрі құрмаларға тас лақтырма, жарай ма?», - деді. Сосын баланың басынан сипап, оған былай деп дұға жасады: «Уа, Алла Тағалам! Бұл баланың қарнын тойдыра гөр!».
Ал, оқушылар, енді осы оқиғаға талдау жасап көрейікші! Бұдан қандай тәлім - тәрбие негіздерін ұғуға болады? Не себептен Пайғамбарымыз кінәлі балаға ұрыспады? Кәне, кім айтады?

1 – оқушы. Бұл жерде Пайғамбарымыздың ұрыспауының себебі – балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы көретініңді білдірдің маңыздылығында.
Тәрбие берудің негізі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Олар тек сүйіспеншілік, махаббатпен ғана өсіп - жетіледі деп айтсам артық болмас.
Ендеше, сүйіспеншілік – бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.

2 - оқушы. Ең алдымен, баланың пікіріне құлақ асу керек. Сөйлеген бала өзінің ішкі дүниесін ашып береді. Ол қандай қателік жасаса да, әуелі тыңдау керек. Мүмкін, ол балалықпен жасаған шығар. Оның ішкі жан дүниесімен сырласпай жатып, оған ұрысып, жазалау дұрыс емес.
3 - оқушы. Баланы шектен тыс көп тыя бермеу керек. Ол балаға барлық жағынан үлкен зиянын тигізеді. Кейін баланың ынжық болып өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

4 - оқушы. Ата - ана қашан да баласының тілеуін тілеу керек. Оған әрқашанда сүйеу болып, өз көмегін тигізу қажет.
Мұғалім: Рахмет, балалар! Енді мына ұлағатты сөздерге назар аударыңыздар. Кейбірінің авторын тауып, кейбірін жалғастырасыздар.
«Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата - анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады.» (Абай)
«Тәрбиесіз берілген білім -...» (адамзаттың қас жауы)
«Ашу – дұшпан, ақыл -......» (дос, ақылыңа ақыл қос)
«Қызды... тый» (қырық үйден)

Қорытындылау, бағалау
Үйге тапсырма: тәрбие туралы баяндама жазу
37 669
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Отбасым – күншуағым
Отбасым – күншуағым
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Тәрбие көзі - ұлттық мұра оқу-әдістемелік видео материал
Тәрбие көзі - ұлттық мұра оқу-әдістемелік видео материал
Халқымыз «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен.
Ата- ана баласымен бақытты
Ата- ана баласымен бақытты
Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген сөз бар.
Сынып жетекшілер отырысында оқылған баяндама
Сынып жетекшілер отырысында оқылған баяндама
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің, - дейді халық. Өйткені бала жаны өте сезімтал және тез еліктегіш келеді. Балалар көбіне көп уақыттарын үйде, ата – аналарымен бірге өткізеді. Жанұя олар үшін өмірдің ең алғашқы мектебі.
Бала - біздің болашағымыз
Бала - біздің болашағымыз
Ақтөбе қаласы, Россовхоз орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үркімбай Шырайгүл Ізбасарқызы
Тәрбие басы – тал бесік
Тәрбие басы – тал бесік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аранды ауылы № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Даригулов Руслан Рустемович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×