Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілі- асыл мұра

22 тамыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жүру барысы
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Әділқазыларды таныстыру.
3. Екі топты ортаға шақыру
«Сәйгүлік» тобы
«Сұңқар» тобы

Кештің мақсаты:
Ана тілінің қадір - қасиетін түсіне білуге, шешендік өнерге баулу. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету. Еркін сөйлей білуге дағдыландыру. Ой ұшқырлығына шақыру.

1 - айналым
Слайдта тіл туралы өлең жолдары, қанатты сөздер шығады. Асты сызылған сөздердің синонимдерін табу.
Қанатты сөздер
Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. (А. Байтұрсынов)

Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Ана тілі – халық болып жаратылғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. (Ж. Аймауытов)
Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын. (Р. Гамзатов)
Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу - мәдениетсіздік. (М. Әуезов)

2 - айналым
Жұмбақтар шешу. Ішінде жұмбақтың шешімі болған сөз бар мақал - мәтел айту.
Жұмбақтар
1. Шылбырын сүйрейді, Жыртықты түзейді. (ине)
2. Адамға серік, күзетке берік. (ит)
3. Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. (жаңбыр)
4. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз)
5. Мен кетемін, ол қалар. (із)
6. Сылдырдан қорқады, шошынып жатады. (қоян)
7. Тісі нарттай,
Тілін тартпай,
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай. (от)
8. Жана - жана түнде, таусылды ол мүлде. (шырақ)
9. Көлбең - көлбең етеді,
Жер түбіне жетеді. (түтін)
10. Даладай кімнің кең пейілі,
Данадай, кімнің мол мейірі. (Ана)

3 - айналым

Асықтар әкелу. Асықтарда әріптер жазылған. 1 - топ суырған асықтағы әріптен басталып, 2 - топ суырған асықтағы әріптен аяқталатын сөздер тауып айт

4 - айналым
1 минут ішінде сұрақтарға жауап тауып құрастыру.
1 - топ. Ш - С, А - О, Н - Р, А - Ы.
1. Еркек... қыз. (шора)
2. Қыста онымен ойнаймыз.(шана)
3. 12 түстің бірі, көк байрағымызда бар. (сары)
4. Ұлт. (орыс)
5. Ұшатын жәндік. (сона)
6. Үш бәйтерек, бес.... (арыс)
7. Бүгін өткізіп жатқан.... (шара)
8. Оны шеккен адам өмірін қор етеді. (наша)

2 - то п. А - Н, Қ - С, Ы - А, Н - Л.
1. Өлең шығаратын адам. (ақын)
2. Атырау, Қызылорда, Семей, Алматы.... (қала)
3. Ең қымбат, ең.... (асыл)
4. Асыл тастан,... жастан.(ақыл)
5. Адамды ой - өрісі немесе ой -....(сана)
6. Шөп, өсімдік. (қына)
7. Үйді майла,.... (сыла)
8. Мұң, өкініш. (нала)

Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.
Шараны қорытындылау, пікір айтушыларға сөз беру.
8 445
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек тілдер күні сценарий (Тілім менің - тірлігімнің тірегі)
22 қыркүйек тілдер күні сценарий (Тілім менің - тірлігімнің тірегі)
Тілім менің - тірлігім, Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін? Тіл жайында үгіттейді кімді - кім? Тілім менің, тілім менің - тірлігім!
Тілім менің тұтастығым тәрбие сағаты
Тілім менің тұтастығым тәрбие сағаты
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Ана тілі – халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- дей отырып ана тіліміздің асқақтауына үлес қосу. Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×