Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сынып дарабозы

07 қыркүйек 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сынып дарабозы
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар
Құрметті ұстаздар, оқушылар! 7 «а» сыныбында өткелі отырған «Сынып дарабозы» интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер.
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік білімне қол алынар,
Білімменен аспанға жол салынар,- деген Жүсіп Баласағұн.
Бүгінгі сайысымызға класымыздан 6 оқушы қатысқалы отыр. Ортаға сайысқа қатысатын оқушыларымызды шақырайық.
1. Ғалым Нұржанат
..........
Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныс болайық.
1.
2.
.........
Қазір біз балалар, осы уақытқа дейін алған білімдеріңізді көрсете көрсетеміз.
Сәлем сөздің анасы - сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ел данасы
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиер
Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы

Сонымен сайысымызға қатысушыларға өз сәлемдемелерін жолдайды:
1. «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
2. «Білімдінің күні жарық
Білімсіздің күні қаріп»
3. Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
4. Болашақтың ұрпағымыз білімді
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді
5. «Асау тұлпар желдей ескен арыңды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды»
6. Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

Оқушылармен таныс болсақ бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
1 - кезең. «Бәйге»
2 - кезең «Кім жүйрік?»
3 - кезең «Тіл – өнер»
4 - кезең «Жалғасын тап»
5 - кезең «Сиқырлы ұяшықтар»
Сайыскерлеріміз дайын болса ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 - кезең «Бәйге»
Шарты: Сұрақтар тест түрінде беріледі. Сұрақтар экранға көрсетілгеннен кейін төрт жауаптың біреуін таңдап, таңдаған нұсқаны қағазға жазып бәріміз бірге қағазды көтереміз. 10 сек. Уақыт беріледі.
Тест
1. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш қалай аталады?
А) шаршы
ә) тең қабырғалы үшбұрыш *
Б) тең бүйірлі үшбұрыш в) Тік бұрышты үшбұрыш
2. Халықаралық әйелдер күні
А) 22 – наурыз
ә) 8 - наурыз*
б) 1 – қыркүйек
в) 31 - тамыз
3. Көктемнің бірінші айы
А) наурыз*
ә) мамыр
б) сәуір в) ақпан
4. Жәндікті көрсет
А) Түйе
ә) құрт*
б) жолбарыс
в) аққу
5. Қандай құс бейбітшілік белгісі, хат тасушы атанған?
А) аққу
ә) көгершін*
б) қыран
в) қарлығаш
6. Ең кіші бір таңбалы натурал сан
А) 0
ә) 1*
б) 9
в) 5
7. Кебеже деген не?
А) төсек
ә) кілем
б) сандық*
в) мал
8. Түйенің сүтінен дайындалатын сусынның атауы қалай?
А) қымыз
ә) көже
б) айран
в) шұбат*
Келесі кезеңіміздің шартымен таныс болыңыздар. Бұл кезеңде сіздер таңдап алған нөмір бойынша сұраққа жауап бересіңдер. Жауабын білмесең келесі деп келесі сұраққа көше беруге болады. Әркім өз сұрағына өзі жауап береді. Басқа ойыншы жауап беруге болмайды. Осы кезеңнен кейін екі кезең бойынша ең аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.
Дайын болсақ «Кім жүйрік» кезеңін бастаймыз.
№1.
1. Адам алғашқы құралды неден жасады?(тастан)
2. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)
3. Түйенің төлі (бота)
4. Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады? (7)
5. Екі кісінің сөйлесуі (диалог)
6. Киелі құс (аққу)
7. Баланың тұсауын қандай жіппен кеседі? (ала)

№2
1. Заттың атын білдіретін сөз табы (зат есім)
2. Әріптерің рет - ретімен тізілген жиыны (алфавит)
3. Бір метрде неше сантиметр бар? (100см)
4. Қойдың төлі (қозы)
5. Жігіттің неше жұрты бар? (3)
6. Үш кемеңгер би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
7. Республикамыздың рәміздерін ата. (әнұран, ту, елтаңба)

№3
1. Киелі құс (аққу)
2. Көне заттарды сақтайтын орын (мұражай)
3. Жылдан құр қалған жануар (түйе)
4. Бір жылда неше күн бар? (365)
6. Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада? (Түркістан)
7. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

№4
1. Алматының алмасы (апорт)
2. Ешкінің төлі (лақ)
3. 1 ғасырда неше жыл (100 жыл)
4. Мұсылманның қасиетті кітабы (Құран)
5. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)
6. Сын есімнің сұрақтары (қандай?)
7. Қазақстанның астанасы (Астана)

Ақтөбе облысы,
Байғанин ауданы, Жарлы селосы,
Байғанин орта мектебінің ұстазы
Қаратаева Гүлбану

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 312
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №1 мектеп - лицейі информатика пәні мұғалімі Шонгарова Айгуль Талгатовна
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанова Cара
Жыл оқушысы
Жыл оқушысы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Сынып дарабозы
Сынып дарабозы
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мырзағалиева Салтанат Дәмірқызы
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×