Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзден жүйрік

11 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жүзден жүйрік.....

Мақсаттары: 1) тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру;
2) Оқушыларды жан - жақты сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу; оқу - білімге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Тірек - сызбалар, сұрақтар жинағы, интерактивті тақта, слайдтар.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Ойын 4 кезеңнен тұрады. Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Берілген сұраққа жауапты тез беруге тырысыңыздар. Әуелі белгі береміз, атыңыз аталғаннан кейін жауап бере аласыз. Сұраққа бірінші болып белгі берген ойыншы жауап береді, егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа белгіні екінші болып көтерген ойыншы жауап береді және бірінші ойыншы келесі сұраққа жауап бере алмайды. Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын мұғалім айтады.
Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз және әділқазылар алқасымен таныстырамыз.(ортадан әділқазылар алқасы сайланады)
1 - кезең: «Бәйге» сайысы.
1. Республикамыздың басты қаласы? (Астана)
2. Астана нешінші жылы Астана деп аталынды? (1998 ж)
3. Кітапты неден жасайды? (Ағаштан)
4. Білім күні қай күн? (1 қыркүйек)
5. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? (Абай)
6. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
7. Апрель айының қазақша атауы? (Сәуір)
8. Республика күні қашан? (25 қазан)
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
10. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
11. Қазақтың ұлттық аспабы? (Домбыра)
12. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары кімдер? (Әлия, Мәншүк)
13. қазақтан аты шыққан атақты суретші кім? (Ә. Қастеев)
14. Қандай мемлекеттік рәміздер бар? (Әнұран, ту, Елтаңба)
(Әділқазылар 1 - кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы.
Мұғалім: Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде аудармасы айтылса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай беріледі.
1. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (Қалам - ручка)
2. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған (Бор - мел)
3. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. (Қоңырау - звонок)
4. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (Түлкі - лиса)

5. Қыста ғана болады,
Ұстасаң, қолың тоңады. (Қар - снег)
6. Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны (Теледидар - телевизор)
7. Өзі кірді ашады,
Суға салсам қашады. (Сабын - мыло)
8. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз - лук)
9. Қылдай белі бүгілген,
Өзінен де жүгі үлкен. (Құмырсқа - муравей)
10. Жылт - жылт еткен,
Жылғадан өткен. (Су - вода)
11. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (Кітап - книга)
12. Белі бүкір, алысқа түкір. (Мылтық - ружье)
13. Судан алады,
Суға салса. өледі. (Тұз - соль)
14. Кесе - кесе мұқалды,
Жони - жони жұқарды. (Пышақ - нож)
(2 сайыс бойынша ұпайларын айтып өтсеңіздер)
3 - кезең: «Дода» сайысы.
Бұл сайысымызда негізгі 4 пәннен сұрақтар беріледі. Ойын ережесі бойынша ұпайы аз ойыншы ұяшықты таңдайды. Егер ұяшықты таңдаған ойыншымыздың жауабы дұрыс болмаса, белгіні бірінші болып көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын мұғалім айтады. Әуелі пән таңдайық.
Ана тілі:
1. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
А) Абай Құнанбаев
Ә) Шоқан Уәлиханов
Б) Ыбырай Алтынсарин
2. «Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі - ұйқы» Осы айтылғандар не?
А) шешендік сөз;
Ә) мақал
3. Қазақ батырларының аты:
А) Әбілмансұр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек;
Ә) Абай, Шоқа, Ыбырай.
4. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ғалымы:
А) Ыбырай;
Ә) Абай;
Б) Шоқан;
5. «Ауылдың жаны терең сай, тасыған өзен гүрілдеп» деген жолдар Абай атаның қай өлеңінен алынған? («Желсіз түнде жарық ай»)
Қазақ тілі:
1. Дара етістік неше сөзден тұрады?
А) 2 сөзден
Ә) 1 сөзден
Б) 3 сөзден
2. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
(Кім? не? кімдер? нелер?)
3. Сөйлем түрлерін ата:
(Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлем)
4. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша? (жұрнақ)
5. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата: (қатаң, ұяң, үнді)
Дүниетану:

1. Мұнайдың шығатын жері қай жер?
А) Маңғыстау
Ә) Екібастұз
Б) Қарағанды
2. Каспийде қандай ірі балық бар?
А) сазан
Ә) бекіре
Б) қорытпа
В) табан
3. «Ақ алтын» деген не?
А) сүт
Ә) қаймақ
Б) мақта
4. Қазақстан Республикасы нешінші жылы тәуелсіздігін алды?
А) 1995
Ә) 1999
Б) 1991
5. Адамға шөлдегенде не қажет?
А) ауа
Ә) тамақ
Б) су

Математика:

1. Оқушылар барлығы 9 шелек алма терді де, балабақшаға 4 шелек алма берді. Қанша шелек алма қалды? (5 шелек)
2. Қабырғасы 5 см шаршының периметрін тап. (20 см)
3. Манар 9 кітап, ал Жанар сонша кітап сатып алды. Екеуі барлығы қанша кітап сатып алды? (18 кітап)
4. 6 асықты екі - екіден неше балаға беруге болады? (3 балаға)
5. 5 жүзд. 4 онд. 2 бірл. – ол қандай сан? (542)

Мұғалім: Ойын ережесі бойынша ұпайы аз 4 оқушымызбен қоштасамыз. Оқушылардың ойынға қатысқандарына рахмет айта отырып, оларға біздің дайындаған шағын сыйлықтарымызды табыстап, қол соғып шығарып салайық.
Келесі сайысымыз «Жорға» сайысы.
Мұғалім: сонымен ақырғы айналымға да жетіп қалдық. Менің қолымда үш нұсқалы конверт бар. Нұсқаны бірінші болып ұпайы аз ойыншы таңдайды. Әрбір сұрақтың дұрыс жауабы үшін 10 ұпайдан беріледі. Олай болса, ұпайы аз ойыншы ойынды бастайды.
І нұсқа.
1) Жылдан құр қалаған жануар (Түйе)
2) Басты байлық не? (Денсаулық)
3) Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
4) Көру мүшесі? (көз)
5) Абайдың әжесі кім? (Зере)
ІІ нұсқа.
1) Түн ұйқысын төрт бөлген адам? (ана)
2) Жыл басы не? (Тышқан)
3) Орман дәрігері (Тоқылдақ)
4) Абайдың анасы? (Ұлжан)
5) Есту мүшесі: (Құлақ)

ІІІ нұсқа.
1) Үш биді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
2) Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
3) Сен қай облыста тұрасың? (Қызылорда)
4) 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
5) Мектебіміз неше қабаттан тұрады? (3 қабаттан)

Мұғалім: Сонымен бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы айқындалды. Қазылар алқасына сөз беріледі. Ойын жеңімпазына диплом, сыйлық табыс етіледі.
6 090
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Жастарды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы
XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз Шәкірттерге әділ шешім беріңіз Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - деп келе біз келесі кезең – бәйгені бастайық.
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
Алтын қақпа (сайыс сабақ)
Алтын қақпа (сайыс сабақ)
Математика пәні мұғалімі: Избасарова Сандеш Тулегеновна
Сөзмерген (Тіл  сайысы)
Сөзмерген (Тіл сайысы)
Атырау облысы, Индер ауданы, Боран Нысанбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нигметова Самал
Ойлы бала озар
Ойлы бала озар
Балаларды елін , жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×