Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әй, жігіттер, жігіттер!

22 қазан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Әй, жігіттер, жігіттер!
Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Елін, жерін, халқын сүйетін азамат болуға, батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, балдырғандар!
Болашақтың жұлдызы биік самғар.
Білімпаз боп әрқашан май күніндей,
Нұрлы жүзбен әрқашан жадыраңдар.
Құтты болсын мейрамың, қуанышың,
Орындалсын арман тілек сұранысың
Таусылмасын ырыздық несібесі
Біздің мына жігіттерге қол соғылсын.

Құттықтау сөз:
Бүгінгі 7 мамыр мерекелерің құтты болсын. Сендерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Сабақтарыңды жақсы оқыңдар.

Жүргізуші: Енді кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік.
• «Таныстырайық өзімізді» (таныстыру)
• «Сегіз қырлы бір сырлы» (өз өнерін көрсету)
• «Күш атасын танымас» (күш сынасу)
• « Шебердің қолы ортақ» ( қолөнер шеберлігі)
• «Ескірмейтін есті сөз» (сұраққа жауап)
Жүргізуші: Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен бізді
Біз қазақтың баласы – деп ақын ағаларымыз жырлағандай таныстыруға кезек берелік.

Қыздардың биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Көсем жігіт – ел басқаратын жігіт,
Шешен жігіт – дау шешетін жігіт
Батыр жігіт – еліне қамқор жігіт
Сері жігіт – аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.
Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.

Жүргізуші: Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай – дегендей жігіттеріміздің күштерін сынайық.

Жүргізуші: Жігіттің көркі өнері
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында
Дүниенің өшпес шырағы.
Ендігі кезекті қолөнерге берейік.
Келесі тағы қыздар биі.

Жүргізуші:
Ей, жігіттер!
Сендерге биік ата – салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата – баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Жігіттеріміздің өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл – ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салайық. Жігіттеріміз сұраққа жауап берсін.

Сұрақтар:
1. Доптың ортасында не бар?
2. Үстел үстінде 3 стакан су тұр, Әлия суды ішіп қойды. Неше стакан қалды?
3. Теректе 5 алмұрт өсіп тұр. 2 алмұрт түсіп қалды, неше алмұрт қалды?
4. Бір бала мектепке бара жатқанда оң жағыңда 20 үй болды, қайтқанда сол жағында 20 үй болды. Барлығы неше үй?

5.
«Темекі» деген сөзді сыйғыз.
6. Боранда тау ық бола ма?
7. Жігітке неше өнер аз?
8. Жақсы жігіт ненің көркі?
9. Біздің сыныбымызда неше орындық бар?
10. H2O нені білдіреді?
11. От басында құмған,
Екі көзін жұмған. Жұмбақтың шешуін тауып, дауысын сал.
12. Ерте тұрады,
Жар шақырады. Жұмбақтың шешуін табу.

Жүргізуші: Бұл кезекті тағыда
Қызықты ойынға берейік.
«Алма тістеу» ойыны.
Ойын шарты: Ілініп тұрған алманы қол тигізбей жеу керек.

«Отыру» ойыны
Ойын шарты: Әркім өз орындықтарын тауып отыру керек.
Жүргізуші: Құтты болсын бүгінгі мейрамдарың,
Орындалсын әрбір мақсат – армандарың
Әрқашанда жүздеріңнен күлкі кетпей,
Сабақтарыңды тек жақсыға оқығайсың! – деп кешімізді аяқтап, сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Кешімізді бимен аяқтайық.
8 053
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігітке жеті өнерде аз. Балғын сұлтан – 2019 байқауы
Жігітке жеті өнерде аз. Балғын сұлтан – 2019 байқауы
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді сахна мәдениетімен таныстыра отырып, өз өзін ұстауға, салмақтылық пен әдептілік ережелерімен таныстыруды жалғастыру.
Ал, қанеки, жігіттер сайысы
Ал, қанеки, жігіттер сайысы
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Ал, қәнеки, жігіттер» сайысына қош келдіңіздер! Қай заманда болсын, адамзат алдында тұратын ұлы мақсат пен мұраттың ең бастысы – елі мен жерінің амандығы.
Жігіт сұлтаны байқауы
Жігіт сұлтаны байқауы
Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу.
Ал, қанекей, жігіттер!
Ал, қанекей, жігіттер!
ШҚО, Аягөз ауданы, Қарағаш ауылы, Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Маткаримов Серік Сейілханұлы
Нағыз қазақ жігіті
Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Нағыз қазақ жігіті
Нағыз қазақ жігіті
Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×