Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз - думан

14 наурыз 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз - думан» атты сабақтан тыс іс шара
Мақсаты:
1. Қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
3. Білім алушыларды ұлттық салт - дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Жүргізуші:
- Армысыздар, ағайын! Бүгін, міне, біздің төл мерекеміз - наурызға қош келдіңіздер! Соған орай бүгін біздің колледждің 1 - 2 курс білім алушылары арасында «Наурыз - думан» атты мерекелік сайыс өткізгелі отырмыз. Ең алдымен сайысқа қатысатын білім алушылармен таныстырып өтейін.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Кіріспе сөз:
- Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде, әдет - ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22 - жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы, Ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт ел аралап, бір - бірінің үйлеріне кірген, наурыз көже ішіп, жастар ән шырқап, ойын - сауықпен өткізген. Наурыз мейрамын жыл басы ретінде тек қазақтар ғана емес, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, әзербайжандар да тойлаған. «Хәлім қандай десең, салтымнан санап біл» дегендей. Бүгін біз жыл басы, Жаңа жыл – Наурыз мерекесін тамашалауға шақырамыз!

1 - білім алушы:
- Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған -
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан!
2 - білім алушы:
- Тындаңыздар, тындаңыздар!
Ұлыс күні басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге!
3 - білім алушы:
- Жаңарғанын сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата - салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн!
4 - білім алушы:
- Наурыз келді, Наурыз келді, ағайын,
Құшырлана құшағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан
Әнге толды, күйге толды маңайым!
5 - білім алушы:
- Наурыз елдің ақжарылқар айындай,
Тербетілген кербез, сұлу қайыңдай.
6 - білім алушы:
- Біреуім екеу болып, мал қосылды,
Қораға бұзау, лақ, қозы толды.
Ызғарлы суық қыстың қары кеміп,
Аспаннан күн күлімдеп, шырай оңды.
7 - білім алушы:
Ұзамай қар да кетер, жаз да болар,
Сай - сала гүрілдеп суға толар,
Бөленіп жер жібекке, тың құлпырып,
Шалғынға көк орайы ауыл қонар.
8 - білім алушы:
Жол иесі бүгін келді,
Жан жайланды, кешегі көрген бейнет артта қалды.
Өмірге жаңа жолдар ашатұғын
Жаңа жыл – бүгінгі күн жаздың алды.
9 - білім алушы:
Береке күннен - күнге таси берсін,
Елімнің үстемдігі арта берсін.
Күш қосып, ұйымдасып, қоғам болып,
Ел өрлеп, ілгері аяқ баса берсін.
Рахмет сіздерге құрметті 1курс білім алушылары. Енді кезек ойын кезегі.
Ойынымыздың бірінші туры - «Бәйге».

Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»
қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы
Искакова Асем Айдарбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 640
0
  • 80
3 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
8 наурызға арналған ер жігіттер концерті
8 наурызға арналған ер жігіттер концерті
Аруларымызды, ардақтыларымызды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, осы күн туралы бірқатар қызықты ойларды ортаға салып көрейік.
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты өзін қатыстыра отырып түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×