Жол апаты айтып келмейді

Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жол апаты айтып келмейді
Білімділік мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Теміржолда, әуеде, жерде жолда жүру ережелерімен таныстыру, жол апатынан сақтандыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабырлылыққа, байқағыштыққа, қиын жағдайда қайырымды болуға, көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: „Көше және мен”, „Бағдаршам”, „Оқушылар шығармашылығы” „Баспасөз материалдары” тақырыбындағы фотостендтер, „ Көліктердің түрлері” тақырыбындағы жинақтама. т. б.

Тәрбие сағатының барысы.
Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық: Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме?- деп
Амандасып аламыз.
Сұрақ - жауап.
- Балалар, ата - анамыз қайда барады?
- Жұмысқа, базарға, көрші ауылға, басқа қалаға барады.
- Олар немен жүреді?
- жеңіл көлік, газель, автобус, поезд, ұшақпен жүреді.
Мұғалім:- Көліктер не үшін қажет? (тіл дамыту)
(балалардың жауаптарын тыңдау)
СТО технологиясы бойынша
(Венн диаграммасы арқылы оқушылардың байқампаздық қабілетін дамыту)
Алысқа жеткізеді, қыста тоңдырмайды, жазда ыстықтамайсың, киімің лас болмайды, музыка тыңдайсың, ішінде отырып тамақ шесің
Көп ақшаға сатып аласың, бөлшектерін сатып алуға, жанармай алуға ақша жұмсайсың, жол апатына ұшыратады.

Олай болса балалар көліктердің барлығы бізге үнемі пайда әкелмейді екен.
Мен сендерге жұмбақ айтамын(ойлау қабілетін дамыту)
Қатар жатқан қос білек,
Үстінен келер күш үдеп. (Жауабы: теміржол)
- Кім поездға мініп көрді? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Мұғалім: Пойызға тоқтағаннан кейін міну керек, терезеден басыңды шығаруға болмайды, поезд тоқтағаннан кейінде түсу керек, секіріп түсуге болмайды. Теміржолда да апаттар болып тұрады. Жыл сайын көптеген адамдар зардап шегіп жарақат алады. Сондықтан теміржол бойындағы апаттан да әрқашан сақ болуымыз керек. (өмір қауіпсіздігі тәрбиесін беру)

Жұмбақ: Құстан аумайды,
Көктен заулайды. (Жауабы: ұшақ)
Кім ұшаққа мініп көрді? (тіл дамыту)
Мен мініп көрдім. Басқа қалаларға барып көрдім.
Мұғалім: Ұшақта ата - анаңның қасында болу керек. Ұшақта қозғалмай отыру, белбеу тағу керек. Ұшақтың ішінде әрлі - берлі жүруге, жүгіруге болмайды. Жолаушылар мінген ұшақтар жол ережесін бұзғандықтан апат болып көптеген жолаушылар баратын жеріне жете алмай қаза болады. Сондықтан сендер ұшақта тәртіпті болуларың керек. Жол серік терінің айтқанын тыңдау қажет.
(өмір қауіпсіздігі тәрбиесін беру)
- Балалар мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын. Мұқият тыңдаңдар.
Жұмбақ:
Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та Ол не?
(Бағдаршам)
Көрініс.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мұғалім: Сіз кім боласыз? Неге көңілсізсіз?
Бағдаршам: Мені танымай қалдыңдар ма? Мен – Бағдаршаммын. Ауа - райы қолайсыз болғандықтан, қатты жел тұрып, шамдарым сынып қалды. Енді көше тәртібі бұзылып көліктер мен жаяу жүргіншілер жол ережесін бұзып жатыр. Балалар экранға назар аударайық. Не көріп тұрсыңдар: (сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу)
- Көшеде адамдар мен көліктер қалай жүру керектігін білмей бір - біріне кедергі келтіруде.
(экранға қарап өздері қорытынды шығарады)

Бағдаршам:
Мен сіздерге бір оқиғаны айтып берейін.

Көрініс.
Екі балдаққа сүйенген Есек келе жатады. Алдынан Арыстан шығады.
(Екеуі қол алысып амандасады)
Арыстан: Есек, қайда барасың?
Есек: Базарға бара жатырмын.
Арыстан: Аяғыңа не болды?
Есек: Жол апатына ұшырадым.
Арыстан: Бағдаршамға қарамадың ба?
Есек: Досыммен сөйлесіп келе жатып байқамай қалдым.
Арыстан: Есек, сен болашақта МАИ қызметкерінің кеңесін есіңнен шығарма.
Соны барлық аңдарға жеткіз. (Арыстан МАИ қызметкерін шақырады)

МАИ қызметкері: (Есекке қарап, балаларға қарап)
1. Жолда жүргенде бағдаршамға мұқият қараңдар.
2. Ата-аналарыңсыз жолға шықпаңдар.
3. Жолда доп ойнамаңдар. Жол апаты айтып келмейді.
Мұғалім: Балалар жол апатының қандай себептері бар деп ойлайсыңдар?

- жүргізуші мас күйінде көлік жүргізсе;
- қатты шаршап, ұйықтап кетсе;
- көлік бұзық болса;
- жол ережесін бұзса;
- бағдаршамға қарамаса;;
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Олай болса балалар арақ ішкен адам көлік жүргізбеу керек, қатты шаршаса ұйықтап алу керек, қала ішінде жоғары жылдамдықпен жүруге болмайды, көлік бұзық болса жөндету керек.
Жол апаты кезінде адамдарға алғашқы көмек көрсетіңдер. Ол үшін көліктегі қобдиша сендерге қызмет етеді. (жедел жәрдем келгенге дейін көмек көрсетуді үйрету)
Сұрақ: Балалар бағдаршам туралы не білесіңдер?
(шарды пайдаланып қимылды ойын ұйымдастыру.) Оқушылардың белсенділігін арттыру
Гүлназ: Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Мереке: Сары көзін ашқанда.
Қарап қалма аспанға.
Венера: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Мұғалім: Құрметті бағдаршам, біздің балалар саған көшелерге қоятын көптеген бағдаршамдар дайындап береді. (Балалар шаршыдан дөңгелек қиып алып бағдаршам дайындайды) Қол еңбегі сабағымен байланыстыру.

Бағдаршам: Сендердің жасаған бағдаршамдарыңды алып көше қиылыстарына қоямын. Сендерді жол апатынан осы бағдаршамдар құтқарады.

Бағдаршам: Кел, балалар ойнаңдар
Бағдаршамға қараңдар.
Жанған кезде көздерім,
Ережені бұзбаңдар.

Балалар: Үлкен біздің қаламыз
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам
Көшеде тұр бағдаршам.
(Балалар экранға қарайды, өз орнында тұрған бағдаршамды көреді)
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Бағдаршам - біздің досымыз. Ол бізді жол апатынан құтқарады. Бізге жиі - жиі келіп тұр.
Музыка ойналады „Балалық шақ” әні хормен айтылады.
Бағдаршам: Сендерге ризамын. Сау болыңдар.
Мұғалім жол белгілерінің түрлерімен, көліктің түрлерімен, оқушылар шығармашылығымен, баспасөз материалдарымен таныстырып қорытынды жасайды.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
  • Атасы мен немересі

    Жалпы мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіну, мазмұны бойынша көңілге түйгенін анықтау. Автор туралы білімдерін кеңейту Оқу нәтижелері 1. Атасы мен немересінің сөздеріне түсінік алады, өз ойларын айтуға ...
  • Қазақстан – менің Отаным

    Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп ...
  • И, й әріптерінің жазылуы

    Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылу. Жалпы мақсаты: «И, й әріптерінің жазылуы мен қолданылуын меңгерту оны сабақтарда қолдана білуге үйрету. Сілтеме: Электрондық оқулық, түрлі тапсырмалар, ...
  • "Елім менің" интелектуалды ойын

    Мақсаты: Білімділік: Еліміздің тарихы туралы, халқымыздың әдет - ғұрып, салт – дәстүрлерін сақтап әрі қарай жалғастыруға, еліміздің Тәуелсіздік тарихына, және еліміздің тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл ...
  • Тың игеру кезіндегі Қазақстан

    Жалпы мақсаты Тың игеру саясатының ерекшеліктері, оның табыстары мен зардаптары және аталмыш саясаттың Қазақстан халқының демографиялық жағдайына әсері туралы білім қалыптастыру.
  • Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

    Жалпы мақсаты Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді пысықтау, тиянақтау.
  • Біз мектепке барамыз

    Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы, №49 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл
  • Төменгі және жоғарғы сөреден жүгіру техникасы

    Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Идрисов Самат Қаржаубайұлы
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Қандай бәйге ұйымдастырғанын қалайсыз?
Үздік ашық сабақ
Үздік презентация
Үздік тәрбие сағаты
Үздік видеосабақ
Үздік ғылыми жұмыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 303
Қолданушылар: 5
Қонақтар: 298
Роботтар: 2
фффффф Сара Амантай Береке Балауса Толеуханқызы Арайлым Сарсембаева
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика