Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мықты болсаң, озып көр

28 қараша 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мықты болсаң, озып көр»
Мақсаты: Жас ұрпақты тәуелсіз Қазақстанымыздың ұйымшыл, еңбекқор азаматы болуға тәрбиелеу, логикалық ойлауы мен шапшаңдылық қасиеттерін дамыту. Оқушылардың әр пән бойынша білімін саралау.
Мұғалім: Ахметова Мархаббат
Сыныптар: 5 «А», 5 «Б»
Мұғалім:
Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, ойлан тап сайысына,
Білгірлері 5 «а»мен 5 «б» сыныбы шығады.

Біздің топ: «Болашақ «5 «А»сынып
Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»
Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Біздің топ: «Жасұлан» 5 «Б»сынып
Біздің ұранымыз: «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін»
Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.

Бағдарлама 5 бөлімнен тұрады.
1. Тақырып ашу
2. Ребустар және сөзжұмбақ шешу
3. Сөздерден мақал құрау
4. Логикалық тапсырма
5. Жұмбақтар шешу
Сайысқа 5 а, 5 б сыныптар арасынан 14 оқушы қатысады. Олай болса ең алдымен екі топтың білімдері мен тапқырлықтарын сынағалы отырған әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Сайысымызды бастайық. Екі топқа сәттілік тілейміз.
Жүргізуші:
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы, - деп Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай өткізіліп отырған сайысымыздың бірінші кезеңі «Тақырып ашу».
Екі топтан екі оқушы шығып конверт алу керек. Конверттің ішіндегі тақырыпқа өздерінің ой – пікірлерін ашып айту.
1 тақырып. Егемен еліміздің ертеңінен не күтесіз?
2 тақырып. Тәуелсіз Қазақстанымыздың жеткен жетістіктері туралы ой пікіріңіз.

ІІ бөлім. Ребус және сөзжұмбақ шешу
Әр топқа жеке – жеке ребус және екі топқа бірдей сөзжұмбақ беріледі.
Жүргізуші:
Ана тіліне, қазақтың ел болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан хан, билердің есімі тарихтан белгілі. Ақ пен қараның, шындық пен жалғанның, достық пен қастықтың ара – жігін ұстаған зерделі ақыл иелері, асыл сөздің шебері: Бұқар жырау, Аяз би, Жиренше шешендеріміз, Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміз «Тура биде тума жоқ» деп әділдігін айтқан, туған тілге деген тілектері бір емес пе еді?! Осы даналық сөздер, аңыз - әңгімелер, мақал – мәтелдер, ұрпақтан – ұрпаққа жетті. Бүгінгі жас ұрпақ, сендердің міндеттерің осы қасиетті сөздердің мән – мағынасын ұғыну, түсіну.

Олай болса, келесі ІІІ бөліміміз «Сөздерден мақал құрау» деп аталады.
Бұл бөлімімізде оқушыларға сөздер беріледі, сол сөздер туралы мақал – мәтелдер айтады.
Сөздер: тіл, ел, отан, өнер - білім.

ІY. Логикалық сұрақтар.
1. Стол беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады? (5)
2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 – ға тең? (1, 2, 3)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
4. Бір саннан 5 – ті азайтқанда 10 саны қалды. Ол қандай сан? (15)
5. Жанұяда 7 ер баланың бір – бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (8).
6. Есен бір күн жаяулап,
Ауылдан шықты қалаға
Қарсы келген жолықты
Дәл он екі балаға.
Әр баланың алдында
Екі – екіден лақтар бар
Әр лақтың аузында
Төрт күнбағыс дәні бар.
Қалаға осы балалар,
Қанша дән, қанша жануар
Апарар екен? – деп ойлап,
Есен басын қатырды,
Таба алмады ақыры.
Кане ойлап көрейік,
Есенге көмек берейік.
(96 дән, 24 жануар)
7. Әсел шұлық тоқып отыр,
Ләйла сабақ оқып отыр,
Сара сырмақ сырып отыр,
Нұрлан өрмек құрып отыр.
Бекен отын тасып жатыр,
Дария қазан асып жатыр,
Қуаршағын жуындырып,
Ләззат отыр киіндіріп.
Алданбайды Мұрат бірақ,
Апасынан кәмпит сұрап,
Жоқ десе де қоймай жатыр,
Бірер талға тоймай жатыр.
Қанша бала ойнап отыр?
Қанша бала тоймай жатыр? (8 бала)

V. Жұмбақтар шешу
1. Суға қайнап, сорпасы шықпас. (жұмыртқа)
2. Жас кезінде қара орман
Жыл озған сайын ағарған. (шаш)
3. күні бойы сен оны,
Екі аяқтап басасың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың. (аяқ киім)
4. Егіздер кезікпейді бір – бірімен,
Арасы екі – ақ елі бір – бірінен. (ай мен түн).
5. Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады. ( жұлдыз)
6. айдаһар аузын ашса арс етеді,
Гауһары жерге түссе, жарқ етеді. (найзағай)
7. орақ құйрық, тарақ бас,
Жас ұйқыны жаратпас. (әтеш)
8. Құрлықта жүре білмейді
Суда жүзе біледі.
Сауыт қылып үстіне
Күмісті тізе жүреді. (балық)

Жүргізуші: Қазақстан - байтақ ордам қазағым,
Тыныш болсын аспан, жерің, орманың.
Мен тілеймін тәңірімнен жалына
Бірлігі мен берекесін Ордамның – дей келе сайысымызды аяқтаймыз. Тәуелсіз еліміздің білімді де, білікті ұрпақтары боп жүре бергейсіздер.
4 723
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Информатика пән мұғалімі: Домаева Гаухар
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бегасилова Р. А.
Ақпараттық калейдоскоп
Ақпараттық калейдоскоп
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы, Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Дуйсенбинова Жанна Орынғалиқызы
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×