Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, қасиетті әліппем!

21 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қош бол, қасиетті әліппем!
1 - жүргізуші: Ақылы дария
Ойы аспан
Қариялар, Армысың!
2 – жүргізуші: Өнегелі сөздері Еркелеткен біздерді Әжелерім, бармысың!
1 – жүргізуші: Асқар таудай
Өрісі кең
Әкелерім, Армысың!
2 – жүргізуші: Ақ сүт берген
Аялаған
Аналарым, бармысың!
1 – жүргізуші: Білім берген
Саясы мол
Ұстаздарым, Армысың!
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, ата – аналар бүгін сіздер 1 «ә» класс шәкірттерінің «Қош бол, Қасиетті Әліппем!» атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!
«Әліппе» - әлемдегі бар ғылымның тұнық бастауы.
- Дүниенің тылсым құпиясын білуге деген бала құштарлығын оятуға ең алдымен «Әліппені» қалай меңгергені әсер етеді.
Ақын Мұзафар Әлімбаев «Әліппе» туралы былай жырлаған екен:
Жеміске құты тола ма?
Бір – бірлеп теріп алмасаң?
Әп – сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал: білім боларың
Шам – шырағың жолында.
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том – том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»
Әліппе - білімнің, ғылымның алғашқы жолы
- Енді шәкірттердің Әліппеден не біліп, не үйренгенін тамашалаңыздар!
2 - жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекеге
Қош келіпсіз бәріңіз де
Әліппемен қоштасамыз
Ана тілмен достасамыз
1 - жүргізуші: Қазақстан елінің
Балдырғаны боламыз
Мақтанышы болатын
Болашағы ұланбыз.
Хор: «Жарқын жүзді ұстазым!»
2 - жүргізуші: Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Барлығы: Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті, Әліппе!
Мұғалім: - Ал енді осы Әліппенің алғашқы бетінде қандай алғы сөз жазылған еді және оны кім жазған екен?
Ақарыс: «Айналайын!»
Мұғалім: - Қымбатты балалар, алғашқы қолға ұстаған Әліппені ортамызға шақырайық. Онсыз біздің тойымыз қызықсыз болар.
Бәрі: - Әліппе (3рет)
Әліппе: Армысыздар, жас достар,
Армысыздар ата – ана
Болашаққа жол бастар
Әліппеңіз мен болам
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Мұғалім: - Балалар әліппеге арнап айтатын тақпақтарың бар ма?
1 - оқушы:
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді
2 - оқушы:
А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын, айырып буынды енді.
3 - оқушы:
«Әліппе» деген – алтын жол,
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
4 - оқушы
«Әліппем», менің «Әліппем»,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
5 - оқушы:
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық тәртіпті
Ардақтайды қолдайды
6 - оқушы:
«Білім» деген бар жүгім,
«Беске» толы қоржыным.
Осылай мен меңгердім
Әліппенің бір жылың.
Мұғалім: Хор «Сәлем саған, мектебім»
Пошташы келді: - Алақай, алақай! Балаларға сендерге Астана қаласынан Аяз атадан хат келді, хабар келді! Ата ананың қандай хабар жібергенін оқығыларың, білгілерің келе ме?
Балалар: - Иә
Пошташы: - Ендеше маған «Астана» туралы өлеңді жатқа айтып беріндерші!
1 - оқушы: «Астанам»
Мұғалім:(хатты оқиды, пошташы кетіп қалады)
« - Құрметті балалар мерекелерің құтты болсын! Мен де сіздерге баруға дайындалып, қамданып жатырмын. Шыршаларының шамдарын жарқыратып жағып қойыңдар! Көп күттірмей мен де барып қалармын. Сәлем мен Аяз аталарың» - депті.
Мұғалім: - Шыршамызды жарқыратып қою үшін Әліппеден алған білімімізді, өнерімізді ортаға салайық, солай емес пе, - Құрметті Әліппен?!
- Балалар ендігі Әліппенің шарты мынадай екен. Тақтадағы сиқырлы сандардың арында әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар жазылған. Дұрыс жауап берсеңдер, құпия суретті сөз ашылады.
1 - оқушы:
Қош бол, құтты «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
2 - оқушы:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқан оқи жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім
Мұғалім: - Балалар, біздің алдымызға және бір сүйіп оқитын пәніміз «Ана тілі» келе жатыр қарсы алайық!
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме балалар? Енді мені оқып, менен білім аласыздар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер, қадірлеңдер!
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл!
Өз тіліңді құрметте!
Ана тілі: - Балалар ана сүтімен бойымызға дарыған тіліміз қалай аталады?
- Осы ана тілі – қазақ тілдерің туралы жаттаған өлеңдерің бар ма?
Әсем: «Ана тілі» өлеңін оқиды.
Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Ендеше Қазақстан біздің?
Ал, «Отан» туралы қандай өлең білесіңдер? Кәне кім айтады?
Хор «Отан»
Мұғалім: - Берілген тапсырмалардың барлығын орындадық. Енді ортамызға шыршамызды жарқыратып жағып қояйық.
Қане, бәрімізі хормен: Шырша, шырша таңырқат!
Шамдарыңды жарқырат!
Қар шашу, фейрверк шашу
Би «Жаңа жыл»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 502
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата - ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош, бол сүйікті Әліппем!
Қош, бол сүйікті Әліппем!
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна
Қош бол, әліппем!
Қош бол, әліппем!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға селосы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Досанова Ғазиза Сүлейменқызы
Қош бол, Әліппем!
Қош бол, Әліппем!
Бастауыш сынып мұғалімі: Айгерім Қалданова Құдайбергенқызы
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×