Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр достар танымдық ойыны

05 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына дайындық оқу ауысымында аудан оқушылар арасында жүргізілген «Тапқыр достар» танымдық ойыны

Мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру, шешендік өнерге қызығушылығын дамыта отырып, ой - өрісінің артуына ықпал ету, теориялық білім негіздерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Жазбаша конверттер, суреттер
Жүрісі: І. Ұйымдастыру
ІІ. Оқушыларды 2 топқа бөлу

Сайыстың кезеңдері:
1. «Таныстыруы» Топтың аты және өздерін таныстыру
2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады
Шарты: Әр топқа әріп беріледі.
Топ мүшелері сұрақтарға сол әріптен басталатын сөзбен жауап қайтарады.
Әріптер: І топқа – А, Ш, Қ
ІІ топқа – Е, С, Н
Толық жауап – 10 ұпай
Толық емес – 5 ұпай

Сұрақтар:
І топ
1. Қар қашан жауды?
2. Қыстың соңғы айы?
3. Қар жана ма?
4. Қоян неліктен қыста ақ болады?
5. Ет жемесең, түсіңе кіре ме?
6. Тауық таң атпай неге айқайлайды?
7. Бүгін кімнің туған күні?
8. Сағызды мысық кімге берді?
9. Қағазға қарамай баяндауға бола ма?
10. Түркістан қай мемлекетте орналасқан?
11. Бәйтеректің басына қандай құс ұя салады?
12. Қазақ ертегілері қалай басталады?
13. Көп ойнаған жылайтыны несі?
14. Сөйлем мүшелерінің таласы неліктен?
15. Қарға неге жем жерде қаңқылдайды?
16. Туымыздың түсі неге көк?
17. Әнші болғың келе ме?
18. Иық селкілдесе не болғаны?
19. «Дарын» деген сөзде неше дыбыс бар?
20. «Шық бермес Шығайбайсың» ғой?

ІІ топ
1. Жаздың келетіні неден белгілі?
2. Ақтауға дейін неше шақырымды жүріп өтесің?
3. «Қызыл кітапқа» дала тышқандарын жатқызу оңай ма?
4. Бүгінгі сайысқа дайындығың қандай?
5. Алдар Көсені үйге кіргізесің бе?
6. Әзілдесе несі бар?
7. «Шырағым, шығып кет» деген сөйлем жай сөйлем бе?
8. Барар жеріңе қалай жетесің?
9. Қоян қорқақ, кім батыр?
10. Атам мен әжем әңгімешіл ме, ертегішіл ме?
11. Нағыз қазақ қазақ емес,.....
12. Сот жүйесінде әділдік бар деп ойлайсың ба?
13. Қорадағы тауықты кім әкетті?
14. Түнгі 12 - де кім екен есік қаққан?
15. «Жарайсыңдар, азаматтар» деп кімге айтсам екен?
16. Тонды неге отқа тастайды?
17. Сыбырлағанды құдай ести ме?
18. Жарасымды жұп деп кімді айтамыз?
19. Көрмес кімді көрмейді?
20. Оқи берсең, кім боласың?

3 - кезең. «Сен білесің бе?»
Шарты: - Конверттегі сұраққа жауап беру. Әр жауапқа 1 минут топқа беріледі.
Оңай сұрақтар - 5 ұпай
1. Абай Лермонтовтан неше шығарма аударған? (27)
2. Копенгаген – қай мемлекеттің астанасы? (Дания)
3. «Батпан» қандай ұғым? (салмақ – 10 пұт х 16 кг = 160 кг)
4. Қай жылы Есім хан болып, Қазақ ордасын басқарды? (1598ж - 1643ж)
Орташа сұрақтар – 10 ұпай
1. Абылай ханның жасырын есімі (Сабалақ)
2. М. Әуезовтың өмір сүрген жылдары (1897ж - 1961ж)
Қиын сұрақтар – 15 ұпай
1. 1835 жылы кім дүниеге келді? (Шоқан)
2. «Социалистік Еңбек Ері» атағына ие болған жазушы? (Ғабит Мүсірепов)
Тосын сұрақ
Шешендік сөз әңгімелеп бер.

4 - кезең: «Ойлан, тап!»
Шарты: - Қағазға жазылған жасырын сөзді қимылмен көрсету.
І топ: - Арыстан, шаң, пошта таратушы, мотоцикл
ІІ топ: - Кенгуру, бу, диктор, поезд

5 - кезең «Өнерпаз болсаң...»
Шарты: - Тірек сөз беріледі, сол сөзден басталатын не ішінде сол сөз бар ән айту.

І топ: 1. Дариға....
2. Қайда жүрсем......
3. Құста болғым....
4. Асау өмір......
ІІ топ: 1. Сонда сен мені......
2. Сағындым......
3. Жазира жасыл....
4. Енді қару....

6 - кезең «Шешен адам сөз бастар» (3мин дайындық)
Шарты: - 2 топқа жасырын 1 тақырып беріледі.
Сол тақырып бойынша өзінің сөйлеу, ойын жеткізу, мәтін құрау, ауызша айту
І топ: «Ғылым таппай мақтанба» Абай Құнанбаев
ІІ топ: «Әркімнің туған тілі – туған шеше» С. Мұқанов

ІІІ. Сайысты қорытындылау.
Топтарды марапаттау.

Сайыс сұрақтары
Абай Лермонтовтан неше шығарма аударған?
Копенгаген – қай мемлекеттің астанасы? (Дания)
«Батпан» қандай ұғым?
Қай жылы Есім хан болып, Қазақ ордасын басқарды?
Абылай ханның жасырын есімі
М. Әуезовтың өмір сүрген жылдары (1897-1961)
1835 жылы кім дүниеге келді? (Шоқан Уәлиханов)
«Социалистік Еңбек Ері» атағына ие болған жазушы?
3 573
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Міндеттері: 1.Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; 2.Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
Тапқыр достар сайысы
Тапқыр достар сайысы
Оқушылардың білімділік, шешендік, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау селосы, Қарабау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Куанышева Арайлым Женисовна
Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын)
Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын)
Қызылорда облысы, №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің Ән - әуез пәні мұғалімі: Қожарипова Айгүл
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
Тапқыр достар (сайыс)
Тапқыр достар (сайыс)
Қарағанды қаласы, Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ЖББОМ мұғалімі Искакова Назира Сайлаухановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×