Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздіктің ақ таңы

15 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Тәуелсіздіктің ақ таңы» (Әдеби монтаж ретінде құрастырылған тәрбие сағаты )

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға қазақ халқының бастарынан кешкен қиындықтар мен күрестер туралы айта отырып, желтоқсанда өз өмірі, ерлігімен үлгі болған аға - апалары туралы айтып, оларды әрқашанда жадыларында сақтап, өз елдерінің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу. Елінің ерлерін мақтан тұтуға тәрбиелеу; Бойларына адамгершілік, отаншылдық қасиеттерін дамыту.

Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты.
Көрнекіліктер: бейнефильм, слайд «Тәуелсіздіктің ақ таңы»,. шарлар мен флажоктар

Оңтайлы күйге келу сәті.
Тақтада «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты слайд жүріп тұрады. Оқушылар тақпақ оқығанда ақырын музыка ойнап тұрады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. (Тәуелсіздік деген не, қазақ халқының қолы бостандыққа қалай жетті, қандай батырларымен мақтана алатыны жайлы айтып өтеді, Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оқушыларға сөз береді)

Жүргізуші: — Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ата - аналар! Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Әнұранды орындау

1 - жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Кеңес империясының тоталитарлық режиміне тұңғыш рет қарсылық ретінде тарихта қалды. Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 27 жыл толып отыр.

2 - жүргізуші:
«Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен алаш арыстарының бәрі де қуғын сүргінге ұшырады. Желтоқсан құрбандары – аға – апаларымыз да, олардың ерліктері де мәңгі есімізде жатталып қалмақ.

1 оқушы:
Қалмады жалын жастық басқа амалы,
Шалқайды империя тас қамалы.
Қазақтың тәуелсіздік алған күні,
Ызғарлы желтоқсаннан басталады.

2 оқушы:
Ашу - ыза қайнауының жетті олар шегіне,
Көтерілді бүкіл жастар жалын болар еліне.
1986 боялды жастар қанымен,
Желтоқсанның он алтысы есте қалар жанымен.

3 оқушы:
Рысқұлбеков Қайрат еді ереуілдің басында,
Асанқызы Ләззат пенен Әлия бар қасында.
Аямады ешқайсысын, ереуілді бастаған,
Қазағымның жастарын ажал отына тастаған.

4 оқушы:
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.....
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен жер.
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер....

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 091
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
"Тәуелсіздіктің арайлы таңы"
"Тәуелсіздіктің арайлы таңы"
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Махамбетова А.
Атты, міне, азаттықтың ақ таңы!
Атты, міне, азаттықтың ақ таңы!
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ақалтын ауылы, «Ақалтын» жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Сахова Клара Байдосқызы
Тәуелсіздіктің ақ жолы
Тәуелсіздіктің ақ жолы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда орта мектебі информатика пәні мұғалімі Малаева Индира Жақсылыққызы Тәуелсіздік күніне арналған слайд "Тәуелсіздіктің ақ жолы" 1,2
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×