Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік тұғыры – тіл

19 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры – тіл»
Мақсаты: білім алушылардың тіл туралы білімдерін ұштастыра отырып, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, ой шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып, сөз еркіндігіне баулу.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Сәлеметсіздер ме, бүгінгі «Алтын қақпа» ойынына қатысушы білім алушылар мен қадірлі қонақтар!
Сабағымызды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» деген сөздерінен бастап,
мына жұмбақты жасырайын:
- Дүниеде не ащы?
- Дүниеде не тәтті?
- Дүниеде не қатты?
- Әрине, ол ТІЛ

Ендеше, балалар, бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры – тіл».
Ойынның шарты: Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең «Темір қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең - шешуші кезең «Алтын қақпа» деп аталады. Сұрақтар салмағы әр кезеңінің атауына байланысты болады. Мысалы, «Темір қақпада» сұрақтар сәл жеңілдеу болса, «Күміс қақпада» сұрақтар алдыңғы кезеңге қарағанда күрделене, қиындай түседі. «Алтын қақпаның» сұрақтары болса, алдыңғы екі қақпаның да сұрақтарынан салмақты, алтындай бағалы болады.
- Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті болса, ойынымызды бастадық. І кезең - «Темір қақпа».

Сұрақтарға жауап берейік.
1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж)
2. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)
3. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады және оларды қашан қабылдадық? (ту, елтаңба, әнұран 1992 жылы қабылдадық).
4. Қазақстанның даму стратегиясы жазылған бағдарлама? (Қазақстан - 2030)
5. Қазақстанның ұлттық валютасы қашан айналымға енді? (15 қараша, 1993 жылы)
6. Елімізде алғашқы президент сайлауы қашан болды? (1991ж. 1 желтоқсанда)
7. Қазақ халқының үш биін атыңыздар. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
8. Қай тіл біздің елде ресми тіл болып саналады? (орыс)
9. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? (1889 жылы)
10. ҚР Тіл туралы Заңы неше тараудан, неше баптан тұрады? (Тіл туралы Заң VІ тарау, 27 баптан тұрады).

- Балалар, үшінші кезеңіміз «Алтын қақпа» деп аталады. Бұл қақпаның жүгі ауыр, себебі, алда – «Тіл» қазынасы бар. Олай болса тапсырма да күрделі.
1. Сөздің көркі мақал. Тіл туралы мақал - мәтел айту.
1.... – қылыштан да... (Тіл, өткір)
2.... – тас жарады, тас жармаса да бас жарады. ( тіл)
3.... қорлау – халықты қорлау (Тілді)
4. Басқа пәле -.... (тілден)
5. Өнер алды қызыл -... (тіл)
6.... – жоқ жерде, ұлт жоқ. (тіл)

2. Тіл туралы өлең жолдарынан үзінді айту.
Абылай: Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім,
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

Қылышбек: Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.

Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 533
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтап, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Алтын қақпа интеллектуалдық - танымдық ойыны
Алтын қақпа интеллектуалдық - танымдық ойыны
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Алтын қақпа ойыны
Алтын қақпа ойыны
Оқушылардың төрт түлік мал туралы білгендерін бір жүйеге келтіріп, толықтыру. Олардың адам баласына тигізер пайдасы туралы айту.
«Алтын қақпа» сайыс сабағы
«Алтын қақпа» сайыс сабағы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада Ибадуллақызы
Алтын киік
Алтын киік
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Елубаева Гүлсезім Құрманғазықызы
4-ке көбейту мен бөлу
4-ке көбейту мен бөлу
Санды 4-ке көбейту және бөлуді пысықтау. Оқушылардың кестелік көбейту және бөлуге байланысты білімдерін толықтыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×